қазақтың ру, тайпалары өздері иемденген таулар мен шың-құз, жоталар, өзендер мен көл,
қайнар бастау, бұлақ, аңғарлар мен шатқалдарға үнемі ат қойып, айдар таққаны белгілі» [5,
316]. Ата-бабаларымыздың қоныс тепкен әрбір мекенінің атауы оның тұрмыс-тіршілігінің,
«Жазушы тарихтың сан алуан дерегі, туған елінің шежіресі сақталған ұлттық-мәдени
шығармаларынан орын алады» [6, 25]. М.Ж. Көпейұлы көсемсөзінде кездесетін «хан көтеру»
лингвомәдени бірлігі – ұлт танымындағы мәдени дәстүрді білдіретін тілдік атау. Мысалы:
ғасырдың бас кезіне дейін сақталған. Бұл жөнінде А.И. Левшин былай дейді: «Таққа үміткер
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
8
сұлтандар мен ақсүйектердің көпшілігінің келісімін алған соң, хандықтағы ең беделді
сұлтандар мен билер оны жұқа ақ киізге отырғызған, киіз шетінен ұстап, үш рет көтеріп,
бірнеше рет «Хан!»деп айқайлаған». Осылайша, хан көтеру – сый-құрметтің белгісі болған.
Ал би, төре, хан лингвомәдени бірліктері өткен дәуірдегі лауазымдық дәрежелерге,
атақ-беделге байланысты туған атаулар.
Би сөзіне ғалым Р. Сыздықова мынадай анықтама
береді: «Би сөзі – ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы нақты заң термині. Бірақ ол әр кезеңде
әртүрлі мәнге ие болып келген сөздердің бірі. Би сөзінің Абай тұсындағы білдіретін негізгі
мағынасы − әрбір болыстықта сайланып қойылған заң жүргізуші адам» [7, 160]. Осы тектес
пікір Ш. Уалиханов еңбектерінде де кездеседі: «Қазақтарда құрметті би атағы халық
тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен
емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана
берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-
жораны білетінін, шешендігін танытатын болған» [8, 135].
М.Ж. Көпейұлының «Үш Едіге туралы» мақаласында билердің елдің қамын ойлап,
аумалы-төкпелі замандарда жұртына құт болғандығы, қалың бұқараның оларды құрметтеп,
амандығы үшін дұға қылғандығы туралы айтылады. Мысалы: «Едіге деген би жұрт билеген
кісі екен. Кешегі Абылайханның заманында Едіге бидің таяғы жұртына құт болып:
Достарыңызбен бөлісу: