Ата, Сейдін ишан, Сегізәжі, Жоласқан жерасты мешіттерінің жанындағы қорымдарда
қожалардың дөңгелек күн таңбалары бар. Соған қарап, мешіт иелерінің қожа тегінен шыққан
діндар ұстаздар екені байқалады. Бірақ олардың нақты кімдер болғандығы белгісіз. Ал
Қосқұлақ Құлбас ахун, Қосқұлақ Қазанғап әулие, Жаманадай Естұрлы сұпы, Мұрат Жары
Нұрмағамбет Берістам сұпы т.б. – аттары айтып тұрғандай Адай тайпасынан шыққан
қасиетті тұлғалар, олардың өмірі, қасиет-киесі туралы ел арасында сақталған аз-кем деректер
кездеседі. Мысалы, Сонабай сұпы, оның баласы Төлеген ишан – адайдың ескелді руынан
шыққан елге танымал адамдар. Сонабай сұпы сопылық ілімді меңгерген діндар, мешіт
ұстаған ұстаздығымен бірге айтулы сынықшы болған. Баласы Төлеген ишан көріпкел,
қасиетті адам болған, мешіт ұстанған. Отбасын құрмай, ғұмырын осы киелі жолға арнаған.
Қатерлі сапарға аттанғандар басына түнегенде, түсіне кіріп, аян бергені туралы деректер бар
[8, 156-157]
Зерттеушілер мешіттердің «жер астынан» немесе жартастардан үңгіп салынуының
себебін біріншіден, тақуалық, күнделікті өмірден оңашалану, жалғыздықта құлшылық қылу
мақсатында, екіншіден, ауа райының ыстық-суығынан қорғану үшін деп көрсетеді [4].
ҚОРЫТЫНДЫ
Маңғыстау мен Үстірттегі жерасты мешіттерінің жер үстіндегі архитектуралық
құрылыстар түрінде емес, жерастынан, жартастардан үңгірлер түрінде жасалуының бірнеше
себептері бар: 1. Ең басты себебі – суфизмнің «өлмей тұрып өлу», жерастына кіру
концепциясына негізделген; 2. Маңғыстау мен Үстірттің табиғи, географиялық жағдайымен
байланысты (қалалы елді мекендерден шалғай болғандықтан ғимарат тұрғызу мүмкін емес);
3. Дін таратушы машайықтардың, дін жолына түскен дәруіштердің жолына ыңғайлап
салынған қоналқы орындар; 4. «Дінсіздер мен жат ағымдағылардың» көзінен таса болу; 5.
Жалпы әлемнен жырақ, құпиялылық, киелілік т.б.
Маңғыстау мен Үстірттегі XIX ғасырдың аяғы мен XX басында пайда болған «шағын»
жерасты мешіттерінің ең басты қызметі – қазақ халқының рухани тығырыққа тірелген
тұсында «аталардың» аманат-ілімін кейінгі ұрпаққа жалғастырып үлгеру болды.
Осы руханияттың алтын тінін үзбей сақтау үшін қазақтың рухани көсемдері – ишан,
сопы, ахун, әулиелері көзден таса құпия үңгірлердегі мешіттерін құлшылық орны ғана емес,
шәкірт дайындайтын медреселерге айналдырды. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың
басындағы Маңғыстау жыраулық мектебінің айтулы тақтағы Сәттіғұл Жанғабылұлы:
Шариғат шамы жағылған,
Тарихат жолы табылған,
Хақиқатқа бағынған.
Әр орында мешіт бар
Құдай үшін салынған,
Бірден-бірге қалынған.
Қожа Ахмет, Пір Бекет –
Солардан үлгі алынған.
Азырақ баян етейін
Абдолла, Әбді ғалымнан,
Сақтанған лағын-залымнан,
Дін үшін жанған шамымнан,
Айтқаны зікір-салауат –
Қашсын деп шайтан маңымнан.
Жақсылардың азайып
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
288
Уақыты еді арылған, –
деп, қазақ руханиятын сақтап, кейінге жеткізген ұлттың уәлилерін айтқан еді.
Маңғыстаудағы «үлкен» және «шағын» жерасты мешіттері қазіргі уақытта да өзінің рухани-
танымдық, тәрбиелік, тарихи-ағартушылық қызметін жалғастыруда.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Стародуб T.X. Средневековая архитектура, связанная с суфизмом: ханака, завия,
такия // Суфизм в контексте мусульманской культуры. М.: Наука, 1989. – С 268-279
2 Кириллина С.А. КУЛЬТОВО-ОБРЯДОВАЯ ПРАКТИКА СУФИЙСКИХ БРАТСТВ
ЕГИПТА (XIX—начало XX века) // Суфизм в контексте мусульманской культуры. М.:
Наука, 1989. – С 80-93
3 Әбдірахманов Б. Ұлттық танымды қалыптастырудағы жерасты мешіттерінің маңызы//
Мәдени мұралардың танымдық негіздері. Ақтау, 2004. – 88-92 жж.
4 Әжіғали С.Е. Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштері. Алматы: Өнер, 2014. – 504 б.
5 Маңғыстау жерасты мешіттері // Құрастырушылар: О.Көшбай, М.Қалменов. Алматы:
Орхон, 2009. – 164 б.
6 Мендикулов М. Памятники народного зодчества Западнго Казахстана. Алматы: Өнер,
1987. – 159 б.
7 Еділхан А. «Маңғыстаудың материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени
мұралары» халықаралық кешенді экспедициясының есебі. Ақтау, 2018
8 Жылқышыұлы Ж. Сегіз арыс Адайым. 9 томдық. 7-том. Алматы: Профи-Медиа, –
2015. – 512 б.
Достарыңызбен бөлісу: |