Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет26/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Хесапсыз шашбауына таққан теңге» [7, 110].  

 

М.Ж. Көпейұлы шығармаларында қолданылған орыс сөздеріне келсек, орыс сөздер аса 



көп  кездеспейді.  Қаламгердің  орыс  сөздерін  жиі  қолданбауы,  қолданса  да  қазақ  тілінің 

заңдылығына сай өзгертіп қолдануы оның тіл тазалығына ерекше мән бергендігін көрсетеді. 

Мысалы, бір өлең көлемінде оның мазмұнында баяндалатын кейіпкерлерді таныстыру үшін, 

солардың  айтқан  сөздерін  беру  үшін  орыс  сөздерін  және  орыс  тілі  арқылы  шетел  тілінен 

енген сөздер кездеседі. Мысалы: «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз» атты 

шығармасында  өзі  өмір  сүрген  заманның  келбеті  орыс  сөздері  арқылы  суреттеледі: 



«Манифест  император  берілген  соң,  Қуаттап  әркім  дінін  алған  дағы.  Патшаның  қол 

астында:  поляк,  еврей,  Сарт,  ноғай,  орыс,  қазақ,  армян-дағы;  Чиновник  қырып-жойып 

жүрген  елде;  Протокол  жасаймын  деп  тілмәш  айтар;  Халықты  жексұрын  қып 

болыснайлар,  Оязға  жағымсынып  бипаңдаған;  Штраф  екі  айналсаң  басың  да  деп; 

Начальник  әр  не  қылса мінсіз  болды; Жұмысы  депутаттың  ел  пайдасы,  Думаға  государин 

барғандағы;  Ғаділдік,  ақ  жолымен  туралықта,  Партия  демократ  компания;  Сайлауға 

депутаттар  жиылыңдар,  Оқып  көр  программа  қылған  хатын;  Ингам  деп  медаль,  наград 

ала берді, Өз басы аман, жұртты отқа сала берді; Публик боп бұл манифест шашылса деп; 

Октябрь 17 манифесі».   

 

Ал  «Мұқыш  Жұпарұлы»  өлеңінде:  «Кіргізді  гимназия  мектебіне;  Университет:  заң 



ғылымын  оқу  үшін,  Петербурға  баруға  жүріп  кетті,  Юридический  факультет,  соған 

түсті»  –  деп  кейіпкерінің  ғылым-білім  жолындағы  бейнесін  суреттесе,  әрі  қарай: 

«Председатель  сайланды  сот  басына;  Қызмет  қылмай  жай  жатқан  судьяларды, 

Каталешке  жасатып  жауып  салды;  Қара  жерден  жүргізді  қайық  қылып,  Туралық, 

түзуліктің  пароходын»  –  деп,  елге  оралғн  білімді  жастың  сот  жүйесіндегі  туралық  пен 

әділдікті ту еткен адал қызметін орыс сөздері арқылы бейнелейді.  

 

Қандай көркем туынды болмасын, нақты тарихи жағдайды бейнелеп көрсеттуге қызмет 



етеді.  Әр  дәуірдің  саяси-әлеуметтік,  тарихи-мәдени  ахуалы  оған  өз  әсерін  тигізіп  отырады. 

Мысалы:  

 

   


«Есіктен кіре алмайтын қарашекпен,  

 

   

Орынды қақ жарып кеп алды төрден».  

 

Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде:  «Қарашекпен  зат.  қарап.  Қара  шаруа,  кедей»  [10, 



484]  деген  түсінік  берілген.  Мәтінде  өз  елінде  жер  иелігі  жоқ,  кедей  шаруалардың  патша 

үкімімен  қазақ  жеріне  қоныс  аударуы  туралы  айтылып  отыр.  Сол  шаруалардың,  яғни 

қарашекпендердің қазақтарды өз жерінен шөл аймақтарға ығыстырып, шұрайлы, сулы, нулы 

жерлерін иемденгенін суреттесе, келесі өлең жолдарында олардың келгеннен кейінгі жасаған 

іс-әрекеттері суреттеледі: 

 

   



«Жылқыға керек жерге егін салып,  

 

   

Жер жыртып мұжық қалмас кәсібінен.  

 

   

Жайлауы баратұғын тарылған соң,  

 

   

Айырылды мал да, жан да несібінен.  

 

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет