ІІ. Мағыналары қарама-қарсы қойылған әр түрлі физикалық объектілерді
білдіретін инварианттық жұптар
ІІ а. Мүшелері өздерімен өздері жұп болатын, алайда аралық үлгілердің болуына
жол берілетін жұптар
(сапасының дәрежесі бойынша ерекшеленеді)
1. ҮЛКЕН – КІШІ. Үлкен және кіші, жалпы елеулі және елеусіз нәрселер, соның ішінде
елеулі, елеусіз оқиғалар мен әрекеттер, маңызды және маңызды емес адамдар туралы.
Мысалы: «Үлкен үйдегілер күлсе, кіші үйдегілер езу тартады», «Үлкен бастар, кіші қостар»,
«Ұлық болсаң, кішік бол», «Үлкен іске кірісерде ұсағын да ұмытпа».
2. ҰЗЫН – ҚЫСҚА. Ұзын және қысқа нәрселер, соның ішінде жағдайлар, киімдер және
т.б. сонымен қатар ұзақ және қысқа сөйлеулер туралы. Мысалы: «Әйелдің шашы ұзын,
ақылы қысқа», «Бойының ұзын болғанын қайтейін, Ақылы қысқа болса», «Жақсы жолдың
ұзыны жақсы, Жаман жолдың қысқасы жақсы».
3. БИІК – ТӨМЕН. Биік және төмен нәрселер, соның ішінде биік және төмен биіктігі
бар заттар, көтеріңкі және төмендік, сонымен қатар атақты және атақты емес адамдар
туралы. Мысалы: «Бетегенден биік, жусаннан аласа», «Төмен қонсаң, сел алар, Биік қонсаң,
жел алар», «Өзгені төмендеткеннен өзің биік боп қалмайсың», «Адамның санасы
қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді».
4. КҮШТІ – ӘЛСІЗ. Күшті және әлсіз, елеулі және елеусіз күштерге ие нәрселер, соның
ішінде ықпалды және ықпалсыз адамдар туралы. Мысалы: «Әлді берер, әлсіз безер»,
«Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар», «Қару күшті емес, Қару ұстаған
күшті», «Күшті күшсізді күйретеді».
5. БЕРІК – ӘЛЖУАЗ. Берік және әлжуаз, соның ішінде төзімді және төзімсіз, қатты
және жұмсақ, сондай-ақ қалың және жұқа нәрселер туралы. Мысалы: «Талдың жұмсақтығы
өзіне жарасар, Қайыңның қаттылығы өзіне жарасар», «Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да
– тіл», «Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ, Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ».
6. ЖАҢА – ЕСКІ. Жаңа және ескі нәрселер туралы, соның ішінде жақында және бұрын
өткен оқиғалар, ескі және жаңашыл дәстүрлер. Мысалы: «Ескісіз жаңа болмас, Жаңасыз
жақсы болмас», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Ескі дүние тозады,
Жаңа дүние озады».
7. КӘРІ – ЖАС. Кәрі мен жас, қарттар мен жастар, қартайған және жас малдар, солған
гүлдер мен жас бұтақтар, сонымен қатар отбасының, қауымның, жүздің үлкен және кіші
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
210
мүшелері туралы. Мысалы: «Кәрі болсаң, жастығыңды айтпа, Жарлы болсаң, байлығыңды
айтпа», «Айтпаса кәрі кінәлі, Тыңдамаса жас кінәлі», «Кәріге – құрмет, Жасқа – міндет»,
«Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық».
8. АЛЫС – ЖАҚЫН. Алыс және жақын нәрселер, кеңістік пен уақытта алыс және
жақын орналасқан заттар, сонымен қатар алыс және жақын адамдар туралы. Мысалы:
«Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық», «Алыста жүрсе, кісінескен ағайын,
Жақында жүрсе, тістескен ағайын», «Алыс жермен құда болсаң, түйе-түйе ас келер,
Жақын жермен құда болсаң, түйе-түйе сөз келер», «Алыстан арбалағанша, жақыннан
дорбала».
9. АҚЫЛДЫ – АҚЫЛСЫЗ. Ақылды және ақымақ (кісілер), соның ішінде данышпандар
мен ақымақтар, психологиялық толық жарамды және жарамсыз тұлғалар (есалаңдар мен
жындылар), сонымен қатар жалпы ақыл, ақымақтық туралы. Мысалы: «Ақылды көршің –
саяң. Ақымақ көршің – шаян», «Ақылды тапқанын шашады, Ақымақ ағайыннан қашады»,
«Ақымақпен тойға барғанша, Ақылсызбен тас тасы», «Ақылды «көндім» десе, Ақымақ
«жеңдім» дейді».
10. ЖАҚСЫ – ЖАМАН. Жақсы және жаман нәрселер туралы, сонымен қатар
жақсылық пен жамандық, бақыт пен қайғы, пайдалы мен зиянды, ащы мен тәтті, тазалық пен
ластық, сондай-ақ мейірімді және мейірімсіз, бақытты және бейбақ адамдар туралы.
Мысалы: «Жақсы – ардың құлы, Жаман – малдың құлы», «Жақсылыққа жамандық –
арсыздың ісі, Жамандыққа жақсылық – ердің ісі», «Ақылы жоқ жамандар, Жақсылармен
егесер».
11. ЖАРЫҚ – ҚАРАҢҒЫ. Жарық және қараңғы нәрселер, ақшыл және қара түстерге
боялған, тура және ауыспалы мағынадағы ақ және қара, сондай-ақ жағымды және жағымсыз
заттар туралы. Мысалы: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп», «Айдың он бесі
жарық, он бесі қараңғы», «Аққа қара жақ, Қараға шара жоқ», «Ақ айланар, қара байланар».
12. ТОЛЫ – БОС. Толы және бос нәрселер, сонымен қатар жиегіне дейін толған немесе
бос әр түрлі сиымдылықтар мен ыдыстар, мағыналы (пайдалы) немес мағынасыз (пайдасыз)
заттар немесе адамдар туралы. Мысалы: «Толмасқа құйма, тоймасқа берме», «Пайдасыз
шындықтан пайдалы өтірік жақсы», «Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе», «Қазан
қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады», «Жаманнан жарты қасық ас қалар».
13. БАЙ – ЖАРЛЫ. Бай және жарлылар (адамдар, елдер, халықтар) туралы, бірінші
кезекте көп ақшалары, қазыналары, жерлері мен малдары бар байлар туралы, сонымен қатар
ешқандай байлықтарға ие емес кедейлер туралы. Мысалы: «Байлық мұрат емес, Жарлылық
ұят емес», «Байдың малы ардақты, Жарлының жаны ардақты», «Қайырсыз байдан,
Қалбаңдаған кедей артық», «Бай – балпаң, Кедей – жалтаң».
14. АШ – ТОҚ. Молшылықта өмір сүретін тоқ адамдар мен жоқшылықтағы аш адамдар
туралы, сонымен қатар жалпы қанағаттанғандар мен қанағатсыздар (адамдар) туралы.
Мысалы: «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала ешнәрсені ойламайды», «Байлар
ашты тоқ санар, Аш жаманын жоқ санар», «Аш қадірін тоқ білмес, Ауру қадірін сау
білмес», «Аш не жемес, Тоқ не демес».
15. ТЕЗ – ЖАЙ. Тез және жәй әрекеттер туралы (жұмыс, қимыл-қозғалыс), сонымен
қатар асығыстық пен жайбасарлық, қарбаластық пен бірқалыптылық (істе) және т.б. туралы.
Мысалы: «Асыққан қалар ұятқа, Асықпаған жетер мұратқа», «Асыққан аттыдан асықпаған
жаяу озады», «Асыққан жетпес, бұйырған кетпес» Сабыр – күн түсірмейтін сая, Асығыс –
аунатып кететін мая».
16. КӨП – АЗ. Нәрселердің үлкен және аз мөлшерін, сонымен қатар көп және біршама
санын, көп және аз заттың бір жағы, бір заттың басқа жағы туралы. Мысалы: «Аз болды деп
күйінбе, мая болса, қайтесің, Көп болды деп қуанба, зая болса қайтесің», «Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір», «Көптен дәметкен аздан құр қалар», «Көптің ақылы – көл, Аздың
ақылы – шөл».
Достарыңызбен бөлісу: |