Компьютерге негізделген коммуникацияның лингвистикалық ерекшеліктері
Компьютерге негізделген коммуникациядағы тілдің ерекшеліктері қандай деген
мәселеде зерттеушілер оны жазбаша тілмен және сөйлеу тілімен салыстырады. Ауызша және
жазбаша тілдің өзіндік белгілері тіл ғылымында анықталған. Сөйлеу тілі уақытқа тәуелді,
динамикалық, уақытша; ой қысқалығы, ойды грамматикалық құрылымдармен бергенде
мейлінше ықшамдап беру, түрлі ым-ишара, эмоциялардың коммуникацияға тікелей ықпалы,
айтушының әңгімелесу барысында өз сөзін өзгертіп, толықтырып, жөндеп алу мүмкіндігі,
айтушының да, тыңдаушының да сөйлесуге бетпе-бет қатысуы, хабардың, ақпараттың
коммуникантқа сол мезетте жетіп, түсінілуі, тыңдаушының реакциясының айқын көрінуі,
сөзді бөліп алу, пікір қосу, т.с.с. белгілер тән. Жазба тіл мекенге тәуелді, статикалық,
тұрақты; коммуниканттар арасында тікелей байланыс жоқ, кейде жазушы мәтіннің
қабылдаушысы кім болатынын біле де бермеуі мүмкін, жазушыдан шыққан хабардың,
ақпараттың қабылдаушысына жетуінде уақыт алшақтығы бар, жазба тілде мәтін бірнеше рет
қайталанып оқылып, өңделе алады, пунктуациялардың қойылуы, тікелей кері байланыстың
болмауы т.с.с.
Компьютерге негізделген коммуникацияның тілі ауызша тілге жата ма, әлде жазбаша
тілдің көрінісі ме деген мәселе біраз зерттеулерде көтеріледі. Бұл сұрақта ғалымдар пікірі
әртүрлі.
Компьютерге
негізделген
қарым-қатынасты
алғашқы
зерттеушілер
коммуникацияның бұл түрінде тілдің қолданысы жазбаша және ауызша тілдің де канондық
ерекшеліктерін қамтиды деген пікірді көп айтты. Компьютерге негізделген қарым-
қатынастағы тілдің қолданысы екеуінің де - сөйлеудің де, жазба тілдің де - белгілерін
қамтиды: бір жағынан, сөйлеу сияқты биресми, синхронды және эфемерлі, екінші жағынан,
жазба тіл сияқты өңдеуге келеді, мәтіндік сипатқа ие және синхронды емес [6, 462].
Ғалымдардың екінші бір тобы компьютерге негізделген қарым-қатынастағы тілді жазбаша
және сөйлеу тілінен бөлек, жеке өзіндік белгілері бар тіл деп дәлелдейді [7, 984; 8, 52].
Олардың ойынша: «Бұл сөйлеу де емес, жазу да емес: ол сөйлеу мен жазудың ерекшеліктерін
жаңа орта жасау үшін икемдеп алған, сонымен қатар ол жазу да, сөйлеу де ешқашан жеткізіп
бере алмайтын басқа да белгілерді қосып алған» [3]. Д.Кристал - интернет тілін жазба және
сөйлеу тілінен бөлек, жаңа тіл деп танитын зерттеуші. Ол: «Интернет бұл екеуінің жай ғана
қоспасы емес, қарым-қатынастың жаңа шынайы бір түрі», - деген қорытынды жасайды [2].
Енді бір көзқарастағы зерттеушілер компьютерге негізделген коммуникацияда жазбаша және
ауызша тілдің арасындағы шек бірігіп бара жатқандығын айтады. Айталық, N.S. Baron
электронды поштаны зерттеген еңбегінде «электронды поштаның жылдам өзгерген әлемінде
орфография мен пунктуациядан гөрі хаттың мазмұны (контенті) маңыздырақ» екенін айтады
және «жазба тіл мен ауызша тілдің шекарасы жойылып бара жатыр» деген қорытындыға
келеді [9, 259]. Компьютерге негізделген коммуникация тілі дәстүрлі сөйлеу мен жазудан
бөлек. Ол сөйлеуден мынадай белгілермен ажырайды: ауызша сөйлеумен салыстырғанда
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
104
синхронды пікірдің аз болуы, сегменттік емес фонологияның болмауы (мұны эмотикондар
арқылы беру талпынысы бар, дегенмен сәтсіз) және синхронды түрде бірнеше
коммуниканттармен байланысқа түсуі (чат бөлмелерде). Компьютерге негізделген
коммуникацияны жазудан ажырататын белгілерге оның динамикалық өлшемін,
хабарламаларды фреймдеу қабілетін, мысалы, электронды поштадағы қиып алу және қою
функциясын, және оның гипертекстуалдылығын жатқызады [10].
Д. Кристалдың интернет тілін өзіндік белгілері бар, ауызша және жазбаша тілден бөлек,
жаңа бір орта деп тануына қарсы пікір білдіретін ғалымдар бар. Олар Netspeak-ке тән деп
атайтын көптеген белгілердің жазбаша тілдің басқа түрлерінде, соның ішінде жеке хаттарда,
жеке жазбаларда және телеграф хабарламаларында бұрыннан қолданылып келе жатқанын
дәлел ретінде ұсынады [11]. Сонымен қатар кейбір белгілер шынымен интернет дискурста
ғана пайда болады дегенімізбен, оларды әрбір интернет пайдаланушысы бірдей қолдана
бермейді [12]. M. Sveningsson компьютерге негізделген коммуникация қарым-қатынастың
біртекті түрі ретінде қарастырылмауы керек деп есептейді. Басқа коммуникациялық орталар
сияқты ол да «әртүрлі стильдер мен жанрларда көрінеді, интернет ортаның типтері арасында
да, ортаның бір типінің ішінде де бір-бірінен ерекшеленеді; оның бірқатар белгілері қандай
технология қолданылғанына байланысты, ал кейбіреулері коммуникацияның мақсаты,
топтау мен субмәдениеттер сияқты адами аспектілермен байланысты» [13, 54]. L. Squires де
тілдің басқа да қолданыстары сияқты онлайндағы тіл де қай форматта не жанрда, айталық
чат, электронды пошта, жылдам хабарлама, блогтар, вебсайттарда т.т., қолданылғанына
байланысты және оның пайдаланушылардың әлеуметтік мінездемесі мен қарым-қатынасына
байланысты түрленіп, өзгеретінін ескертеді [11]. М. Boardman электроника дәуірінде
мәтіндерді не жазбаша, не ауызша деп анықтау қиынға түсетінін айтады. Компьютерге
негізделген коммуникацияның бір типі вебсайтты зерттеген еңбегінде ол вебсайт - жазбаша
қарым-қатынастың кейбір аспектілеріне технологиялық және мәдени қатысы бар электронды
мәтіннің ерекше бір түрі, алайда вебсайттар сонымен қатар ауызша сөйлеумен және
электронды мәтіннің басқа түрлерімен де байланысты [14, 1]. S.C. Herring компьютерге
негізделген дискурсты зерттей келе, оның бірқатар ерекшеліктерін атайды. Дискурстық
хабар алмасулар жазбаша хабар алмасуларға (хаттарға немесе жарық көрген эсселерге)
қарағанда жылдамырақ, алайда ауызша алмасуларға қарағанда әлдеқайда баяуырақ, тіпті
«шынайы уақыт» тәртібінде мәтінді теру сөйлеумен салыстырғанда баяуырақ жүреді.
Сондай-ақ, зерттеушінің пікірінше, компьютерге негізделген коммуникация бірнеше
коммуниканттың бір мезгілде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді, бұл
қатысушылардың бір мезетте бірнеше хабар алмасуларға қатысу қабілеттеріне когнитивтік
шектеуге байланысты қарым-қатынастың басқа орталарында қиындау немесе тіпті мүмкін
емес. Сол себептерден S.C. Herring компьютерге негізделген коммуникацияны жазудан және
сөйлеуден бөлек, кейде екеуінің қосындысы, бірақ қай жағдайда да өзінің шектеулері мен
мүмкіндіктері бар деп сипаттайды [15]. Біздің ойымызша, компьютерге негізделген
коммуникация тілін жазбаша тілдің немесе ауызша тілдің таза көрінісі деуге келмейді. Онда
жазбаша тілдің де, ауызша тілдің де белгілерінің өзгерген түрлері қолданылады. Айталық,
электронды хат стилі жағынан жазба тілге жақын, дегенмен мәтінінде түрлі қысқартулардың
болуы және тыныс белгілердің сақталмауы оны сөйлеуге жақындата түседі.
Компьютерлік ортадағы тіл дәстүрлі жазбаша тілге қарағанда дұрыстығы, күрделілігі
және тұтастығы аздау деген пікір көпшілік арасында кең таралған. Әсіресе, электронды орта
түрлерінде жазбаша тілдің қалыптасқан ережелерін сақтамай, тілді пайдаланушылар әртүрлі
жұмсауына байланысты алаңдаушылық білдірген пікірлер көп болды. Осы түсініктің дәлді
еместігін S.C. Herring өз зерттеулерінде дәлелдейді. Шын мәнісінде, компьютер арқылы
болатын қарым-қатынастағы тілде қалыпты емес белгілер жиі кездескенімен, осы белгілердің
салыстырмалы түрде аз пайызы ғана қалыпты тілдік формаларды ескермеу немесе білмеу
салдарынан болатын қателер екен. Олардың көпшілігі қолданушылардың мәтінді теруді
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы ISSN 1608-2206 Филология сериясы. № 4, 2019
105
үнемдеу, ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін елестету немесе өздерін шығармашылық
жағынан көрсетудегі саналы таңдауларынан болады екен [15, 5].
ҚОРЫТЫНДЫ
Компьютерге негізделген коммуникацияның тілдік мәселелері ағылшын, неміс
лингвистикасында кеңінен зерттелген және әлі де зерттелуде. Бұл тақырып қазақ тіл
ғылымында енді ғана зерттеу нысанына ілікті. Компьютер арқылы жүзеге асатын қарым-
қатынастың
сөйлеу
мен
жазуға
негізделген
коммуникация
түрлерінен
біраз
айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар, әсіресе, тілдік қабатынан көрінеді.
Зерттеушілер бұл ерекшеліктерді дәстүрлі жазбаша тілмен және ауызша тілмен салыстырып,
олармен ортақ ұқсастықтары да, айырма белгілері де барлығын көрсетеді. Ерекшеліктер де,
айырмашылықтар да компьютерге негізделген коммуникация типтерінің өз ішінде әр қилы
көрініс беріп отырады. Жазбаша және ауызша тілдің белгілері қарым-қатынастың
электронды түрінде де көрініс табады, дегенмен оның тілдік қолданысында өзгерген сипат,
сан түрлілік бар. Компьютер және басқа да электронды құралдар арқылы жүзеге асатын
коммуникация адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі ретінде орнықты және ол
бүгінде қарым-қатынастың қажетті әрі жылдам түріне айналып отыр. Оның лингвистикалық
ерекшеліктері қазақ тіл білімінде арнайы кеңінен зерттеуді қажет етеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Crystal D. Internet Linguistics: A Student Guide. - London: Routledge, 2011. – 108 p.
2 Crystal D. Language and the Internet. – Cambridge: Cambridge University Press, 2003. –
256 p.
3 Crystal D. A Language Revolution: from reluctance to renaissance. – Malden, MA: Polity
Press, 2004
4 December, J. Units of Analysis for Internet Communication // Journal of Computer-
Mediated Communication, 1996, 1 (4).
5 Crystal D. The scope of Internet Linguistics. Paper given online to the American
Association for the Advancement of Science meeting, February, 2005
6 Squires L. Enregistering Internet Language Source // Language in Society, 2010, Vol. 39,
№ 4, P. 457-492.
7 Zitzen M., Stein, D. Chat and conversation: A case of transmedial stability? // Linguistics,
2004, 42 (5), pp. 983-1021
8 Crystal D. Language and the Internet. - Cambridge: Cambridge University Press, 2006. -
304 p.
9 Baron N.S. Alphabet to Email: How Written English Evolved and Where It’s Heading. –
Routledge: London, 2000.
10 Baron N.S. Language of the Internet: Ali Farghali, ed. The Stanford Handbook for
Достарыңызбен бөлісу: |