Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет174/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   341
Қ.К. Кенжалин

1

, М.А. Ермекбаева

1

Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  Қазақ  тіл  білімі  кафедрасының 



доценті, PhD докторы, e-mail: kenkk@mail.ru 

2

Л.Н.  Гумилев  атындағы Еуразия  ұлттық  университеті  «6М011700-Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 



мамандығының магистранты, e-mail: maira_08@bk.ru 

 

ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚ МАҚАЛ-

МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ 

 

Паремиология  –  лингвистиканың  жаңа  салаларының  бірі  болып  табылады.  Бұл 

мақалада  осы  саланың  білгірі,  ғалым  Г.Л.  Пермяковтың  шығыс  халықтары  мақал-

мәтелдерін  ғылыми  тұрғыдан  зерттеуі  жайлы  сөз  болады.  Нақтырақ  айтсақ,  Г. 

Пермяковтың  «Основы  структурной  паремиологии»  ғылыми  еңбегінде  тіл  тарихын 

салыстырмалы-салғастырмалы  әдіс  арқылы  зерттеуі,  автордың  шығыс  халықтарының 

мақал-мәтелдерінің  логикалық-тақырыптық,  семантикалық  топтары  жіктемесінің 

заңдылықтары  мен  ерекшеліктері  көрсетіліп,  қазақ  мақал-мәтелдері  сол  жіктемеге 

салынып, мысалдармен дәлеледенеді.  


Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

206 



 

Баршаға  мәлім,  фольклор  мен  паремиологияны  зерттеушілер  мақал-мәтелдердің 

функционалдық  ерекшеліктерін  бұрыннан  зерттеп  келеді.  Жоғарыда  аталған  еңбекте 

ғалым  паремиялардың  (мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  ырымдар)  7  прагматикалық 

функциялары  мен  оларды  қолданудың  7  басты  мақсаттарын  біріктіріп,  топтастырудың 

жаңа үлгісі – инварианттық тақырыптық жұптарды ұсынады. Сонымен қатар зерттеуші 

бір  логикалық-тақырыптық  топты  төрт  үлкен  топқа  бөледі.  Біз  бұл  зерттеу 

жұмысымызда қазақ мақал-мәтелдеріне ғалымның топтық жіктемесіне сәйкес логикалық-

тақырыптық  талдау  жасадық.  Инварианттық-тақырыптық  жұп  құрайтын  2  топ 

таңдалды:  бірінші  топ  «Егер  бір  зат  белгілі  бір  қасиетке  ие  болса,  онда  ол  басқа  да 

қасиетке  ие  болады»,  екінші  топ  «Егер  бір  зат  болса,  онда  екінші  зат  та  бар»  және 

инварианттық құрылымдық үлгіге сәйкестілікте қарастырылды. 

Алынған тақырыптың қолдану аймағы кең болғандықтан  ІІІ, IV топтардың аталған 

жіктеме бойынша талдауын келесі мақалаларымызда беруді жөн көрдік.  

Кілт  сөздер:  мақал-мәтел,  паремиология,  паремия,  инвариант,  инварианттық  жұп, 

тақырыптық жұп. 

 

КІРІСПЕ 



 

Кез келген халықтың тарих қойнауынан сыр шертетін, атадан-балаға мирас болып келе 

жатқан  өзінің  тілі,  төл  әдебиеті  болады.  Ол  –  сан  ғасырлар  бойы  сол  халықпен  бірге  біте 

қайнасып  келе  жатқан  асыл  қазынасы.  Сондай  асыл  мұраларымыздың  бастауы  қазақтың 

халық ауыз әдебиетінде жатыр. Онда халқымызың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, 

өмір  тәжірибесі,  бар  болмыс-бітім  көрініс  тапқан.  Ата-бабамыздан  ауызша  жеткен  халық 

ауыз  әдебиеті  әр  түрлі  жанрға,  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Солардың  бірі  өзінің  құрылымы 

жағынан  да,  мағына  жағынан  да  ерекше  түрі  –  мақал-мәтелдер.  Мақал-мәтелдердің  шығу 

тегін  сөз  ететін  болсақ,  А.  Байтұрсынұлы  «Мақал  да  тақпаққа  жақын  салт-санасына  сәйкес 

айтылған пікірлер. Тақпақтан көрі мақал маңызды, шыны келеді. («Мал – жаным садағасы, 



жан  –  арым садағасы, Денсаулық   зор байлық). Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кесегінен 

айтылатын  белгілі-белгілі  сөздер.  Мәтел  мақалға  жақын  болады.  Бірақ  мақал  тәжірибеден 

шыққан  ақиқат  түрінде  айтылады.  Мәтел  ақиқат  жағын  қарамай  әдетті  сөз  есебінде 

айтылады» («Өзі тойса да, көзі тоймайды», «Көппен көрген ұлы той») деп бөледі. 

Ал  қазақ  мақал-мәтелдерін  алғаш  боп  жинақтаған  фольклортанушы,  жазушы 

Ө.Тұрманжанов  «мақалдар  мен  мәтелдер  ауыз  әдебиетінің  ең  байырғы,  ең  көне  түрі.  Ол 

ғасырлар  бойы  халықтың  ұқыптап  сақтап  келген  еңбек  тәжірибесінің  жиыны,  ой-пікірінің 

түйіні,  аңсаған  асыл  арманының  арнасы,  өмір  тіршілігінің  айнасы,  көнеден  жаңаға  келе 

жатқан,  тозбайтын,  тот  баспайтын  өмірлік  өшпес  мұрасы»  [1,  3]  десе,  ғалым  Ә.  Қайдар 

«көркем  сөз  тәсілдерінің  ішіндегі  қуаттысы  мен  құнарлысы  болып  саналатын  мақал-

мәтелдер  тіл  атаулының  баршасына  тән,  өзіндік  ерекшелігімен  көзге  түсетін  универсалдық 

құбылыс» [2, 425]  деп анықтама береді.  

Қазақ  мақал-мәтелдерін  алғаш  боп  жинақтаушылардың  бірі  М.  Әлімбаев  «Мақал 

дегеніміз  –  өмір  құбылыстарын  жинақтайтын  және  типтендіретін  бір  яки  екі  бөлімнен 

құралып,  алдыңғысында  шарт  немесе  жалпы  пайымдау,  соңғысында  қорытынды,  түйінді 

пікір  айтатын  бітімі  бекем,  өте  ықшам,  бейнелі  әрі  ырғақты  халық  нақылы.  Ал,  мәтел 

дегеніміз  халық  арасында  көп  тараған,  қорытындысы  болмайтын,  тұжырымы 

тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі» дейді [3, 16]. 

Сол  өшпес  мұрасына  айналған  мақал-мәтелдер  халықтың  өмірімен,  тұрмыс-

тіршілігімен  біте  қайнасып,  рухани,  материалдық  мәдениетіміздің  өзгерістеріне  сәйкес 

дамып отырады. Сол себептен де оларды «халық – өмірінің айнасы» деп атайды. 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

207 



 

Тіл білімінде мақал-мәтелдерді гректің «paromia» – «қысқа айтылатын нақыл сөз» және 

соны  зерттеу  деген  ұғымды  білдіретін  паремиология  ғылымы  зерттейді.  «Паремиология  – 

мақал-мәтелдер  мен  әр  алуан  қанатты  –  нақыл  сөздерді  жан-жақты  зерттеуге  байланысты  

пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі» [2, 425]. 

Паремиологиялық  зерттеулерге  қарағанда  мақал-мәтелдерді  халық  арасынан  жинап, 

бастыру ХІХ ғасырда басталған. Ең алғаш қазақ мақал-мәтелдерін 1897 ж.  Ы. Алтынсарин 

Орынборда  басып  жариялады.  Сонымен  қатар  В.В.  Катаринскийдің  «Сборник  киргизских 

пословиц»,   Ә. Диваевтың құрастаруымен «Мың бір мақал», «Қазақ мақалдары» тағы басқа 

еңбектер жарық көрді. 

Қазақ  ғалымдары  мақал-мәтелдердің  Орхон-Енесей  жазба  ескерткіштерінен  бастау 

алатынын  айтса  («Бастыны  еңкейтіп,  тізеліні  бүктірген»,  «Өлімнен  ұят  күшті»),  ғалым 

Ғ.Тұрабаева  өзінің  «Түркі  халықтарының  мақал-мәтелдеріндегі  ортақтық»  мақаласында 

Орхон  жазбаларында  мақал-мәтелдердің  өте  аз  кездесетінін,  ал  Мақмұт  Қашқаридың 

«Диуани-лұғат-ат-түрк»  еңбегінде  (Ташкент  басылымында)  267  мақал-мәтелдердің  бар 

екенін көрсетеді. Сол еңбегінде қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, түрікмен халықтарының мақал-

мәтелдерінің  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктеріне  тоқталып,  оларды  мынадай  3  түрге  бөліп 

көрсетеді: 

1. Мағынасы мен құрылымы ұқсас мақал-мәтелдер («Көсеу ұзын болса, қол күймес»); 

2.  Шығу  тегі  бір,  жалпы  мағына-мәні  сәйкес,  бірақ  толық  және  қысқаша  түрде 

кездесетін мақал-мәтелдер («Қорыққанға қос көрінер»); 

3. Мағыналары ғана сақталған («Ауру қалса да, әдет қалмайды» [4, 181-189]. 

Паремиолия  ғылымы  мақал-мәтелдердің  мағынасы  мен  мазмұнын,  шығу  тарихын, 

пайда  болу  жолдарын,  құрылымын,  т.б.  зерттейді.  Ғалым  Ә.  Қайдар  осылардың  ішінде 

мақал-мәтелдерді мағыналық және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты зерттеулердің кең 

тарағанын, әсіресе орыс ғалымы Г.Л. Пермяковтың осы бағыттағы еңбегінің зор екенін атап 

өтеді.  Алайда  түркі  тілдес  халықтардың  мақал-мәтелдерінің  зерттелу  жайы,  соның  ішінде 

қазақ  мақал-мәтелдерінің  жинағын шығару  мен  басқа  тілден  аудару  жағына  қарағанда  таза 

лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі жағы кенжелеп қалғанын алға тартады. 

Г.Л. Пермяков мақал-мәтелдерді зерттеуді Азия, Африка елдерінің ертегілері мен аңыз 

әңгімелерін  аудару  тәжірибесінен,  һәм  1968  жылы  «Избранные  пословицы  и  поговорки 

народов  Востока»  деген  еңбегін  шығарудан  бастады.  Ғалым  осы  еңбегінде 

фольклортанушылар  зерттеп  жүрген  әр  түрлі  халықтардың  мақал-мәтелдерінің  негізі 

типтерінің ұқсастықтарын жан-жақты түсіндіреді. Ғалымның кейінгі зерттеу  еңбектері оған 

мақал-мәтелдерді  басқа  тілдер  мен  фольклолық  клишелер  қатарында  қарастырып,  олардың 

ішкі  және  сыртқы  құрылымдарына  тереңірек  тоқталуға  болатынын  көрсетті.  Ғалым  бұл 

салада  «От  поговорки  до  сказки»  (1970),  «К  вопросу  о  структуре  паремиологического 

фонда»,  «Основы  структурной  паремиологии»  (1988),  т.б.    еңбектер  жазып,  паремиология 

ғылымының дамуына зор үлес қосты. [5, 7-8]. 

Алдымен ғалым мақал-мәтелдерді жүйелеудің бірнеше жіктемесін айта келе, олардың 

маңызды түрлерін бөліп көрсетеді: 

1.  Әліпбилік  жүйелеу.  Бұл  жүйелеуде  мақал-мәтелдер  алғашқы  сөздерінің  бас 

әріптеріне  қарай  алфавиттік  тәртіппен  беріледі.  Көптеген  елдердің  мақал-мәтелдері  тарихи 

және  қазіргі  заманғы  дереккөздерде  осындай  жүйелеу  арқылы  берілген.  Алфавиттік 

жіктелудің  артықшылығы  оның  қарапайымдығында.  Алайда  мұндай  жіктемеде  мақал-

мәтелдердің басқа әріптен басталатын  варианттары әр жерге түсіп кетеді. 

2. Тірек сөз бойынша жүйелеу. Мұнда мақал-мәтелдер сөйлемдегі нақыл сөздің тірек 

сөздері арқылы орналастырылады. 

3. Монографиялық жүйелеу бойынша мақал-мәтелдер жиналу жері мен уақыты және 

жинаушысы бойынша топталады. 

4. Генетикалық жүйелеуде мақал-мәтелдер шығу белгісі, соның ішінде қай тілде, қай 

халықта пайда болғаны бойынша орналастырылады. 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

208 



 

5. Тақырыптық жүйелеу мақал-мәтелдерді тақырыптары мен мағынасына қарай бөліп 

көрсетеді [5, 11-12]. 

Мақал-мәтелдердің  табиғаты  барлық  тілдерде  ұқсас  болып  келуіне  байланысты  қазақ 

мақал-мәтелдері де аталған жүйелеу  бойынша басқа  халықтардағы сияқты көбіне әліпбилік 

және тақырыптық жүйелеу бойынша  беріледі. 

Фольклор  зерттеушілері  мен  паремиологтар  көптеген  халықтың  нақыл  сөздерінің 

функционалдық айырмашылықтарына да ертеден назар аударған. Енді ғалымның жоғарыда 

аталған «Основы структурной паремиологии» еңбегіндегі паремиялардың  (мақал-мәтелдер, 

жұмбақтар,  ырымдар)  прагматикалық  функциясын  немесе  олардың  қолданылуының  7 

негізгі мақсатына тоқталып өтсек. 

1.  Модельдеу.  Бұл  қызметті  атқаратын  мақал-мәтелдер  өмірлік  (немесе  логикалық) 

жағдаяттың ауызша (ойша) моделін береді. 

2. Өнегелік. Жоғарыда көрсетілген паремиялардың кез келген түрі бір нәрсеге үйретіп, 

өзінше өнеге береді: біреуі әлеммен таныстырса, екіншісі мінез-құлық ережелеріне, үшіншісі 

ойлау  қабілеттеріне,  төртіншісі  туған  тілдің  дыбыстарының  артикуляциялық  ережелерімен 

таныстырады.  Бірақ  олардың  барлығы  ортақ  бір  қасиетке  ие,  яғни  қажетті  нәрсеге  үйрету 

құралы ретінде қызмет атқарады. 

3.  Болжамдық.  Бұл  қызметтегі  мақал-мәтелдердің  негізгі  мағынасы  болашақты 

болжау, келешекке бағыт беру. 

4.  Төртінші  қызмет  –  құдіреттілік.  Бұл  қызметтің  негізгі  мәні  сөз  арқылы  қажетті 

әрекетті шақыру немесе табиғатқа, адамдарға өзіңнің қалауыңмен әсер ету. 

5.  Негативті-коммуникативтік.  Негізгі  мәні  бірдеңе  айту  арқылы,  ештеңені 

хабарламау,  немесе  (ұнамсыз)  жауаптан  жалтару  я  қарсыластың  (әңгімелесуші)  дәлелін 

қабылдамау. 

6. Алтыншы көңіл көтеруші қызмет. Аты айтып тұрғандай мұндай қызметтегі мақал-

мәтелдер тыңдаушылардың көңілін көтеру мақсатында қолданылады. 

7.  Жетінші  қызмет  –  айшықты  қызмет.  Бұндай  мақал-мәтелдер  сөйлеуді  айшықтап, 

көркемдеу мақсатында пайдаланылады. [5, 87-89]. 

Одан  әрі  ғалым  мақал-мәтелдерді  топтастырудың  жаңа  үлгісі  –  инварианттық 

тақырыптық  жұптармен  топтастыруды  ұсынады.  Бұл  принцип  бойынша  мақал-мәтелдер 

«жақсы-жаман»,  «алыс-жақын»,  «жаңа-ескі»,  т.б.  тақырыптар  бойынша  жіктеледі.  Автор 

паремиологиялық  қарсы  қойып  салыстыру  негізіндегі  инварианттық  жұптардың  тізімі  өзі 

көрсеткен  76  жұптан  да  артық  екенін,  тізімді  одан  әрі  де  жалғастыра  беруге  болатынын 

айтады. Алайда  көпшілік халықтардың мақал-мәтелдер қорының тоқсан жеті пайызын осы 

жұптар қамтиды екен.  

Зерттеуші  бір  логикалық-тақырыптық  топтарды  кең  түрдегі  4  үлкен  топқа  бөледі.  Біз 

осы  мақаламызда  қазақ  мақал-мәтелдерін  ғалымның  сол  топтық  жіктемесі  бойынша 

логикалық-тақырыптық жағынан талдап көруді міндет тұттық. Дегенмен бұл бір мақаланың 

көлемімен  өлшенетін  зерттеу  болмағандықтан,  ғалымның  инварианттық  тақырыптық  жұп 

құрайтын 2 топты ғана алдық. Яғни, І топ «егер бір нәрсе қандай да бір қасиетке ие болса, 

онда ол  тағы  да  басқа  қасиетке  ие»  деген,  ал ІІ  топ  «егер  бір  нәрсе  болса,  екінші  нәрсе  де 

болады» деген инварианттық құрылымдық үлгіге сәйкес мақал-мәтелдерді құрайды. [5, 23]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет