Ядро бұл эукариоттық жасушалардың генетикалық ақпараттан тұратыннегізгі құрылымдық бөлігі. Ядро деген сөзді алғаш рет 1833 жылы Браун енгізген. Жасушалық ядро ядролық қабықтан тұрады, ол оны цитоплазмадан бөліп тұрады. хроматин, ядрошық, және синтетикалық белсенділіктегі басқа да өнімдерден, ядролықбелоктыматриксламин менкариоплазмадантұрады.Жасушатүрлерініңформаларыәртүрліформадаболуы мүмкін.(дөңгелек, доғал т.с.с.).
Ядролық материал - хроматин, ДНҚ-дан, гистондар және әртүрлі ядро белоктарынан тұрады. Олар мынадай үрдістерге қатысады: ДНҚ үшін ұстап тұратын кешенді қалыптастыру, ДНҚ арнайы тізбектілігімен байланыстыру, ДНҚ тасымалдануына, репликациясына қатысу; Ядро ішінде ядрошық деп аталатын құрылым бар. Онда ДНҚ жіпшелерінен тұратын хромосомалар мен рРНҚ гендерінің көптеген шоғыры орналасқан және ол ядрошық ұйымдастырушысы болып табылады. Ядрошықтарда рРНҚ тасымалдануы жүреді. РНК-полимераза I және рРНК орамы рибонуклеопротеидті кешендерге бірігеді, одан ары қарай екі басты рибосома суббірліктері болады. (40S және 60Sсубъбірліктер).Ядрошық мөлшері жасушадағы белок өнімінің белсенділігін көрсетеді. Ядрошық мембранамен қоршалмаған. Бұл рибосома бөлшектерінің жиналуы, жиналуүрдісі нәтижесінде түзіледі.
Рибосомасинтезі- бұл ядрода жүретін негізгі үрдіс. Эукариоттық жасушалар шамамен 10 мил. рибосомаларды бір жасуша циклы кезінде қолданып отырады.
Ядролыққабық екі қабатты мембраналық құрылымнантұрады, ол хроматинді қоршап ары қарай эндоплазмалық торға жалғасады. Ішкі қабаты сыртқы мембранадан белок құрамы бойынша ерекшеленеді. Ішкі қабаты ламиндер деп аталады,белоктардың талшықты торабынан құралған. Ол мембрананың бүтіндігі үшін маңызды. Сыртқы мембранаэндоплазмалық тор мембранасына жалғасқан және ол рибосомаларды байланыстыратын белоктардан тұрады.