Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет16/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   341
«Едігенің  майлы  жұрты»  −  атанған  екен. Заманындағы  қариялар,  қара  бұқара  халқы:  «ел 

қамын жеген Едігедей билерінің саламаттылығына!» − деп дұға қылады екен. Сол Едігеден 

соң, баласы Шоң би жұрт билеп би болған екен» [4, 313]. 

 

Қазақ танымында «мұра» сөзі де ерекше мәнге ие. «Атаның еккен ағашы ұрпағына сая; 

Атадан  мал  қалғанша,  тал  қалсын»  деген  даналық  сөздер  бар.  М.Ж.  Көпейұлы 

«Баянауылдан»  деген  мақаласында  «мұра»  сөзіне  тоқталады:  «Ғылым  −  пайғамбарлардан 



қалған мұра. Яғни пайғамбарлардың бұрынғы өткен хандардың, жақсылардың қылып өткен 

өнері. Мал қарау – байдан қалған мұра. Әлі күнге шейін оны жер жұтып барады және мал 

иесі  малды  қалай  сақтаймын  деп,  соның  уайым-қайғысында  олады»  [4,  329].  Мұра    ата-

бабадан,  әке-шешеден  балаға  қалған  дүние-мүлік,  мирас;  ежелден  келе  жатқан  мәдени 

нұсқалар [9, 602].  

 

Сондай-ақ қазақтың әдет-ғұрпындағы бесік құда, қалың мал, қыз айттыру атаулары – 



мәдени коннатацияға ие лингвомәдени бірліктер. М.Ж. Көпейұлы өзінің мақаласында қазақ 

салтының  ішіндегі  қыз  айттыру  ғұрпына  тоқталып,  оның    дұрыс  емес  екндігін  айтады. 

Мәтін  деңгейінде  қарастырсақ:  «Еркек  балаға  жасынан  қыз  айттыру  бір  лайықсыз  нәрсе. 

Неге  десеңіз,  әркімнің  өзінің  көңілі  сүйгені  болады.  Құда  жақсы,  құда  жаман  болсын, 

жасында  біреуге  құдаласып,  өскен  соң  мал  кетпесін  деп  береді»  [4,  330].  Ескі  қазақ 

салтында  қыз  бен  жігіт  ата-аналарының  күні  бұрын  уәдесі,  жігіт  атын  қызға,  қыз  атын 

жігітке естіртуі. Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала 

берген. Егер қыздың ата-анасы ұлдың ата-анасының тілегін қабылдап, өскенде қызын беруге 

келіссе,  қыз  бен  жігіт  атастырылған  боп  саналып,  алдын  ала  қалыңмал  төлеген. 

Атастырылған жастар есейе келе міндетті түрде қосылатын болған [10, 26].  

 

Көсемсөз  шебері  М.Ж.  Көпейұлы  тілдік  тұлғасындағы  қазақ  ұлтының  мәдениеті  мен 



рухани  дүниесін  айқындап  тұратын  лингвомәдени  бірліктер  ғаламның  тілдік  бейнесіндегі 

ұлттық  дүниетанымды  танытады.  Осыған  байланысты  бірнеше  топқа  бөліп  көрсетуге 

болады.  Мысалы,  ұлттық  тәрбиені  танытатын  лингвомәдени  бірліктер:  «Қазақ  айтпай  ма 

«алып анадан» деп, бұған қарағанда, ана жақсы болса, одан туған бала да жақсы болады. 

Ана бір жаман, ғылымсыз, меңіреу болған соң одан туған бала не қылып оңсын?! Адамның 

білгіш,  өнерлі  болуына  әуелі  ата-ананың  жақсылығы  себеп.  Қазақта  мақал  бар:  «Ұяда  не 

көрсе, ұшқанда соны іледі деген». Біздің қазақтың бұрынғылары айтады екен: «Ұлың өссе, 

ұлы жақсымен ауыл бол; қызың өссе, қызы жақсымен ауыл бол» деп» [4, 330].  

 

Әлеуметтік  жағдайды  білдіретін  лингвомәдени  бірліктер:  «Биылғы  қыс  көшпелі 



халықтың есінен қалмастай болды, жердің жүзі жұмыртқадай аппақ болып жатып алды. 

Бір  күннен  бір  күні  суық  болып,  жел  шығып,  сүйегі  жұқарып,  шыңы  кетіп  тұрған  мал 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 



 

даладан  шөп  алып  жей  алмады.  Қой,  қозы  жалғыз-жарымдап  өле  бастады.  Қозысын 

көтере  алмай  көтерем  болып  саулық  өлді. Енесінен  сүт  шықпай  қозы  өлді.  Жұрттың  «он 

екі  ай  шығып,  бір  ай  тығып»  деген  жалғыз  айы  осы  еді.  Қысқы  қызылдың  таусылған 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет