Ш. Т., Арыстангалиева В. Т., Панищева О. А. Инклюзивті білім беру Инклюзивное образование Оқу-әдістемелік құралы Орал, 2020 2



Pdf көрінісі
бет14/84
Дата23.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#59197
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84
 
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. 
Есту бұзылыстарының себептерін атаңыз? 
2. Есту бұзылыстары бар тұлғалардың негізгі категориялары 
қандай? 
3. Есту бұзылыстары бар тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері 
қандай? 
3.2. Көру қабілеті бұзылған балалар 
Мазмұны: 1. Көру қабілеті бұзылған балалардың 
сипаттамасы. 
2. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту 
және тәрбиелеу ерекшеліктері. 
 
Мақсаты: 
Көру 
қабілеті 
бұзылған 
балалардың 
психологиялық-педагогикалық 
сипаттамасымен танысу.


37
1. 
Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды 
оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейтін ғылымды – 
тифлопедагогика деп атайды. 
Көруі бұзылған тұлғалар, соқырлар және нашар 
көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік 
бұзылысты қамтиды. Бұларда көріп қабылдаудың 
шектеулілігі анық байқалады. Болу себептері көруі бұзылған 
тұлғалардың бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр, 
көруі бұзылған, жүре бара пайда болу. 
Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан, 
зақымдану әсерінен, созылмалы ауруға шалдығудан 
болады. 
Жүре бара:көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің 
жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға ұшырауы 
(әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің 
жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы). Көруі бұзылған 
тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста 
өзіндік сипаты анық байқалады. Көруі бұзылған тұлғалар 
соқырлар, нашар көретін.Көру ақаулығының болуы жалпы 
жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. 
Соқырлар - көру қабілетінен мүлдем айырылған 
тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған 
тұлғалар. Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және 
практикалық 
соқыр. 
Абсолюттік 
соқырларды 
кей 
әдебиеттерде тотальдік деп атайды. Бұл екі көзі соқыр 
көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату 
және жарықты түйсінуі болмайды). Ал практикалық соқыр 
бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай 
алады. Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату, 
оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады. 
Нашар көретіндер - көруі бұзылған тұлғалар, бірақ 
көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар. 
Бұларға кеңістікті бағалау қиынға түседі. Жалпы көру 
талдағышы іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек) және айналадағы 
ортамен қарым-қатынаста негізгі орын алады. Көруі 
бұзылған тұлғаның айналадағы ортамен қарым-қатынас 
жағдайы қалыс қалады, кеңістікті бағдарлай алуы 
бұзылады. Ұғым түсініктер жайындағы білімнің қалыптасуы 


38
заттармен іс-әрекеттік қызметі, эмоциялық ерік сапасы, 
еңбекке бейімделу әлеуметтік комуникациясы бұзылып 
келеді. Бұл тұлғалармен арнайы жұмыс жүргізу қажет болып 
табылады. Көруі бұзылған тұлғалардың оқу және жазу 
әрекетінде қиындыққа ұшырауы байқалады. Дер кезінде 
көру бұзылысын түзету бойынша алдын-ала шаралар 
өтілмесе, көру ақаулығы асқына түседі. Көруі бұзылған 
тұлғалармен түзету жұмысын жүйелі жүргізуді қажет етеді. 
Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлігі болып 
табылады. Тифлопедагогиканың негізін салушы француз 
ғалымы В.Галюи және Д.Дидро болып табылады.19ғ. 
бойынша 
соқыр 
балаларға 
арналған 
мектептер 
ашылды.1917 ж. Қазан революциясынан кейін соқыр 
балаларға арналған халықтық білім беру жүйесінің қосымша 
бөлігі болды. 
1928ж. 1-ші советтік соқыр балаларға арналған мектеп 
программалары шығара бастады. 30 жылдардың басында 
нашар көретін балаларға арналған топтық жалпы білім беру 
мектептерінде алғаш кластар пайда болды. Ал,30 
жылдардың аяғында нашар көретін балаларға арналған 
тұңғыш мектептер ашылды. Бұл жаңа бағыттың дамуына 
Ю.Жаринцова өз үлесін қосты. Сол уақыттан бастап осы 
мектептерде физика,математика,жаратылыстану пәндері 
оқытыла басталды. Жалпы осы тифлопедагогикаға өз 
үлесін қосқан және де көптеген әдістемелерін өңдеуде 
Б.И.Коваленконың маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет