Қ.Н. Шохаева
докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, е-mail:
shohaeva1976@mail.ru
КӘСІБИ ТІЛ МЕН ІСКЕРИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ СӨЙЛЕУ
ТІЛІНІҢ АРА ҚАТЫНАСЫ
Мақалада іскери қарым-қатынастағы сөйлеу мен кәсіби тілдің ұқсастығы мен
айырмашылықтары да сөз болады. Іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу ауызша тілдік
қатынастың бір формасы екені дәлелденеді. Іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу
динамикалық, психологиялық, мәдени ерекшеліктерге ие екені көрсетіледі. Динамикалық
ерекшелік тілдік бірліктердің сөйлеу ағымына түсіп, үнемі қозғалыстық күйде
болатынымен түсіндіріледі. Психологиялық ерекшелік іскери қарым-қатынастағы
коммуниканттардың психологиясында орын алатын индивидуалды психологизм мәселелері
аясында талданады. Айтылым, тыңдалым әрекетіндегі психологиялық процестерге ерекше
мән беріледі. Интерпсихикалық процестер мен интрапсихикалық процестердің іскери
қарым-қатынастағы қызметі анықталады.
Кілт сөздер: тіл және сөйлеу, динамика, индивидуалды психологизм, айтылым,
тыңдалым, интерпсихикалық, интрапсихикалық актуализация, ойлау операциясы, этикалық
норма, моральдық норма.
КІРІСПЕ
Іскери қарым-қатынастағы сөйлеу – кәсіби деңгейді талап ететін, формалық жақтан да,
мазмұндық жақтан да өзіндік ерекшеліктерге ие тілдік қатынас формасы. Іскери қарым-
қатынастағы сөйлеу белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдар арасындағы тілдік қатынас
заңдылықтарын анықтаумен ерекшеленеді. Дәлірек айтқанда, кәсіби деңгейі тең немесе
ортақ кәсіппен айналысатын адамдар арасындағы жүзеге асатын сөйлеу процесі.
Іскери қарым-қатынастағы сөйлеу мен кәсіби тіл өте ұқсас, алайда олардың өзіндік
ерекшеліктері бар. Кәсіби тіл – әдеби нормаға қатаң бағынатын, әбден қалыпқа түскен,
жүйеленген, сұрыпталған нормаланған кәсіби салаға қатысты тілдік бірліктердің,
элементтердің таңбалық жүйесі. Сондықтан аргумент, факт ретінде қолдануға болатын,
тілдік заңдылықтарды нақты анықтауға мүмкіндік беретін статикалық құбылысқа жатады.
Ғалым Т.Қордабаев сөйлеу мен тілдің айырмашылығы туралы былайша тұжырым жасайды:
«Тіл мен сөйлеу бір-бірімен айырылмастық бірлікте болатындарына қарамастан бұл екеуінің
бірлігі тепе-теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар диалектикалық
бірлік. Тіл дегеннен оның құрамына енетін дыбыстарды, сөздерді, грамматикалық формалар
мен үлгілерді түсінеміз. Тіл дегеніміз – сөйлеуге қажетті материалдардың жиынтығы. Ф.де
Соссюрше айтқанда, қоймасы. Ал сөйлеу – сол жансыз материалдардың өзара қарым-
қатынасқа келуі, тілдің қимыл үстіндегі күйі. Тілдің жаны, тіршілігі – сөйлеуде. Сөйлеу
процесінде тілдік материалдар жанданып, өз бойындағы мағыналық мүмкіндіктерін жан-
жақты көрсете алады. Бірақ сол мүмкіндікті әркім өз шама-шарқынша пайдаланады: біреулер
оның ішіндегі асылдарын іріктеп алып, оларды өз мақсаттарына лайықты тиісті орындарына
қоя білсе, енді біреулерде ондай шеберлік, дарындылық болмайды. Осыдан келеді де тіл
шұбарлығы, тіл мәдениетсіздігі пайда болады, қоғамдық сипатты тіл жеке адамдардың
сөйлеу процесінде даралық сипатқа ие болады. Тіл мен сөйлеудің бір-бірінен өзгешелігі
осында. Тілге жақсы, жаман, мәдениетті, мәдениетсіз деген сын жүрмейді. Осы себептен «тіл
мәдениеті» деуден гөрі «сөйлеу мәдениеті» деу мазмұнға сай келеді. Бұл айтылғандардан тіл
мен сөйлеу арасындағы бірлік пен өзгешелікті кеңірек, тереңірек зерттей түсу қажеттігі
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы ISSN 1608-2206 Филология сериясы. № 4, 2019
113
байқалады», - дейді [1, 118-119]. Ғалым атап көрсеткен сөйлеуге тән ерекшеліктер іскери
қарым-қатынастағы сөйлеуге де тән. Іскери қарым-қатынастағы сөйлеу немесе кәсіби
деңгейдегі тілдік қатынасқа тән ерекшеліктерді анықтайтын белгілерді былайша көрсетуге
болады:
1)
Динамикалық белгі;
2)
Мәдени белгі;
3)
Психологиялық белгі.
Іскери қарым-қатынастағы сөйлеуге тән динамикалық белгі тілдік бірліктердің
қозғалыстық қасеитке ие болуымен анықталады. Оны айқындаудың бірнеше факторы бар:
Достарыңызбен бөлісу: |