Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет227/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Г.О.Мүрсәлім

1

, Қ.Т.Төлебаева

2

 

1

докторант,  Қазақ  инновациялық  гуманитарлық-заң  университеті,  Семей  қ.,  Қазақстан 



Республикасы, е-mail: erowkan@mail.ru 

2

ф.ғ.к.,  Қазақ  инновациялық  гуманитарлық-заң  университеті,  Семей  қ.,  Қазақстан 



Республикасы, е-mail: tulebaeva82@mail.ru 

 

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС ПЕН 



ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕЛЕНУІ 

 

Мақалада  қазіргі  қазақ  поэзиясының  көркемдік-эстетикалық  ерекшелігі,  тілдік-



бейнелілік  қуаты  сипатталып,  талданған.  Ақындар  шығармашылығындағы  мифологиялық 

қабаттың  астасып  суреттелуі  мысалдар  арқылы  зерттеліп,  қарастырылған.  Ұ.Есдәулет 

поэзиясындағы  ел,  жер  тақырыбының  ерекше  жырлануы  сөз  болады.  Ақын  поэзиясында 

ұлттық мінезді беру арқылы ұлттық болмысымызды ашып беретіндігі айтылады. Ұлықбек 

ақын  шығармашылығындағы  асқақ  тауларға  деген  биік  құрмет  аңғарылады.  Лирикалық 

кейіпкердің  сомдалуы  мен  тұлғалану  процесі  мәселесі  де  сөз  болады.  Сондай-ақ,  мақалада 

лирикалық қаһарман, әдеби тұлға мәселесі де жан-жақты сарапталған. 

Кілт  сөздер:  миф,  әдеби  тұлға,  мифтік  астар,  поэзия,  мифопоэтика,  лирикалық 

кейіпкер. 

 

КІРІСПЕ 


 

Миф  –  «мәдениеттің  күрделі  шындықтарының  бірі»  [1,  15],  оны  әртүрлі  «өзара 

толықтырушы»  аспектілерде  түсіндіріп,  қарастыруға  болады.  Мифология  адам  санасының 

бөлінбес  бөлігі  болып  табылады.  Миф  «тарих  қойнауындағы  сырларды  шертеді», 

мәдениеттің  шынайы  көрінісінде  «алғашқы  ежелгі  бастауы»  кезінде  болған  оқиғаларды 

сипаттайды.  

Қазақ  әдебиетінің  эстетикалық  парадигмалары  мен  рухани  байланыстарының  қазіргі 

кезеңдегі  зерттелуін  адамзат  болмысы  мен  өркениеттің  бастауларымен  байланыста 

қарастыру  оны  мифологиялық  контексте  зерттеу  қажеттілігін  туындатады.  Қaзaқ 

поэзияcындa  көркемдік-эcтетикaлық  жaғынан  қуатты,  тілдік-бейнелілік  жағынан  өрнекті 

ерекше  жанр  –  лирика.  Қазіргі  қазақ  ақындары  ұлттық  мәдениеттің  ежелгі  бастауларына, 

түркі  мифологиясына  көп  көңіл  бөле  бастап,  мәңгілік  рухани  құндылықтарға  деген 

қызығушылықтарын жандандыра бастады. 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

275 



 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Қазақ  лирикаcы  –  ұлттық  cөз  өнерінің  ең  арналы,  поэтикалық  қуаты  ерекше  жанры 

ретінде  көрініс  тауып  отырғаны  әдебиеттану  ғылымында  жан-жақты  зерттелініп  келеді. 

Бүгінгі  қазақ  поэзиясындағы  ақындар  шығармашылығындағы  мифтік  құбылыстардың 

көрініс табуын зерттеу ғылымдағы өзекті мәселелердің бірі болып келеді.  

Елдің  қоғамдық  саяси-әлеуметтік  жағдайы  адам  өміріне,  оның  сана-сезіміне, 

дүниетанымына әсер ететіні – белгілі құбылыс. Осы орайда адам тағдырын өзіне арқау ететін 

көркем  әдебиет  оны  жаңа  қырынан  тануға  талпынды.  Қаламгерлер  бұрынғы  қалыптасқан 

көркемдік  тәжірибеден  оза  шығып,  өз мүмкіндіктерінің  кеңдігін  байқата  бастады.  Баспасөз 

беттерінде өздерінің алғашқы үнін танытып, өзіндік қолтаңбасын ала келген жас қаламгерлер 

көрініп жатты. Олар өздері өмір сүріп отырған қоғам тынысын зерттеп, зерделеп, адам мен 

қоғам,  адам  мен  табиғат,  адам  мен  тарих  сияқты  келелі  мәселелерге,  қоғам  өміріндегі 

«қабылданған»  немесе  «қабылдатқызылған»  бұлжымас  заңдардың  мәңгілік  емес  екенін 

танытуға,  ашып  көрсетуге  ден  қойды.  Жас  суреткерлер  қаламынан  туындаған  туынды 

өзегінде шымшымдап айтылған осындай өмір шындықтары көзі қарақты оқырман санасына 

жетіп  қалып  жатты.  Сондықтан  да  өзінің  «мөлшері»  жағынан  дайын  тұрған  қалыпқа  сыя 

бермейтін,  идеялық  нысанасы  философиялық  ауқымдылықты  танытқан  туындылар  әдеби 

процесте өзінің сонылығымен ерекшеленген еді. 

Барлық  қоғам  мүшелерінен  жарқын  болашаққа  сену,  тек  қана  партияны  тану,  қалау 

және  ерекше  күш  иесі  ретінде  партия  мен  өкіметке  бар  жақсылығы  үшін  шексіз  алғыс 

білдіру, жеке тұлғаны «халық» пен «ұжым» алдында өзін кінәлі сезінуге, тіпті, болашақ үшін 

құрбандыққа  шалынуға  дейін  жеткізуді  көздеген  социализм  мен  мәңгілік  сенім,  табыну 

қирағанымен,  оған  деген  ұмтылыс  қалды.  Бұл  жағдайды  одан  сайын  шиеленістіріп  отыр. 

Соңғы жылдардағы әдебиетімізде болып жатқан өзгеріс, құбылыстардың барлығы бір тарихи 

кезеңнің басталып, екіншісінің аяқталуымен байланысты болып жатқаны баршаға түсінікті. 

ХХ  ғасырдың  аяғындағы  қазақ  халқының  қоғамдық  әлеуметтік,  мәдени  ойсанасының 

жемісі  болып  саналатын  бүгінгі  әдебиет,  оның  өкілдері  адам  мен  уақыт,  жағдай,  болмыс, 

қоғам  арасындағы  тартысты  өз шығармаларының  өзегіне  айналдырып отырғанын, олардың 

туындыларын  пайымдағанда  байқауға  болатындығын  нақтылайды.  Қоғамның  жай-күйін 

өзгелерден  бұрын  алдымен  суреткер  көреді,  сезінеді.  Ал  оны  қалай  суреттейді,  қай 

философияны басшылыққа алады, қалай ұғындырады, ол – суреткердің ісі. 

Көркемдік  ойлау  жүйесінің  негізі  болып  табылатын  реалистік  және  романтикалық 

әдістерде  қалам  тарта  отырып,  мифтік  образ  жасауда  авторлық  тұрғыны  беруде  өрнекті 

мифопоэтика  элементтерін  қолданып  жүрген  қаламгерлеріміздің  қатарына  Ұлықбек 

Есдәулетті, Тыныштықбек Әбдікәкімұлын, Жанат Әскербекқызын, Думан Рамазанды, Айгүл 

Кемелбаеваны, Дидар Амантайды жатқызар едік. 

Бұлар  –  әдебиетке  тыңнан  қосылған  күш.  Әрине,  белгілі  қоғамдық  құрылыстың  күні 

жетіп құлдырап бара жатқанын, ел өмірінде өздері сезе отырып, оны халыққа шығарма өзегі 

арқылы  жеткізбек  болған  қаламгерлер  әртүрлі  әлемдік  әдебиеттегі  көркемдік  ізденістерді 

қолданғаны  белгілі.  Қазіргі  кезде  дүниежүзі  көркем  әдебиетінде  өмірді  бейнелеудің  әдіс-

тәсілдері,  көркемдік  машықтары,  әдеби-тәжірибелер  бой  көрсетті.  Олардың  бірқатары 

қалыптасу  үстінде.  Модернизм,  авангардизм,  мифологизм,  эксизтенциализм,  сюрреализм 

сияқты  ағымдар  өркениетті  елдер  әдебиетінің  тарихында  өз  ізін  қалдырды.  Енді  осы  әдіс-

тәсілдерге  үрке  қарауды  қою  керек  сияқты.  Көркемдік  ізденістері  алуан  түрлі  егемен 

еліміздің  ешкімге  ұқсамайтын  жаңа  дәуірінің  ұлттық  әдебиетін  жасау  –  алдымызда  тұрған 

зор міндет. 

Қазіргі  заман  тынысын,  ондағы  құбылыстар  мен  өзгерістер  адам  бойына  қандай 

сезімдік  әсерлер  дарытты,  қандай  қайшылықтар  туды,  оның  таным-түйсігіне,  ойлау 

бағытына  қалай  әсер  етті  деген  сұрақтар  көптің  көкейінде  жүргені  белгілі.  Міне,  осы 

жағдайлар бүгінгі қазақ поэзиясының күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

276 



 

 Жыр  шумақтары  мифтік  астарлы  қуатты  сөздермен  өрілген,  қазақ  поэзиясының 

талантты ақындарының бірі – Ұлықбек Есдәулетов. Ақын жырларындағы мөлдір де кіршіксіз 

жырлaрдың  aрқaуы  елге,  жерге  деген  ыстық  махаббат  арқылы  көрініс  табады.  Ақын 

поэзиясындағы  туған  ел,  жер,  ауыл  ұғымдары  мифопоэтикалық  нысандарға  жатады.  

Мәселен, «Перзент парызы» деген өлеңіндегі:  

    

 

    Туған үйімнің терезесінен, 



Қазақстан даласы көрінеді. 

Аспанда ақша бұлт керіледі. 

Ақша бұлтқа жолдаған сәлемі деп, 

Ошағымның түтіні өріледі [2, 41]. 

Бұл  өлең  жолындағы  «Ошағымның  түтіні»  ұғымына туған  жер,  атамекен,  туып-өскен 

жер деген мағынада беріліп тұр. Ошaқтан баcталған Отанның көркем бейнесі жүректен кіріп, 

ойыңды да, бойыңды да еріксіз азаматтық пен ұлтжандылыққа толтырaды. 

Ақын Серік Ақсұңқарұлы болса: «Ұлықбек Есдәулеттің азаматтық лирикасын интимдік 

лирика  секілді  құмартып,  құныға  оқисың.  Киіз  туырлықты  қазақтың  керегесі  мен  уығы, 

шымылдығы  мен  ошағы,  түндігі  оның  өзегінен  өлең  болып  төгіліп,  төрткүл  дүниеге  көңіл 

қыдыртады», – деген баға береді [3]. Осыған орай, ақынның мына бір өлең жолдарына назар 

аударып көрсек: 

Сағындым сені, Сауыр шың, 

Сауырдың сәні – самырсын. 

Өсіп ем саған өрмелеп, 

Тентекті сол бір танырсың. 

Ақынның  туған  жері  Зайсан  өңірі,  Самырсын  таулары,  ауылына  деген  сағынышы 

қалың, елінің алдындағы азаматтық борышы үлкен мақсаттарға жетелейтіні  анық. Ұлықбек 

ақын поэзиясын оқи отырып, асқақ тауларға деген биік құрметті аңғарасың. Мысалы, «Тауды 

аңсадым» өлеңіндегі  

   

         Тауларымды сағындым. 



Тауларымды аңсадым. 

Тұмшалады миымды алуан сағым. 

Тауға шықсам шабытым тұтанатын,  

Кім өшірген жанымның жанған шамын? 

Немесе, «Заңғар мен Зеңгір» өлеңінде 

   


 

Заңғар таулы Зайсаным, 

Заңғарыңды аңсадым. 

Зарлы көлге құйылған, 

Запырандай қанша мұң,  

-дейді.  Тау  қазақ  поэзиясында  ең  алдымен  асқақтықтың,  биіктіктің  белгісі.  Дегенмен 

таудың  іріліктің,  мықтылықтың  да  бейнесінде  қолданылатынын  айтуымыз  керек.  Ұлықбек 

«Таулық  мінез»  өлеңінде  лирикалық  кейіпкер  таудың  тастарымен  күш  сынасады»  дейді 

О.Елубай [4, 58]. 

Қорқасың мен жүзетін долы өзеннен, 

Сенбесең бір қарашы терезеңнен. 

Толқындар тасты аунатып жатқан жоқ па, 

Ал менің жақын досым сол ежелден. 

Сен болсың тауға тұңғыш келген адам, 

Қой деймін, мерт боларсың ерме маған [5, 59б.]. 

Лирикалық  кейіпкердің  бойында  таудың  тасын  қопарған  долы  өзеннің  күші  жатыр. 

Тауларда бар өрлік, биіктік қасиеттері ақын жанымен үндесіп, бірлікте тұтасқандай сезімде 

қаласыз.  

Мына тірлік аз күндік тұрақ маған,  

Ұйқы-күлкі дегеннен жырақтағам. 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

277 



 

Берген қарыз секілді күліп келіп, 

Қайтқан қарыз секілді жылап барам. 

Адамға  берілетін  өлшеулі  өмірдің  тұрақсыздығы,  бәріміздің  де  бір  Жаратқанға 

қайтатынымыз жайлы суреттелген бұл өлеңде, өмір, тіршілік мифтік танымы суреттелген.  

Ата-бабаларымыздың асқақ рухының күші намыста болатын. 

«Қазақтарды  қазақтарға  таныстыру  өлеңінде»  қазақтың  момындығын  әрекетсіздік, 

енжарлық түрінде көрсетеді: 

Қайда бейнет, 

Білмейтін қайда рахат, 

Қарық бопты қатырмас пайдаға қап, 

Мың жасайтын сияқты көреді өзім, 

Қашан болсын укеренау жайбарақат [4, 58]. 

Ақынның  Сүйінбайдың  «Бөрілі  менің  байрағым»  деген  жолдарын  эпиграф  етіп 

жазылған  «Қасқыр  мінез»  өлеңі  қазақтың  көк  бөріге  табынған  түркілік  тегін  аңдатады. 

Қақпанға түскен қасқырдың өз аяғын өзі шайнап үзіп кеткендігі суреттеледі. 

Қарамай қан қақсаған жарасына, 

Аяғын шайнап үзді аласұра. 

Қасқырдың  бұл  әрекетін  сипаттау  арқылы  ата-бабаларымыздың  «түркілердің  қайсар 

мінезі  жырланады».  Азаттық  үшін  өз  жанын  құрбан  ететін  түркілік  тегіміз  осы  өлең 

жолдарынан айқын көрінеді. 

Ұ.Есдәулет  «Қара  шал  мен  Байшұбар»  өлеңінде  қазақтың  тұрмыс-салтының  барлық 

жағы көрініс береді. 

Ақындар  көбінесе  «уақыт»  бейнесін  жиі  жырлайтыны  белгілі.  «Дала»  өлеңінде  уақыт 

туралы басқа қырынан жырланады: 

Дала деген кеңістік қой өр-сайлы, 

Уақыт мұнда қозғалыстан шаршайды. 

Көз байлана киіз үйге кіріп бір, 

Көз шырымын алдыруды аңсайды. 

  

Уақыт бізден, әсте, мұрсат сұрап па? 



Кірсін, қонсын!.. 

«Уақыт байғұс сәл тынығып алсын» деп, 

Малшы алаңдап ұйықтамайды бірақ та [3, 223]. 

Кең далада киіз үйдің тұрғаны жарасымды сурет. Уақытты дала бейнесімен, киіз үймен 

байланыстыру бар. Өлеңдегі «Уақыт мұнда қозғалыстан шаршайды» – тың қолданыс. Уақыт 

деген  кең  ұғымдағы  құбылысты  «дала»  ұғымымен  байланыстырып,  қазақтың  «киіз  үйіне» 

сыйғызып жібереді. Демек, лирикалық қаһарман үшін уақыт – адамға тәуелсіз деген ұғымды 

білдірсе керек. 

Түтеп жатқан қазандық жер ошағы, 

Болған бір кез бұл үйдің қара шалы. 

Тұскиізді, діңгекті, алашалы 

Мұндай үйге кемпір-шал жарасады. 

Үйдегі  ілулі  тұрған  тұмақ,  қамшы,  иесіз  дер  шақша,  кебежедегі  аңсаған  қыл  қобыз, 

күңсіп жатқан қара саба – барлығы дәстүріміздің ұмыт болғанын айтады. Бұл үйдің кемпір-

шалы  дүниеден  өткен.  Олар  барда  бәрі  басқаша-тын.  Көзі  кеткен  соң  шалдың  шұбар  аты 

өзінің жаназасына шалынған. Артында ұлттық дәстүрді жалғастыратын ешкім қалмағандығы 

ұлттық сезіммен жырланады. 

Ақынның  басқа  да  өлеңдерінде  қарттар  қасиетті  ұғым  ретінде  сөз  етіледі.  «Қарт  пен 

қыран»,  «Шал  мен  жаз»,  Шал,  шабындық»,  «Ата-ана»  сияқты  өлеңдер  қазақтың  үлкенді 

құрметтеу салтымыз туралы. 

«Ұлттық мінез өлеңдегі лирикалық кейіпкер арқылы көрінеді. Өз бойында ұлттық рух 

жоқ  ақынның  лирикалық  кейіпкерінен  ұлттық  мінездің  нышанын  көру  қиын.  Лирикалық 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

278 



 

кейіпкердің сомдалуы мен тұлғалану процесі әр ақын поэзиясына байланысты әртүрлі болып 

келеді.  Яғни,  әр  ақын  өзінің  таным-түсінігіне,  ішкі  әлеміне  сай  лирикалық  кейіпкердің 

дүниеге әкеледі. Демек, ол - ақынның дүниені қабылдауының жемісі» [5,  83]. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Ұлттық  мінезді  беру  арқылы  ақын  ұлттық  болмысымызды  ашып  береді.  Ұлттық 

болмыс дегеніміздің өзі – ұлтымызға тән мінез-құлық, салт-сана, ұлттық діл.  

Ұлықбек  Есдәулет  ақынның  поэзиясы  әдеби  дәстүрге  сай  шынайы,  мөлдір  сөздермен 

өрнектелген,  мифтік  қабаттармен  астасқан  ұлттық  қазақи  болмыс-бітімді  толық  ашып 

бейнелейді. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1 Элиаде М. Аспекты мифа. – М.: Academia, 1995. – 240 c 

2 Есдәулетов Ұ. Жұлдыз жарығы.-Алматы: Жазушы, 1977.-214 б. 

3 Ақсұңқарұлы С. Адам-Ата-Һауа ана. –Астана: Қаламгер, 2003.-320 бет. 

4 Есдәулетов Ұ. Киіз кітап.-Астана: Елорда, 2000.-384 б 

5 Оңғарсынова Ф. Адамдық атты талант бар // Парасат, 2005, №3,-38 б. 

 

Г.О.Мурсалим



1

, Қ.Т.Тулебаева

2

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет