Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


Міскін – кедей, сорлы; бишара; бақытсыз деген мағыналарды береді.         «Отырып пәрмән



Pdf көрінісі
бет23/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Міскін – кедей, сорлы; бишара; бақытсыз деген мағыналарды береді.  

 

   



«Отырып пәрмән етер бір үстелде,  

 

   

Осындай кісімсініп өңкей малай» [8, 38].  

 

«Пәрмән» сөзі парсы тілінде екі мағынада қолданылады. 1. Бұйрық. 2. Билік, үстемдік 

[6, 450]. Бұл сөз ертеректе  қазақ тіліне еніп, пәрмен түрінде, пәрмен ету тіркесі құрамында 

парсы  тіліндегідей  қолданылады.  Олай  болса,  мәтінде  пәрмән  сөзі  «өңшең  малай  отырып 

алып, үстемдік етеді» деген ойды беру үшін пайдаланылған. Енді бірде ақын:  

 

   



«Халқына Россия – мейрамы бар,  

 

   

Біз, айтқан пәрмәніне қойдық мойын» [8, 42], немесе,  

 

   

«Болды деп не ғып бұлай ойламаңыз,  

 

   

Шара не бір құдайдан пәрмән болса» [8, 63] –  

деп, «бұйрық» мәнінде қолданған.  

 

  «Дария  болса,  ішінде  садап  болсын,  Ішінде  садабы  жоқ  болған  дария,  Ащы  су  – 



ұрттап  алмас  күні  құрсын!»  [5,  187]  –  дегенде,  «садап»  сөзі  араб,  парсы  түсіндірме 

сөздігінде берілген мағынасына сай қолданылған. Онда «садап» араб сөзі, асыл тас» [6, 490] 

деп түсіндіріледі. Қаламгердің мәтін контексінде қолданған мағынасы түпнұсқа мағынасына 

сәйкес. Сонымен бірге ол садап сөзін бірде түбір күйінде, енді бірде қазақ тіліндегі үндестік 

заңына сәйкес қосымшаны кейінді ықпал ережесі бойынша жалғаған.  



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

15 



 

 

   



«Сөйлесем дүр төгілген тіл мен жақтан» [8, 221].  

 

   

«Парыз дүр және қылмақ халал кәсіп» [7, 177].  

 

М.Ж.  Көпейұлы  қолданысындағы  дүр  сөзі  өте  көне  сөз  болса  керек.  Себебі  өткен 



ғасырлардағы  қазақ  ақындарының  шығармаларында  жиі  кезедеседі.  Мысалы:  Сүйегі  асыл 

дүр  еді  (Қамбар  батыр),  Шешен  жігіт  дүрмен  тең  (Шал  ақын),  Ақылы  асқан  дүр  болар 

(Шортанбай  Қанайұлы),  –Ақылын  айт  осының?  –  деді  дүрім  (Т.  Ізтілеуов).  Қазақ  тілінің 

түсіндірме  сөздігінде  бұл  сөзді  «атақты,  зор,  әйгілі»  [10,  210]  деп  түсіндіреді.  М.Ж. 

Көпейұлы дүр сөзін басқа ақындардан өзгеше мағынада қолданған.  

 

Ғ.  Мұсабаев  дүр  сөзін  көне  жұрнақ  десе, Е. Жұбанов  дүр шылау  формасы, оның  түп-



төркіні  модаль  болуы  тиіс  екенін,  алайда  поэзия  тілінде  бұл  тек  етістікке  жалғанбай,  есім 

сөздермен  де  тіркесіп  келе  беретінін  айтады  [11,  106].  Ал  Р.  Сыздықова:  «ХV-ХVІІ  ғасыр 

поэзиясында дүр варианты басым болғанға ұқайды, кейіннен бұл үлгілер хатқа түскенде -ды, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет