Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


КОМПЬЮТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет95/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

КОМПЬЮТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 

МІНЕЗДЕМЕСІ 

 

Мақалада  компьютер  арқылы  жүзеге  асатын  қарым-қатынастың  тілдік  сипаты 



қарастырылады.  Компьютерге  негізделген  коммуникацияның  тіл  білімінде  жаңа  бағыт 

ретінде  қалыптасуы және  дамуы  шетел ғалымдарының зерттеулері  негізінде  талданады. 

Компьютерге негізделген коммуникацияның табиғаты, оның қарым-қатынастың жаңа бір 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

101 



 

түрі  ретіндегі  тілдік  ерекшеліктері  ашылады.  Компьютер  және  басқа  да  электронды 

құралдар арқылы іске асатын қарым-қатынастың лингвистикалық  мінездемесіне қатысты 

ғалымдардың  әртүрлі  пікірлері  сарапқа  салынады.  Сол  арқылы  компьютерге  негізделген 

коммуникация мен коммуникацияның дәстүрлі түрлері (ауызша сөйлеу тілі және жазбаша 

тіл) арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар ашылады.  

Кілт сөздер: компьютер, коммуникация,интернет лингвистикасы,тілдік қатынас. 

 

КІРІСПЕ 



 

Ақпараттық технологияның дамуының нәтижесінде оның түрлері өмірімізге еркін еніп, 

күнделікті  қарым-қатынаста  қолданысы  артты.  Компьютерден  бастап  түрлі  электронды 

құралдардың  белсенді  қолданылуы,  сонымен  қатар  интернеттің  пайда  болуы  адамдар 

арасындағы  қарым-қатынастың  жаңа  түрін  тудырды.  Тілдік  қатынастың  жазбаша  және 

ауызша  түрлері  енді  түрлі  электрондық  құралдар  арқылы  іске  аса  бастады.  Бұл  қарым-

қатынастың  түрі  ғылыми  зерттеулерде  электронды  қарым-қатынас  (электронды 

коммуникация),  онлайн  қарым-қатынас  немесе  компьютерге  негізделген  қарым-қатынас 

сияқты  атаулармен  аталып  жүр.  Технологиялар  мен  тілдің  қарым-қатынасы  жайлы 

лингвистикалық  зерттеулер  жүргізіле  бастады.  Netspeak  пен  Chatspeak  сияқты  интернетке 

тән  тілдің  өзіндік  ерекшеліктерін  көрсететін  терминдер  пайда  болды.  Бұл  екі  терминнің 

пайда  болуы  да  ақпараттық  технологиялардың  тілге  ықпалын  көрсетеді.  Дегенмен,  осы 

атаулардың  ішінде  компьютерге  негізделген  қарым-қатынас  термині  жиі  қолданылады. 

Аталған  терминге  қатысты  зерттеушілер  пікірлері  де  әртүрлі.  Алдымен  терминнің  атауы 

компьютерге  негізделгендіктен,  кейбір  зерттеушілер  технологияның  қазіргі  дамыған 

заманында  компьютердің  ескіре  бастағанын  айтады.  Компьютерден  басқа  да  электронды 

құралдардың пайда болғанын қарсы дәлел ретінде айта отырып, бұл терминді қолдану қазіргі 

құбылыстың  жалпы  сипатын  бере  ала  ма  деген  сауалмен  қарайды.  Кейінгі  кейбір  тілдік 

зерттеулерде бұған балама ретінде «сандық орта» және «жаңа орта» атауларын пайдаланады. 

Біз компьютерге негізделген коммуникация термині зерттеулерде жиі қолданылатындықтан, 

мақалада осы терминді жұмсауды дұрыс санадық.  

Компьютерге негізделген коммуникация тақырыбы шетел, оның ішінде ағылшын тілді, 

кейіннен  неміс,  орыс  және  тағы  басқа  тілді  зерттеулерде  жеке  зерттеу  нысаны  болып,  әр 

қырынан  зерттеліп  келеді.  Аталған  тіл  білімдерімен  салыстырғанда  қазақ  тіл  ғылымы  бұл 

салада  кешендеу  қалып  жатыр.  Біздің  зерттеуіміз  осы  олқылықтың  орнын  толтыру 

мақсатында жазылды. Жұмыста компьютерге негізделген коммуникацияның табиғаты және 

оның  тілдік  ерекшеліктері  ашылады.  Біріншіден,  жұмыста  компьютерге  негізделген 

коммуникацияның  сипаты  және  оның  қарым-қатынастағы  басқа  да  орта  түрлерінен 

ерекшеліктері  ашылады.  Екіншіден,  компьютерге  негізделген  коммуникацияның 

лингвистикалық белгілері қарастырылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет