«Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» кмм І тоқсанда 5 «А» сыныбымен тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстардың хабарламасы



Дата15.11.2023
өлшемі5,19 Mb.
#124137

«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ
І тоқсанда 5 «А» сыныбымен тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстардың хабарламасы

Құндылық: Ұлттық мүдде


Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.
Күні: 01.09.2023 жыл
Тақырыбы: «Мектебім – мейірім мекені»
Мақсаты: Баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адам бойындағы асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Құндылық: Ұлттық мүдде
Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу
Күні: 04.10.2023 жыл
Тақырыбы: «Бала құқығы туралы не білеміз?»
Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.




Құндылық: Ұлттық мүдде
Қазақ тілін қолдану аясын кеңейту
Күні: 20.09.2023 жыл
Тақырыбы: «Тіл – халық тарихы»
Мақсаты: Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге ат салысуға шақыру.

Құндылық: Ар-ұят
Адал еңбекті құрметтеу
Күні: 27.09.2023 жыл
Тақырыбы: «Еңбек ер атандырады»
Мақсаты: Оқушылардың бойында еңбексүйгіштік қасиетті дамыту, еңбек ардагерлеріне арналған құрмет тақтамен таныстырып, Еңбек ардагерлеріне деген құрмет сезімдерін арттыру.




Құндылық: Ар-ұят


Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту
Күні: 11.10.2023 жыл
Тақырыбы: «Татулық – достық кілті»
Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

Құндылық: Талап
Білуге, жаңаны тануға құштар болу
Күні: 18.10.2023 жыл
Тақырыбы: «Оқы, оқы және оқы!»
Мақсаты:
1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
2. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
3. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру, оны күтіп ұстауға, құрметтей білуге үйрету.

Құндылық: Ұлттық мүдде


Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу
Күні: 20.10.2023 жыл
Тақырыбы: 25 қазан Республика күні «Біз таңдауымыз – заңды мемлекет»
Мақсаты: Оқушылардың бойында патриоттық сезім ұялату. Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысуға тәрбиелеу.








Сынып жетекші: А.С.Түктібаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет