НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Ер Төстік» – қазақ, қырғыз, татар халықтарына ортақ, ежелгі мифологиялық танымды
айқын аңғартатын фольклорлық мұра. Курдтарда да бір нұсқасы бар делінеді.
Қазақ нұсқасындағы «Ер Төстікті» Ә. Марғұлан «батырлық өлең» [1, 80], Р. Бердібай
«көне эпос» [2, 80], С. Қасқабасов «батырлық ертегі» [3, 80] қатарына жатқызады. Қазақ
нұсқасы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ОҒК 75-бумасында, латын жазуында сақталған.
Жинаушы – И.Ахметов [4, 367].
Бұл фольклорлық мұраның жиналу тарихына көз жіберсек, алғаш рет ХІХ ғасырдың
70-жылында В.Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племен» атты
еңбегінің 3-томында Батыс Сібір татарларының «Йиртөшлек» атты ертегісін жариялайды
және қырғыздардың 2146 өлең жолынан тұратын «Эр Тештюк» эпосын осы еңбектің 5-
томында жариялайды. Г.Потанин В.Радлов еңбегіндегі нұсқаларға сүйене отырып, «Ер
Төстік» эпосын өзге әлем халықтарының фольклорлық мұраларымен салыстыра келе,
мұндағы мотивтердің барынша кең таралғанын көрсетеді.
Қазақтардағы сияқты қара сөзбен айтылатын нұсқалар қырғыздарда да бар. Бұлардың
қатарында Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясындағы Ж. Жамгырчы уулу,
Ы. Шамен уулы, Ж. Казакбай уулы тапсырған нұсқаларды айтуға болады [8].
«Ер Төстік» ХХ ғасырда бірсыпыра салыстырмалы зерттеулерге арқау болды. Бұл
эпосқа қазақ, қырғыз, татар ғалымдарымен қатар еуропа ғалымдары да назар аударды.
Татар, қырғыз нұсқаларында архаикалық, яки мифологиялық эпос санатындағы «Ер
Төстік» өзінің барынша көнелік сипатымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл фольклорлық
мұрадан бағзы дәуірлердегі түркілерге ортақ мифтік дүниетанымды айқын көруге болады.
Қазақ нұсқасында бас қаһарман Ер Төстік кер биенің төстігін жеген соң анасының
бойына бітіп, дүниеге келеді. Сондықтан кәрі ата-анасы оған «Төстік» атын береді [7, 11]. Ол
жай бала емес, ерекше туған ер болады. «Ер Төстік» атануы сол себепті.
«Ер Төстікті» «ертегілік-мифологиялық дастан» деп атаған татар ғалымдарының
пікіріне сүйенсек, батырдың аты Йиртөшлек – жер атауымен байланысты, «жер астына
түсуші» деген мағына береді. Оның себебі қаһарман басынан кешкен оқиғалардың біразы
жер астында, хтоникалық ортада өтеді [5, 178].
С. Қаралаев жырлаған қырғыз нұсқасында Ер Төстік Манасқа қатысты, соның
айналасында жүрген қаһармандардың бірі. «Көкетайдың асы» бөлімінде Төстіктің жер
астына түскен оқиғасы сөз болады
Тан, атар салкын бозумсуң, Төштүк.
Жаныма жакын досумсуң, Төштүк,
Алты айлык чөл көргөн, Төштүк,
Адам көрбөс жер көргөн, Төштүк...[6, 19].
«Еламанның далада көрген түсі» деген бөлімде тоғыз ұлдан түңілген Еламанның түсіне
Қызыр кіріп, аян береді:
Колуңдагы боз алма
Санап көрсөң тогуздур,
Муну жесең тогуз уул.
Оң колуңда чоң алма,
Муну жесең жалгыз уул.
Кагышкан душман союлат,
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы ISSN 1608-2206 Филология сериясы. № 4, 2019
155
Бере турган баланын
Аты Төштүк коюлат.
Астында буудан малы бар,
Жеке өзүнүн башында
Тогуз миң жандык алы бар.
Отко салса күйбөгөн
Ойрондук жайы дагы бар.
Сууга салса акпаган
Султандык жайы дагы бар.
Аты Төштүк коюлат,
Атышкан жоолор союлат.
Алп сырттаны эр болот,
Алышкан кайдан соо болот.
Атса мылтык өтпөгөн
Арстандык жайы дагы бар [6, 30-31].
Көне дүниетанымда кеңістік вертикалды үш әлемнен, горизонталды төрт тараптан
тұрады. Жоғарғы әлем – болашақтың, ортаңғы әлем – осы шақтың, төменгі әлем – өткен
шақтың мекені. Жоғарғы әлем мен төменгі әлем мистикалық, сакральды сипатымен көрінеді.
Ер Төстіктің тағдырына төменгі әлемге – жер астына түсу жазылған. Түспеуге де болатын
еді, алайда, перінің қызы Бекторы батырдың өміріне араласады. Кенжекейдің тыйым туралы
ескерткенін тыңдамастан, Ерназар Сорқұдықтың басына көшін аялдатады. Сорқұдық –
мифологиялық мекен. Ежелгі адамдар танымында қоныстың өзі жайлы, жайсыз
сипаттарымен көрінеді. Адамзат баласына қатер төндіретін, жамандық әкелетін қоныстан
аулақ жүрген абзал. Басқа қатер төндіретін Сорқұдық сияқты мекен Ерназардың кенжесіне
залалын тигізеді. Бұл жайтты ақылымен болжап білген Кенжекейдің ерін қатерден құтқарар
амалы жоқ. Бар көмегі – төркінінен Төстік үшін қалап алған Ақсырмал сауытты (қырғыз
нұсқасында Чайынгы) кигізіп, Шалқұйрықты мінгізеді және мифтік сенімге сәйкес уақытты
тоқтата тұруға мүмкіндік алады. Яғни «ер қосын артсын» деп, төркінінен қалап алған Құба
інгенді бураға шөгереді де «Төстік не келген күні, не өлген күні ботала» деп серттеседі.
Сосын белін он екі құлаш торғын орамалмен орап, «Төстік не келген күні, не өлген күні
шешіл» деп серттеседі. Сөз бен серттің қасиетті күшіне сену – магиялық фольклорда көп
ұшырасады. Күллі құбылысқа сөз арқылы әсер ету, серт ұстау – мифтік таным тұрғысынан
алғанда шындық. Төстіктің перілер әлемімен байланысы, Жалмауыз кемпірден қашуы, жер
асты патшалығына барып, рух-иелер көмегін алуы, алып бәйтеректің басындағы
Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқаруы, жаны өзінен бөлек сақталған
Шойынқұлақты өлтіруі – эпостың мифлогиялық-архаикалық сипатын айқындай түсетін
мотивтер. «Ертегідегі «ұлын жалмауызға беру» мотиві мен «жалмауыздан қашу» мотивтері –
алғашқы қауымдағы инициация ғұрыптарының елесі» [4, 368] деген ғалымдар тұжырымына
сүйене отырып, әйел үстемдігі (матриархат) дәуірі өтіп, еркек үстемдігі (патриархат) орнай
бастаған кезең фольклорлық мұраларда осындай мотивтер түрінде сақталған деуге болады. .
Сорқұдықтың басына қонғанда қалың тұманның түсуі, Құба інгеннің жоғалуы – Ер
Төстікті жолынан бұрып, басқа әлемге сапарға бастаудағы басты детальдар. Ерназар жаны
үшін Жалмауыз кемпірге Төстіктің садағының ұшын шығаратын егеуін береді. Қырғыз
эпосында болат егеу Кенжекейдің сандығының түбінде жатады және осы егеумен Төстіктің
жаны байланысты. Еламанға (Төстіктің әкесі) суда өкпе болып жүзіп көрінген, артынан жеті
басты жалмауыз болып шыққан кемпір былай дейді:
Кенжекенин колунда / Кенжекейдің қолында
Алтын сандык бар экен, /Алтын сандық бар екен
Алтын сандык түбүндө, /Алтын сандық түбінде
Жыйнап койгон үбүндө / Салып қойған бұл бұйым
Эрге ылайык ал экен, / Ерге лайық сол екен –
Болот өгөө бар экен. / Болат егеу бар екен
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
156
Болжоп көрсөм ошону, / Болжап көрсем осыны
Эр Төштүк уулуң жаны экен / Ер Төстік ұлыңның жаны екен [6, 113].
Қазақ нұсқасында егеу туралы Төсіктің әкесі Ерназар айтады. «Менің қалтамда
Төстіктің садағының ұшын шығаратын егеуі бар. Төстік онсыз жүре алмайды. Мен соны осы
араға тастап кетейін. Төстік іздеп келеді, сонда өзің ұстап ал!» [7, 19], – дейді ол Жалмауыз
кемпірге.
Қазақ нұсқасында егеудің Жалмауыз кемпірде болуына ерекше мән беріледі.
Ерназардың егеуді жалмауызға беріп кеткенін Кенжекей көреді.
«Төстік түнде отауына кірейін десе, отауы ылғи берік болады. Бір күні Төстік
жеңгелерін алып, отауына кіреді. Төсегіне жатып еді, Кенжекей болат кездіктің сабын
Төстіктің жүрегіне тіреп, ұш жағын өз жүрегіне қояды:
– Қозғалмай жат, қозғалсаң екеуміз де жарыламыз, – дейді. Төстік мұның себебін
сұрайды. Кенжекей:
– Әкең сені Бекторының жалмауызына беріп кеткен, сен менікі емессің, жалмауыздан
біржола құтылып кел, – дейді.
– Әкем мені жалмауызға неге береді? – дейді ол. Кенжекей:
– Нанбасаң, әкеңнен егеуінді сұрап көрші, – дейді» [7, 20].
Егеу, бұл жерде Төстіктің жанына қатыссыз, алайда, оның жалмауыз кемпірдің
қолында болуы қауіпті. Төстік егеуін қалайда алуы керек. Кенжекейдің Төстікті отауына
кіргізбеуінде бір мән бар.
Егеуді алуға келген Төстікті жалмауыз кемпір ұстап алмақ. Өзін әкесінің жалмауыз
кемпірге беріп кеткенін Төстікке Кенжекей жеткізеді. Төстіктің алдағы сапарының
қиындығын болжап білген Кенжекей:
Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды атам.
Жалмауызға жалғызын
Жанынан қорқып берді атам.
Жүретұғын жолыңда
Құлан өтпес шөлі бар,
Оны да басып өтесің,
Қыран өтпес қия бар,
Оны да басып өтесің, –
дейді. Кенжекей төркінінен арнайы алған Төстікке Шалқұйрықты мінгізіп, Ақсырмал
сауытты кигізіп аттандырады [7, 20]. Ер Төстік өтетін бұл жолдар («құлан өтпес шөл»,
Достарыңызбен бөлісу: |