Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


Казактар отарлауын зерттеу проблемалары



Pdf көрінісі
бет8/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

Казактар отарлауын зерттеу проблемалары. 
Қайшылыққа толы әрі казак 
хал кына өте ауыр тиген Қазакстанды отарлау болған үрдісі жүз жылдан астам 
уакытка созылды. К азак отаршылдытын зерттеу те алташ назар аударгандар- 
дын, бірі П. Г. Галузо болды. Оның «1867—1914 жылдардағы К азакстанның 
оңтүстігіндегі аграрлық катынастар» деген еңбегінде (А., 1965) осы аймакты 
казактардың отарлауы туралы мәліметтер бар. Авторды толғандырған мәсе- 
лелер аукымына мыналар: жетісу казактарының калыптасуы мен дамуының 
негізгі кезендері, казактардың жер игеруінің дамуы, казактардың жылкы саны 
бойынша, жер игеру ж әне егістік алкабының көлемі бойынша жіктелуі, ста- 
ницалардағы қанау нысандары жатады. Бұл проблемаларды зерттеу едәуір 
көп статистикалы кж әне мұрағатты к материал та тана емес, сонымен катар 
Н. 3. Леденев, М. Хорошхин, Ф. М. Стариков, С. Н. Белецкий, А. А. Кауфман 
және баскалардың да бұрын жарияланган еңбектеріне негізделген. П. Г. Галу- 
зодан кейін, 35 жылта шекті казактар проблемасы талымдар назарын аудар- 
май келді, тек соңты жылдарда, қазіргі демографиялык проблемаларга жэне 
Казакстанда казактардын жандануына тытыз байланысты мэселе кайтадан 
көкейкестілік сипаталды. Көптеген жарияланымдар арасынан біз екі еңбек- 
ке: М. Әбдіровтің «Қазакстан казактарының тарихы» (А., 1994) ж эне Т. Б. 
М и троп ольскаян ы ң «Ж етісу казактары тарихы нан» (А ., 1997) деген 
еңбектерінетокталып өтейік.
М. Әбдіров өзінің алдына: казак даласына алташқы орыс казактарының 
келу уақытын, өлкедегі отаршылдык үстемдік жүйесінде казактардын, алатын 
орнын, казактардын Казакстанды жаулап алуга жэне казакхалкының XVIII— 
XIX гасырлардагы ұлт-азаттық көтерілістері мен козгалыстарын казактар­
дын басып-жаныштауда аткартан рөлін анықтауды міндет етіп койтан. 
Мәселенің бұлайша койылуы патшалық Ресейдің он бір казак өскери жаса- 
гыныңтөртеуі: Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу казак өскери жасактары- 
ныңтікелей Казакстанда орналасуына байланысты. Астрахан казак әскери 
жасагы тікелей Бөкей Ордасына жакын жерде болды.
Проблеманы зерттеу нәтижесінде автор мұнда казактар үш міндет: 1) ең 
жақсы ж әне кұнарлы жерлерді жаппай тартып алу, казактарды шел далага 
ытыстырып шытару, казақтардың дәстүрлі көші-кон аймагын тарылтып, сол 
аркылы гасырлар бойы калыптасқан шаруашылык үрдісін бұзу; 2) әскери 
жорыктар кезінде мал атаулыны жаппай айдап әкету, сөйтіп казактарды 
негізгі тіршілік көзінен айыру; 3) бейбіт ауылдарга нак сондай тонаушылык 
шапкындар кезінде көшпелілердің ең басты тіршілік тұткасы ж әне өскери 
күші — ер адамдарды жаппай кырып-жою мен колта түсіру міндеттерін орын- 
дады деген қорытындыта келеді. «Бірге, біртұтас алып Караганда, олар казак 
халкына карсы этноцидке көшу сатысындаты геноцидті білдірді» (140-6.).
Бірегей этнологиялық үрдіс ретінде казактарды н бүкіл тарихын М. Әб- 
діров накты екі кезенде, оларды ң тарихи тұтасуы мен какты гы суы ке- 
зендерінде қарастыруга болады деп санайды. Біріншісі — М онтолиядан Ду- 
найга дейінгі ұлы дала белдеуінің к ең -бай так ауматында орта гасы рлар 
дөуірінде (V I—XVI гг.) пайда болтан ежелгі түрік күбылысы ретіндегі к а­
зактар. Екіншісі — оңтүстіктегі ж ән е оңтүстік-ш ы ты стагы далада бұрын 
осында өмір сүрген түрік халкы ны ң ішкі ресейлік негізі ы кпалы м ен кө- 
бінесе славян казактары ны ң калыптасуы.
Т. Б. Митропольскаяның еңбегі бір аймакпен — Жетісумен шектеледі. К а­
зактардын калыптасуы туралы мәліметтерге коса, автор казактар арасында
23


1917—1920 жылдар аралығында болған окиғаларды егжей-тегжейлі баяндап, 
оларды «Екі диктатура арасында» деп атайды. Автордың айтуына Караганда, 
патша өкіметінің кұлауы туралы хабарды жетісулықтар «монархияга адал 
берілгендік» немесе «либералдардың оң қанатына сенім» көрсетпей қарсы 
алған.37 Петроградта, Мәскеуде, Ташкентте және баска да революциялық ор- 
талықтарда казактар көпшілігінің бейтараптығы большевиктерге пайдалы 
болып шықты.38 Казактардың 1917 жылғы өрекеттерін зерделей келіп, автор 
1918 жылғы 4 наурызда Верныйда Уақытша үкімет комиссарлары өкіметінің 
құлатылуы мен Кеңес өкіметінің орнатылуына байланысты корытынды шы- 
ғарады. Корыты нды сы ндатақы ры пты ңаз зерттелген, автор анықтаған про- 
блемалардың тізбесі келтіріледі, олардың ішінде казаксыздандыру да бар. 
«Кеңес өкіметі органдарының казаксыздандыру деп аталған әрекеттері, — деп 
нақтылай түседі автор, — мемлекеттік мекемелер ретінде казак әскерлерін 
таратудан гөрі, сословиені жою мен жер игеру реформасынан гөрі, Ресейдің 
өмір шындығынан казактарды әлеуметтік-этникалық кұрылым ретінде сы- 
зып тастау әрекеттерінде болатын».39
Көріп отырғанымыздай, казактар самодержавиеніңтірегі мен корғаны бола 
отырып, оның Қазақстандағы идеялары мен ниеттерін жүргізушінің елеулі 
рөлін атқарған. Сонымен бірге орыстың коныстанушы деревнясынын өкілдері 
ретінде де казак тұрғындарының Қазакстандағы қоныстану аймақтарын игере 
отырып, өзара ықпал ж әне өзара іс-кимыл жасау негізінде казак халқымен 
шаруаш ылык-экономикалық, мәдени араласу үрдісін тездете түскенін атап 
өткен жөн.
Көптеген өлкетанушылықеңбектердің арасында В. А. Терещуктің «Көкше- 
тау туралы әңгімелер» деген кітабы ерекше. Кітаптың «Казактар — патша 
өкіметінің сенімді тірегі» деп аталған бөлімінде автор оларға «патша үкіметі 
бүлік шығарган бүлікшілерді бағындыру, бүкіл қырғыз-кайсақхалкын жоға- 
ры монарх қолына карату жөніндегі үмітті жүктёді» деп атап көрсетеді.40 
В. А. Терещук казактардың казақтарға ғана емес, қоныс аударушы мұжықта- 
рға да менсінбей қарағанын баяндайды. «Казактарға жалпы жұрт назарының 
аударылуы, кейде оларға етпеген еңбегін, жасамаған ерлігін жөн-жосықсыз 
таңа салу олардың арасында өздеріне деген зор сенім, жеңілісті білмеу, ерлік 
рухын туғызды. Олар өздерін бұрынғысынан да күшті даңққа бөлеп, патша 
мен Отанға жан сала қызмет ететін, орыс шебін қорғаушылар ретінде көрінуге 
ұмтылды. Сондықтан әрбір ретге дабыл алғашқы қағылғаннан кейін аттарына 
ер салып, дипломатия, зандар, халық тілегі дөрменсіз болған жерге шауып 
жететін».41
Сонымен тарихнамада XVIII—XIX ғасырларда Ресей империясының Қазақ- 
станды жаулап алуын айқындаушы проблемалардың бірі ж әне кең-байтақ 
аумақты отарлықшет аймаққа айналдыру көрсетілді. Бұл бір жолғы саяси акт 
болған ж ок, оның нысаналы ж әне үзақ уақыт жүргізілуі қазақ қоғамының 
тарихы мен өмірінің барлық жақтарына ықпал жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет