1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина
ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА
ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША
(ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА)
АНАЛИЗ ДЕЙСТВУЮЩИХ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ КАК ОСНОВЫ
ДЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО
ПЕРЕХОДУ НА ТРЕХЪЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
(АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА)
Астана
2016
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 21 қаңтардағы № 1 хаттамасы)
Рекомендовано к изданию ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 1 от 21 января 2016 года)
Үш тілді білім беруге өту бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру
үшін негіз ретінде қолданыстағы оқу бағдарламаларына талдау жүргізу
бойынша (талдамалық анықтама). – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2016. – 25б.
Анализ действующих учебных программ как основы для организации
подготовительной работы по переходу на трехъязычное образование
(аналитическая справка). – Астана: Национальная академия образования
им. И. Алтынсарина, 2016. – 24 с.
Аналитикалық
анықтамалық
материалдар
білім
беру
ұйымдарыныңпедагогтарына, басшыларына, республикалық, облыстық
(қалалық) біліктілікті арттыру және педагог кадрларды қайта даярлау
институттарының әдіскерлеріне, көптілді білім беру саласының мамандарына
ұсынылады.
Аналитическая справка адресована педагогам, руководителям организаций
образования, методистам республиканских, областных (городских) институтов
повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров,
специалистам в области полиязычного образования.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2016
© Национальная академия
образования им. И. Алтынсарина, 2016
3
Мазмұны
Кіріспе ....................................................................................................
4
1
Қолданыстағы МЖМБС-дағы тілдік пәндердің орны, рөлі және
көлемі .....................................................................................................
5
2
Тілдік пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мақсаты, міндеті
және мазмұны…………………………………………………………
9
3
Үштілді білім беру контекстінде тілді оқытудың ерекшеліктері ....
16
4
Үштілді білім беру мақсаты мен міндеттеріне тілдік пәндер
бойынша оқу бағдарламалары мақсаты мен міндеттерінің
сәйкестігі………………………………………………………………
19
5
Үштілді білім беру мақсаты мен міндеттеріне тілдік пәндер
бойынша оқу бағдарламалары мазмұнының сәйкестігі……………
20
Қорытынды ............................................................................................
23
Пайдаланылған әдебиеттік дереккөздер .............................................
25
4
Кіріспе
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың
ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып
табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды
қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттарының бірі – білім беру процесінің
барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына
тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған
азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
2013-2014, 2014-
2015 оқу жылдарында Қазақстан Республикасының орта
білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген
оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды [2-3].
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2014 жылдан бастап оқу жетістігін сырттай
бағалау рәсімі шеңберінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығы
тексерілді. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы орта білім беретін мектеп
оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелерін
(оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама -
PISA), 4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану
саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS), («Оқу және мәтінді түсіну
сапасын зерделеу») (PIRLS) және жаратылыстану-математика пәндері бойынша
білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесін арттыру
мақсаты қойылды. 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ»аттыҚазақстан халқына Жолдауында«…барлық дамыған
елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыс жүргізілуде, өйткені орта
білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Сонымен қатар, мектеп
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту
нәтижесі оқушылардың сындарлыойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең
талдау машығын игеру болуға тиіс» деп айтылған. Сондықтан Оқу
бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында қолданыстағы Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты(2012) мен оқу бағдарламасына (2013)
талдау жасауды қарастырдық.
Сондай-ақ, үштілді білім берудің нормативтік және құқықтық базасын
жетілдіру мақсатындағы Жол картасы қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты(2012) мен оқу бағдарламаларына (2013) талдау
жасауды қарастырды. Сараптамалықанықтамада зерттеудің нәтижесі көрсетілген.
5
1 Қолданыстағы МЖМБС-дағы тілдік пәндердің орны, рөлі және көлемі
Қазіргі уақытта елдегі білім беру ұйымдарында білім беру қызметі:
−
орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
−
типтік оқу жоспарларына;
−
орта білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының өкілетті
органдарымен белгіленген тәртіпте бекітілген басқа да нормативті құжаттарға
сәйкес жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартта білім беру саласындағы біртұтас
мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға маңызды рөл бөлінеді. Орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (әрі қарай ОБ (бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім беру) МЖМС:
-
орта білім берудің жалпы нормаларын, құрылымын жәнебазалық
(міндетті) мазмұнының құрамын анықтайды;
−
білім алушылардың оқу жүктемелерінің көлемін, білім беру процесін,
бақылау жүйесін және білімді бағалауды ұйымдастыру жағдайын реттейді;
−
жалпы білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
−
білім беру процесін жүзеге асыру жағдайына қойылатын талаптарды:
мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді қолдану, жалпы білім беру ұйымдарын
материалды-техникалық базаларын нормативті қамтамасыз ету және білім
алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудыбелгілейді[1].
Қолданыстағы ОБ (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) МЖМС
«
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт білім берудің барлық
деңгейлерінде (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) тілдік
пәндерді қамтитын «Тіл және әдебиет» білім саласын құрайды.
Тілдік пәндерге:
−
«Сауат ашу (оқу, жазу)»;
−
«Әдебиеттік оқу»;
−
«Қазақ тілі»;
−
«Қазақ әдебиеті» (оқытуы қазақ тілінде және қазақ тілінде емес жалпы
білім беретін ұйымдар үшін);
−
«Руский язык»;
−
«Русская литература» (орыс тілінде жалпы білім беретін ұйымдар
үшін);
−
«Орыс тілі»;
−
«Орыс әдебиеті» (оқытуы қазақ тілінде және оқытуы қазақ тілінде емес
жалпы білім беретін ұйымдар үшін);
−
«Шетел тілі» жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын
жалпы білім беретін ұйымдарда «Тіл және әдебиет» білім саласына осы
6
этностың «Ана тілі мен әдебиеті» қосымша енеді.
Нақты этностың шоғырланып орналасқан жерлерінде олардың тілін оқыту
мәселесін шешу білім саласындағы жергілікті атқару органдары құзырына
беріледі. «Ана тілі» («Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі») мен «Әдебиет»
(«Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») пәндері үлгілік оқу
жоспарының инварианттық компонентіне енеді.
Білім алушылардың тілдік дайындық деңгейіне қойылатын талаптар келесі
нәтижелердіқұрайды (қолданыстағы ОББ МЖМС бойынша):
−
мемлекеттік және ана тілді меңгеру;
−
тілдікқарым-қатынастың жоғары мәдениетін көрсету;
−
дамыған коммуникативтік қабілет пен көптілді мәдениетті меңгеру.
Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспектіні қамтып бағаланады:
−
тұлғалық нәтижелер;
−
жүйелі-қызметтік нәтижелер;
−
пәндік нәтижелер.
Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының құрамдас
бөлігі болып табылатын үлгілік оқу жоспары оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін
регламенттейді және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің
инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы8
қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген оқу жоспары бойынша «Тіл және
әдебиет» білім беру саласы бойынша оқу пәндерінің инварианттық көлемі білім
берудің тиісті деңгейлерінің жалпы инварианттық оқу жүктемесінен 22%-49%
құрайды (1-сурет):
1-
сурет – «Тіл және әдебиет» білім беру саласының инварианттық көлемі (білім
берудің тиісті деңгейлерінің жалпы инварианттық оқу жүктемесінен)
Дереккөз: Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы№ 500 бұйрығы
БО (оқыту
қаз. тілінде)
7
Сонымен қатар, үлгілік оқу жоспарының талдауы негізгі мектептегі үш тіл
бойынша оқытудың оқу жүктемесі келесі көлемде бөлінгенін көрсетті: қазақ
тілі – 50%, орыс тілі–31% және ағылшын тілі – 19% (1-кесте).
1-
кесте – Үлгілік оқу жоспары бойынша (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) «Тіл және әдебиет» білім саласы көлемін (ак.сағ оқу жүктемесі)
бөлу
Білім беру
деңгейлері
С
ау
ат
а
ш
у
(о
қу
, жа
зу
)
Қ
аз
ақ
ті
лі
Ә
де
би
ет
ті
к
оқу
Қ
аз
ақ
әд
еб
ие
ті
Ру
сс
кий
яз
ык
Ру
сс
ка
ял
ит
ер
а
ту
ра
Ш
ет
ел
ті
лі
Ба
рл
ы
ғы
Бастауыш
(
қ. т. оқытатын)
231
408
408
136
135
1318
Бастауыш
(
орыс т. оқытатын)
231
406
408
408
135
1588
Негізгі орта
(
қ.т. оқытатын)
442
408
340
170
340
1700
Негізгі орта
(
орыс т. оқытатын)
680
170
476
340
340
2006
Жалпы ортаҚГБ
(
қазақ т. оқытатын)
136
170
136
102
272
816
Жалпы ортаҚГБ
(
орыс т. оқытатын)
272
68
136
170
272
918
Жалпы ортаЖМБ
(
қазақ т. оқытатын)
68
136
68
68
136
476
Жалпы ортаЖМБ
(
орыс т. оқытатын)
272
68
68
136
136
680
БАРЛЫҒЫ
462 2684
816
1020 1768
986
1766
9502
Сондай-ақ, типтік оқу жоспарының талдауы көрсеткендей үш тілде
оқытатын негізгі мектептегі оқу жүктемесі төмендегідей көлемге бөлінген:
қазақ тілі – 50,0%, орыс тілі –31,0% және шет тілі – 19,0% (2-сурет):
8
2-
сурет –«Тіл және әдебиет» білім саласын Типтік оқу бағдарламасы бойынша
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) көлемді бөлу (ак. с. оқу
жүктемесі)
50%
31%
19%
қазақ тілі
орыс тілі
шет тілі
9
2
Тіл пәндері бойынша оқу бағдарламасының мақсаты, міндеті және
мазмұны
Мектептегі тіл пәндерін оқытудың мазмұнын айқындайтын құжат – оқу
бағдарламасы болып табылады.Соңғы уақытта бұл құжаттың ерекшелігі оны
құрудағы көпшілік мақұлдаған талаптардың сақталуы барысында білім
концепцияларына (білімдік тәсіл) бағытталуда. Атап айтсақ, бұл жерде
тақырыптың бірізділігі (дидактикалық бірлік) пен оны оқып-үйренудегі уақыт
мөлшері ұсынылады. Оқу материалы оқу жылдары бойынша және әр сыныптың
ішінде орналастырылған.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен
(2013ж. 3-сәуір №115) бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы жалпы білімдік
пәндердің мақсатын, міндетін және мазмұнын анықтайды, оның ішінде
Қазақстандағы білім мекемелерінде оқытылатын тіл пәндері де бар.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейініңтіл пәндері
бойынша оқу бағдарламаларының сипаттамасына тоқталайық.
Бастауыш білім деңгейінің тіл пәндері бойынша оқу бағдарламасының
мақсаты, міндеті және мазмұны(МЖМБС 2012ж.)
Үлгілік оқу жоспары бойынша бастауыш білім деңгейінде тіл пәндері төрт
жылға бөлінген (2-кесте):
2-
кесте –Бастауыш білім деңгейіндегі сыныптар бойынша тіл пәндерін бөлу
қазақ тілінде
оқыту
орыс тілінде оқыту ұйғыр, өзбек,
тәжік тілдерінде
оқыту
1-
сынып Сауат ашу
(оқу, жазу)
Шет тілі
Сауат ашу
(оқу, жазу)
Қазақ тілі
Шет тілі
Сауат ашу
(оқу, жазу)
Қазақ тілі
Шет тілі
2-
сынып Қазақ тілі
Әдебиеттік оқу
Шет тілі
Орыс тілі
Әдебиеттік оқу
Қазақ тілі
Шет тілі
Ана тілі
Әдебиеттік оқу
Қазақ тілі
Шет тілі
3-
сынып Қазақ тілі
Әдебиеттік оқу
Орыс тілі
Шет тілі
Орыс тілі
Әдебиеттік оқу
Қазақ тілі
Шет тілі
Ана тілі
Әдебиеттік оқу
Қазақ тілі
Орыс тілі
Шет тілі
4-
сынып Қазақ тілі
Әдебиеттік оқу
Орыс тілі
Шет тілі
Орыс тілі
Әдебиеттік оқу
Қазақ тілі
Шет тілі
Ана тілі
Әдебиеттік оқу
Қазақ тілі
Орыс тілі
Шет тілі
10
«Ана тілі» пәнін оқытудың негізгіміндеті – тілдік және коммуникативтік
құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады, табысты шешім оқытудың
соңғы нәтижесіндегі жетістіктерге байланысты болады:
−
жеке бас: азаматшылыққа, патриотизмге тәрбиелеу, қарым-қатынастың
негізгі құралы тілге құрметпен, ықыласпен қарауға тәрбиелеу; ана тіліне және
мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігі пен қызығушылығын ояту;
−
пәндік: жүйелі сөзді дамыту, оқушылардың сөздік қоры мен сөздегі
грамматикалық құрылымын байыту; дайындығын, ана тілін меңгеруде өздігінен
жетілуге, сөздік қатынасқа деген қабілеті мен қажеттілігін қалыптастыру; орыс
тіліне деген негізгі білімін, оның құрылысын, орыс әдеби тілінің негізгі
нормаларын меңгеру;
−
жүйелік-қызметтік: тіл фактілерін байқау, тану, талдау, жіктестіру
(топтау), оларды қалыптылық жағынан бағалау;мәтінмен жұмыс істей алу,
мәтіннен қажетті ақпаратты ала алу, берілген тапсырмаға сәйкес қайта жасай
алу; өзіндік талдамжасай алу ептілігін дамыту.
Әр тілдің, тіл мәдениетінің өз ерекшелігіне байланысты «Ана тілі»пәнінің
мазмұны да бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Мысалы, «Қазақ тілі» пәнінің
мазмұнында «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз
және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары» сияқты бөлімдер бар.
«Орыс тілі» пәнінің негізгі мазмұны оқытудың соңғы үш нәтижесінің
жетістіктеріне бағытталады: оқытудың пәндік нәтижесінің грамматикалық
минимумы, жүйелі мәтіндер тақырыптары; оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытуға бағытталған жалпылама оқыту іскерлігі.
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 1-4 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәні
(оқытылуы қазақ тілінде емес) оқушының көптілді тұлғасын қалыптастыруға
мүмкіндік бере отырып, қазақ тілінде әрекеттесуге және мәдениаралық
қатынасқа қабілетті, мемлекеттік тілді меңгеру үшін қарапайым негізді
ұсынады.
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 1-4 сыныпқа арналған (оқытылуы қазақ
тілінде емес) «Қазақ тілі» пәні:
−
бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілін үйренуге деген уәжін
қалыптастыру;
−
тілге, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне дұрыс қарым-қатынасты
дамыту;
−
мәдениаралық қатынаста балаға қазақ тілінде араласуға нақты жағдай
жасау;
−
қазақ тілін оқып-үйренуде оқушыны қызықтыра отырып, жеке мінез-
құлқындағы дербестігін қалыптастыру.
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 3-4 сыныпқа арналған «Орыс тілі» пәні
(оқытылуы орыс тілінде емес) «Тіл және әдебиет» саласына кіреді. Мектептегі
білім жүйесіндегі орыс тілі пәнінің рөлі көпұлтты мемлекеттегі ұлтаралық
қатынас тілі ретінде атқарылады.
Білімнің бастапқы деңгейінде орыс тілін оқытудың негізгі мақсаты:
−
шектелген лексикалық-грамматикалық материалда қарапайым орыс
11
тілін қалыптастыру және дамыту;
−
сөйлеу қызметінің түрлерін оқытудың өзара байланысы (тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым);
−
орыс тілі пәні бойынша фонетика, графика, орфоэпия, лексика,
грамматика, сөзжасам, орфография, пунктуацияны меңгеру;
−
орыс тілі арқылы қарым-қатынас, өнегелік және эстетикалық
мәдениетке тәрбиелеу.
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 3-4 сыныпқа арналған (оқытылуы орыс
тілінде емес) «Орыс тілі» пәнінің мазмұны үш блоктан тұрады: сөйлеу қызметі,
оқу мен тіл дамытудағы қарым-қатынас аясын қамтитын тілдік материалдар
мен мәтіндер: оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және ойын.
Сондай-ақ орыс тілін оқыту маңызын саралауда бастауыш сынып
оқушыларының сөйлеу қызметінің аясына көңіл бөлінеді, деңгейлік
минимумдар
(лексикалық,
грамматикалық,
тақырыптық-ситуациялық,
фонетикалық-орфоэпиялық т.б.).
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 1-4 сыныпқа арналған «Шет тілі»
(ағылшын тілі) пәнінің типтік оқу бағдарламасы бастауыш сынып оқушысының
тілін дамытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
арқылы баланы жан-жақты дамытуға бағытталған. Бастауыш мектепте тілді
оқыту курсын меңгеру деңгейі Еуропалық жүйеге сәйкес қарапайым деңгейлер
А-Базалық деңгей (Basic User) және А1-күн көріс деңгейі (Breakthrough)
арқылы жүзеге асады.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытуда келесі мақсаттарға қол жеткізу
көзделеді:
−
бастауыш сынып оқушысының тұлға болып қалыптасуы және дамуы;
−
сөйлеу қызметінің негізгі түрлерінде бастауыш сыныптақарапайым
қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру: тыңдалым, айтылым, оқылым
және жазылым;
−
нақты тақырыптық минимум шеңберінде ойды жеткізе алу дағдыларын
және сөздік қорды байыту арқылы қарапайым жағдайда бастапқы қарым-
қатынас әдеттерін қалыптастыру;
−
бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрбыларының ортасына,
шетелдік балалар фольклорына тарту, ағылшын тілін үйренуде тиімді
мотивация қалыптастыру;
−
нақты тақырыптық минимум шеңберінде өз ойларын жеткізе алу үшін
бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік,
когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамыту.
Көрсетілген мақсаттарға сәйкес оқытудың келесі міндеттері жүзеге
асырылуы тиіс:
−
ана тілі және ағылшын тілдерінде кездесетін (дыбыс, әріп, сөз, сөйлем,
сөз таптары, екпін) қарапайым лингвистикалық түсініктер білімін
қалыптастыру;
−
дұрыс артикуляция нормаларымен, ағылшын әріптерінің дұрыс айтылу
нормаларымен, әріптерге сәйкес дыбыстардың графикалық мәнінің
12
арақатынасымен таныстыру;
−
есту арқылы басқа тілде сөйлеуді дәлме-дәл түсіну дағдыларын
қалыптастыру;
−
оқудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
−
болымды, болымсыз және сұраулы сөйлемдерді дұрыс айту дағдыларын
қалыптастыру;
−
қажетті сөз мөлшерін меңгеруді, айтылатын пікірдің жеткіліктілігі,
қарапайым диалогты қолданудағы стартегия мен тактикалық қадамдар, нақты
тақырыпта монолог құру мазмұнының жиынтығымен қамтамасыз ету;
−
жазба сөзінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру; Қазақстандық
патриотизмнің, толеранттылық, қоршаған ортаға ұқыппен қарау және ұлттық-
мәдени идентификация сезімін нығайту, соған баулу.
Білімнің бастапқы деңгейіндегі 1-4 сыныпқа арналған «Шет тілі»
(ағылшын тілі) пәнінің оқу бағдарламасының төмендегідей тақырыптық
бөлімдері бар: «Танысу», «Менің отбасым», «Оқу құралдары», «Түстер»,
«Ойыншықтар», «Жануарлар», «Мені қоршаған заттар», «Киімдер» т.б.
Бастауыш білім деңгейінің тіл пәндері бойынша оқу бағдарламасының
мақсаты, міндеті және мазмұны(МЖМБС 2012ж.)
Негізі орта және жалпы орта білім деңгейіндегі тіл пәндерінің типтік оқу
бағдарламасына (3-кесте):
−
Қазақ/орыс/ана тілі;
−
Қазақ/орыс/ана тілі(ұйғыр/өзбек/тәжік) әдебиеті;
−
Шет (ағылшын) тілі;
−
Оқытылуы қазақ тілінде емес мектептерге арналған қазақ тілі;
−
Оқытылуы қазақ тілінде емес мектептерге арналған қазақ әдебиеті;
−
Оқытылуы орыс тіліндегі мектептерге арналған орыс тілі;
−
Оқытылуы орыс тіліндегі мектептерге арналған орыс әдебиеті жатады.
3-
кесте –Негізгі орта және жалпы орта білім деңгейінің сыныптары бойынша
тіл пәндерін бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |