1-кесте. Саяси поэзиядағы мотив түрлері
Ал ақын Қалқаман Сарин өлеңдерінде саяси сарын тәуелсіздік, егемендік туралы
өлеңдерде көптеп кездеседі. Мысалы:
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған,
Оған да! [5, 136].
Бұл өлеңге арқау болған тақырып – егемендік. Дегенмен, бұдан да саяси символика
аңғарылады. Еркіндікті аңсаған бабаларымыздың аманаты үшін жауапты болу – бүгінгі
ұрпақ парызы. Өлеңге ерекше екпін сыйлап тұрған мына тармақтар:
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
Мұнда азаттықтың халық үшін маңызы, айтулы рөлі қамтылумен қатар, автор
еркіндікті халық келешегімен байланыстырады. Өз жерінде баспанасыз, үйсіз-күйсіз жүрген
ұлттың өз жерінде алшаң басып жүруі мүмкін емес. Елінен пана таба алмай жүрген
халықтың жағдайын меңзейді. Алты алаштың алшаң басып жүруі үшін елінде әділеттілік
орнаса деген ойды көздейтінін де аңғарамыз.
Бастан шіріп балық та тас болады,
Шірікті жеп қоғам да мас болады.
Ұйым, жиын патшаның тонын киіп,
Шаштараздың алғаны бас болады [6, 68], – деген Аманғазы Кәріпжанның өлеңі де
саяси мотивтің сындарлы түріне жатады. Ол билік пен халықтың арасындағы қарым-
қатынастың бір-біріне тәуелділігін өлең арқылы дәлелдейді. Қоғам қандай болса, билік те
сондай, ал билік қандай болса, қоғам да сондай күй кешетінін ақын мысалдармен дәлелдеген.
• Ақын қоғам мен халықты сынайды.
• М.Райымбекұлы
• "Маңырақ"
Сындарлы саяси
мотивтер
• Тектілікті, бабалар рухын жырлау
арқылы мотивация беретін
мотивтер
• Е.Жүніс "Астана метаморфозасы"
Рух беретін мотивтер
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы ISSN 1608-2206 Филология сериясы. № 4, 2019
293
Қазақ қоғамындағы биліктің халықпен санаспай «шаш ал десе, бас алатын» тастай қатты
әректін сынайды.
Жас ақын Ақерке Асанның «Шаңырақ» деген өлеңі көк түркінің еліне арналады. Автор
мұнда тарихи аргументтерге сүйене отырып көк түріктің тарихы мен бүгінгі қазақ елінің
жай-күйін былайша сынап жазады:
Тәңірге Алаш табынған, Айға – бөрі,
Тірлігінің тектілік айғағы еді.
Бөрі айбарын қалдырып бағзы күнге,
Түлкі болған түркінің қайран елі [7, 12].
Бұл тұста ақын қазақтың тектілігін айғақтап, ал қазірде сол тектіліктің қор болғанына
налиды, қынжылады. Қазақтың қазіргі образын ол аллегориялық сипатта «түлкі болған түркі
елі» деп елдегі «сайқал саясатты» сынайды. Ащы болса да, халыққа ой тастайды.
ХХ ғасыр басындағы Мағжан, Міржақып, Сұлтанмахмұт шығармашылығында
қоғамдағы әділетсіздікті өткір сынау сипаты басым болды. Осы ақындардың өлеңдеріндегі
өткірлік бүгінгі ұрпаққа жалғасты.
Қазақ поэзиясына жағымпаздық әрқашан жат болып келді. Тіпті Ресейдің отары болған
кешегі ХХ ғасырда да Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаевтар ойларын жасырмай қазақ
өміріндегі түйіткіл мәселелерді өткір де батыл сынаған болатын. Сондықтан да Қасым
атамыз:
Ей тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы,
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы.-деп, күллі қазақтың рухын әлемге паш еткен болатын. Осы
өлеңінде:
Cap далада сарғайдым,
Қасіретпен шөлдедім.
Мынау қара көзімнен
Сансыз дария жас ақты.
Өз етімді өзіме
Кесіп алып асатты.
Айтып-айтпай, не керек,
He көрмеді бұл қазақ!
Дүние бүгін ұялар,
Айтпа, ойбай, аузың жап.
Сорлы емес ем ежелден,
Қаралы едім, зарлы едім. [8]-деп қазақтың орыс отаршылдығынан көрген азабын
жасқанбай өлеңіне арқау еткен болатын.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда айтып өткендей, саяси мотивтер дені бірде рух, жігер беретін сипатта келсе,
екінші тобы қоғамды сынау, өткен мен бүгінді, қарама-қарсы сипаттарды салыстыру арқылы
бейнеленеді. Сондай-ақ ел мен жер үшін қайғыру, ұлт болашағына алаңдау сарыны көрініс
береді. Бұл сипаттағы мотивтер жыраулар поэзиясынан бастап, ХІХ ғасырдағы
Дулат,Шортанбай, Махамбет, Абай поэзиясында да орын алған болатын.Қазақ поэзиясы ел
мен жер, халықтың әлеуметтік жағыдайын әрқашан өлеңге арқау етіп келеді. Ел мен жер
мәселесіне келгенде қазақ ақындары рухтанады. Барлық күш-қайратын елдің рухын көтеруге
жұмсайды. Жыраулардан бастап ХХ ғасырға дейінгі ақындарды алып қарасақ саяси
өлеңдерде жалтақтық, жағымпаздық жоқ. Кеңестік кезеңдегі партияны жырлаған саяси
өлеңдер қазақ поэзиясынан әлдқашан өшіп қалған өшіп қалған.
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
294
Мақалада келтіріліген мысалдардан қазіргі қазақ поэзиясындағы саяси үдерістің
ықпалы ерекше екені көрінеді. Өйткені қоғамдық мәселе ақындарды, әдебиетті ешқашан бей-
жай қалдырған емес. Әдебиет пен қоғамның егіздігінің мәні де осында.
Байқап қарасақ, саяси мотив қоғамда талқыланып жатқан тектілік, адам мінездеріндегі
өзгешеліктер, ел болашағы, тәуелсіздік секілді тақырыптардан көрінеді.
Ал саяси мотивтердің екі түрлі сипатта келуі заңды. Өйткені бірінші топтағы ақындар
оқырманға оң ықпал ету арқылы түсіндіргісі келсе, ал екінші топ ақындары қазақтың
намысын ояту мақсатымен рухты, екпінді сөз саптайды. Бұл да әр ақынның индивидуалдық
стилі мен әдісіне байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 ЕсембековТ. Әдебитaлдaуғa кіріспе.– Қaрaғaнды: КaрГУ, 1991. – 67 б.
2 Маралтай. Тарпаң. – Алматы: Хантәңірі, 2014. – 286 б.
3 Райымбекұлы М. Асау. – Алматы: Атамұра, 2014. – 176 б.
4 Жүніс Е. Ғаусар. – Астана: Фолиант, 2014. – 258 б.
5 Сарин Қ. Арманымның бейнесі. – Астана: Нұра Астана, 2011. – 192 б.
6 Жанартау. Жас ақындар шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2012. – 192 б.
7 Жаңа ғасыр жырлайды. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – 172 б.
8 Қасым Аманжолов. Ей, тәкаппар дүние! https://abai.kz/p
М.С.Оразбек
1
, Е.Ө.Өмірхан
2
Достарыңызбен бөлісу: |