Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет142/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

«қыран өтпес қия») – мифтік кеңістікке тән. 

 

Қырғыз нұсқасында Ер Төстіктің жер астында жеті жыл болғаны айтылады:  



Алты айлык чөл көргөн, Төштүк,  

Адам көрбөс жер көргөн, Төштүк! 

Кенжеке «аң жүгіріп, құс ұшпайтын жерге», «адам көрмес елге», «түссе шықпайтын 

орға,  «шырмалса  құтылмас  торға»  кетіп  бара  жатқанын  айтып,  Шалқұйрықты  мінуін, 

Чайыңгы тонды киюін, өз әкесі Сарыбайдан қалап алған, «сан қара малдың құны бар» алтын 

сақаны алуын өтінеді. Сақаны жоғалтпай, өзіне қайта әкелуді ескертеді. Сонымен бірге әке 

үйінен қамдап алып шыққан күлазықты береді [6, 125-126].  

Жер астына сапарлау – о дүниеге, яғни өлілер әлеміне бару. Әлемдік мифтік баяндарда 

өлілер еліне бару мотиві  кездеседі. Мысалы, Одиссейдің Аид патшалығына барып келуі, т.б. 

Қырғыз нұсқасында  Ер  Төстіктің  қилы  тағдыры  перінің  қызы  Айсалқынның  Кенжеке 

сөзіне кектенуімен байланысты болады.  

Сырттан эрден айрылып, / Сырттан ерден айрылып, 

Жети жылы саргарып,  / Жеті жыл бойы сарғайып 

Тирүүлөй жесир болуп кал, долу! /Тірілей жесір болып қал, долы! 

Өлбөй-житпей кайрылчы, долу,  /Өлмей-жітпей қайғыршы, долы, 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

157 



 

Сырттаныңдан айрылчы, долу.../ Сырттаныңнан айрылшы, долы... 

Ардактаган Төштүгүң / Ардақтаған Төстігің 

Жер үстүнөн айрылып, / Жер үстінен айрылып, 

Жер астында кор болсун, долу, / Жер астында қор болсын, долы! 

Арка чачың өрбөй кал, долу, / Арқа шашың өрмей қал, долы! 

Аташканың сырттанды / Атастырған сырттаныңды 

Алты жыл катар көрбөй кал, долу/ Алты жыл қатар көрей қал, долы! 

Бир мүшкүлгө жолугуп, / Мүшкіл халге тап болып,, 

Аташканың сырттаның / Атастырған сырттаның 

Жер астына кетсинчи, долу! / Жер астына кетсінші, долы! 

Айтканың башка жетсинчи, долу! /Айтқаның басыңа жетсінші, долы! 

Жети жылы кар болгун, долу  / Жет іжыл бойы қар болғын, долы! 

Сырттаның  көрбөй  зар  болгун,  долу!  Сырттаныңды  көрмей  зар  болғын,  долы!  [6, 

101-102] 

Татар  нұсқасында  да  құдасының  айтқан  ескертуін  естен  шығарған  Төстіктің  әкесі 

«қонбайтын жерге» қонады. Кіші келіннің ескертуін де құлаққа ілмейді. Осы жерде аждаһа-

жылан тап болып, егер Ер Төстікті бермесе, бәрін жұтатынын айтып, қауіп төндіреді. Әкесі 

Төстікті  беруге  келіседі.  Бұл  туралы  үйде  қалған  Төстік  қалыңдығынан  біледі.  Кенже  қыз 

Төстікке  атастырылады,  бірақ,  күйеуінің  қалыңдықты  ұзатып  алу  сапарына  келмей 

қалғанына ренжиді. Төстіктің келмеу себебі – әкесі келіндерін алуға ұлдарымен бірге сапарға 

шыққанда,  үйде  ешкім  қалғысы  келмей,  ақыры  кенже  ұл  Төстік  қалады.  Өкпелі  кенже 

қалыңдық  сәуегей  кемпірге  барады.  Сәуегей  кемпір  «мына  алты  әпекеңнің  күйеуі  жиылып 

сенің  бір  күйеуіңе  татымайды»  деп,  оның  ерекше  батыр  екенін  айтады.  «Әкеңнен  жасау 

алғанда сол күйеуің үшін жеті қат жер астында, жеті қабат темір сарай ішінде он екі жанды 

Шалқұйрық  аты  бар,  соны  сұра,  оның  қабырғасының  астында  алмас  қылыш  бар,  соны  да 

бірге сұра» дейді [9, 64].   

 

Төстіктің  жер  астына  түскенде  алғаш  ұшырасатыны  –  Жылан  Бапы  хан  елі.  Бұл 



тіршілік  иелерімен  кездесетінін  Шалқұйрыққа  тіл  бітіп,  алдын  ала  ескерткен.  Жер  асты 

әлеміне  сапар  –  Төстіктің  ерлігінің  сынға  түсер  жері.  Жалпы,  әлем  халықтарының 

мифологиясында жыландар мекені осы жер асты болып саналады. Сондай-ақ жылан, айдаһар 

–  тотемдік  хайуан.  Жыландар  кейде  адамдармен  достық,  кейде  жаулық  сипатта  болады. 

Мифологиялық кеңістікте киелі, тылсым болмысты тіршілік иесі болып саналатын да жылан. 

Үнділердің  ведалық  мифологиясында  былай  баяндалады:  «Жердің  тереңінде  жеті  жер 

асты әлемі бар. Олардың біреуінде нагилар тұрақтаған. Дәл осы мекен күллі жартылыстағы 

ең  ғажайып  әлем.  Ол  өзінің  әдемілігі  және  салтанаты  жағынан  Индра  қаласынан  да  асып 

кетеді.  Нага  –  жартылай  адам,  жартылай  жылан  –  жер  асты  әлемінің  тұрғыны,  қымбат 

қазынаның  қорғаушысы.  Бұл  қазынадан  адамдарға  кейде  сыйлық  жасайды.  Бір  заманда 

бұлардың  тұрағына Индраның  қызметшілері  делінетін  гандxарвылар  шабуылдайды. 

Гандxарвылар  –  аспан  әлемінің  тұрғындары. Музыканттар,  жауынгерлерден  тұратын  бұлар 

кейде  аспан  әлемін  тастап  жерге  және  жер  астына  түседі.  Нагалардың  қалаларын  жаулап, 

қазыналарын  тартып  алған  гандxарвыларды  Вишну  тәртіпке  шақырып,  жер  астынан  қуып 

шығады. Нагалардың әйгілі патшасы – мың басты Шешу. Нагалар – данышпандар, магтар, өз 

кейіптерін  өзгерте  алады  және  өлгендерді  тірілту  қабілетіне  ие...»  [9,  71].  Буддалық 

мифологияда нага – жыланға ұқсас жартылай құдай тектес жаратылыс.  

Жер  астына  түсіп,  жыланмен  кездесу,  оның  қойған  шарттарын  орындау  мотиві  – 

архаикалық  фольклорға  тән  басты  сипат.  Қазақтың  «Құбығұл»  атты  көне  эпосында  да  бас 

қаһарманға жылан, айдаһар кезедесіп, жолын бөгейді. «Жоямерген» эпосында да Жоямерген 

жер асты патшасы Жыланбектің  қызы Күнсұлуды ауыр сынақтардан өтіп барып алады. «Ер 

Төстік» эпосында Темір хан Ер Төстікке су түбіндегі қазанды алып шығуды шарт етіп қойса, 

Жоямергенге Жыланбек патша да осындай шарт қояды. Қазанды алып шығатын  – Төстіктің 

Шалқұйрығы, Жоямергеннің Ділдеш аты.  




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

158 



 

Ежелгі  дүние  адамдары  жыланға  қатысты  қатаң  қағидаларды  сақтаған.  тіпті  адам  мен 

жылан  арасында  жүретін  шайқас,  бәсеке  де  болған.  Ол  дарымшы  (жыланмен  арбасу 

қасиетіне ие адам) мен жылан арасындағы арбасу түрінде жүзеге асады.  

Мифологиялық  кеңістікке  тән  белгілер  ретінде  жер  асты  әлемін,  ондағы  тұрғындар 

тіршілігін,  перілер  әлемін,  мифология  кейіпкерлерін,  өзіндік  қасиеті  бар,  тылсым  күшке ие 

заттарды айтуға болады. «Ер Төстік» эпосында бас кейіпкер болмысына тән мифологиялық 

сипат  оның  мифтік  кейіпкерлермен,  миф  әлемімен  байланысы  арқылы  айқындала  түседі. 

Эпос  желісіндегі  мифтік  мотив  бас  қаһарманның  перінің  қызы  Бекторымен  кездесуінен 

басталады. Төстіктің ерекше жаратылысы әу баста ерекше болып өсуімен, қайраттылығымен, 

ерлігімен  көрінсе,  оқиғаның  даму  барысында  осы  ерекшелігі  тылсым  әлеммен  байланыста 

танылады.  Қазақ  нұсқасында  Төстікке  ғашық  болған  әрі  Кежекейге  кектенген  Бекторы 

батырды  ұстау  үшін  Жалмауызды  жұмсайды.  Сорқұдыққа  қонған  Ерназар  әрекеті  ұлын 

жалмауызға  беруге  мәжбүр  етсе,  енді  Ер  Төстік  жер  астындағы  жылан  Бапы  ханның 

тапсырмасын  орындауға  мәжбүр  болады.  Бұл  оқиғаның  бәрі  мифологиялық  мекеншақ 

(хронотоп) аясында өрбиді. 

Татар  нұсқасында  аждаһа-жылан  өз  патшасының  бұйрығымен  ханның  кенже  ұлы 

Йиртөшлекті  соған  апаруы  керек.  Жыландар патшасы  батырды  адам  кейпінде  қарсы  алады 

да, өзінің қызына – ақ жыланға үйлендіреді. Неке түнінде жылан сұлу қызға айналады. Батыр  

болса  жылан  атасының  бірнеше  қиын  тапсырмаларын  орындайды  [5,  180-181].  Бұл 

тапсырмалар грек мифтеріндегі Гераклдің әйгілі ерліктерін еске түсіреді. Йиртөшлек жылан 

патшасының  тапсырмаларымен  бірге  Барса-келмес  патшаның  да  ауыр  сынақтарынан  өтеді. 

Бұл  арғы  дүние  әлемінің  патшасына  жұмсаған  да  Жылан-патша.    Барса-келмес  патшаны 

және ондағы зұлым жанды өлтіріп, патша қызы Күнөрсұлуды әйелдікке алады. Осы оқиғадан 

кейін барып жылан-патша құпияны ашады. Барса-келмес ханы, жабайы құс, қара құс сияқты 

зұлым  күштер  өздерінің  тынымсыз  шапқыншылығымен  бұл  елді  жиі  тонап,  тұрғындарын 

жойып  отырған.    Жаратушы  ие  ақырында  бұл  елді  жер  астына  жасырып,  қажет  болғанда 

жылан  кейпіне  айналуға  мүмкіндік  береді.  Жылан-патшаның  Йиртөшлекті  өзіне  шақыру 

себебі  –  елін  зұлым  күштердің  тырнағынан  құтқару.  Қызына  үйлендіруінің  себебі  – 

батырдың некелік сынақтан өтуі үшін қажет. Сонда ғана батыр өз миссиясын орындамақ [10, 

78]. 

Қазақ нұсқасында Ер Төстіктің жұт жылы кетіп, жоғалған сегіз ағасын «темір таяқтан 



тебендей, темір етіктен теңгедей» қалғанша іздеуі, Төстікке перінің қызы Бекторының ғашық 

болуы, Жылан Бапы ханның елінде болып, Таусоғар, Саққұлақ, Қырағы, Желаяқ сияқты рух-

иелермен  достасуы,  Алып  Бәйтеректің  басындағы  Самұрықтың  балапандарын  Аждаһадан 

құтқаруы,  Шойынқұлақпен  айқасуы  –  барлығы  да  мифологиялық  кеңістікке  тән  оқиғалар. 

Мифологиялық  кеңістіктегі  уақыт  та  миф  «заңдылығына»  бағынады.  Сондықтан  да 

Кенжекей  уақытты  серттесу  арқылы  «тоқтата алады».  Сөйтіп,  Ер  Төстік  әбден  қартайғанда 

келгенімен,  Кенжекей  серттескен  Құба  інген  боталап,  беліндегі  торғын  орамалының 

шешілген жерінде кездесіп, баяғы жас күндеріне оралады.  



 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

«Ер Төстік»  эпосындағы бас қаһарманның жер асты әлеміне сапар шегу, сол әлемнің 



иесімен  және  рух-иелермен,  сондай-ақ  перілермен  байланыста  болу  мотиві  оның 

архаикалық-мифологиялық сипатын айқындай түседі.  

Көне эпостың қазақ, қырғыз, татар нұсқаларына ортақ ең басты мотив –  батырдың жер 

асты әлеміне сапары. Қазақ пен қырғыз нұсқаларында бұл сапарға баруына тікелей перінің 

қызы (қазақ нұсқасында  – Бекторы, қырғыз нұсқасында  – Айсалқын) ықпалын тигізеді.  Ал, 

татар  және  қазақ  нұсқаларында  тағы  бір  деталь  бар,  ол–  көшті  қондырмайтын  жерге 

қондырудың  кесірінен  Ер  Төстіктің  пешенесіне  осы  сапар  тап  болады.  Үш  халықтағы 

нұсқаларды  салыстыра  келе,  шығатын  қорытынды  –  әу  баста  бұл  фольклорлық  туынды 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

159 



 

ежелгі дүниетаным айқын көрінетін, ерлік дәстүрдегі түркі  халықтарына ортақ кең көлемді 

эпос болғандығы.  

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 



1  Маргулан  А.Х.  О  характере  исторической  обусловленности  казахского  эпоса  // 

Известия Каз ФАН СССР, Сер.историч. – Алматы, 1946 – № 2 – С. 75–81. 

2 Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы: «Ғылым», 1982. – 232 б.  

3 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы: «Ғылым», 1984.– 324 б.  

4 Бабалар сөзі: жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2011. – 424 б.  

5 Бакиров М. Татарский фольклор. Казань: «Ихлас», 2012. – 400 с. 

6  Эр  Төштүк:  Эпос  //Эл  адабияты  сериясының  2-тому.  Акматалиевдин  жалпы 

редакциясы менен. С. Каралаевдин варианты. Бішкек: Шам, 1996. – 448 б. 

7 Ер Төстік // Бабалар сөзі: жүз томдық. – Астана: Фолиант: 2011. – 424 бет: 11-39 бб. 

8 Эр Төштүк. КРУИА Кф инв. №14(207), 1-20 б.; Көчпөс бай (Эр Төштүк). КРУИА Кф 

инв. №8 (201), 87-108-б.; Элеман байдың Төштүгүү (жомок). КРУИА Кф инв. №629(207), 52-

67-б. 


9  Садовская  И.Г.  Мифология.М.:  ИКЦ  «МарТ»;  Ростов  н/Д:  Издательский  центр 

«МарТ», 2006. – 352 с. 

10 Татар халық ижаты. Дастаннар. Казан: Татарстан китап нашрияты, 1984. – 384 б.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет