Халықаралық қатынастарда Бангладеш халықаралық ұйымдармен және ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған теңгерімді саяси бағытты ұстанады. Бангладеш 1974 жылы Британдық Ұлттар Достастығына және Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылды және содан бері 1978-1979 және 2000-2001 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып екі рет сайланды. 1980 жылдары Бангладеш Оңтүстік Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейту үшін аймақтық ынтымақтастық бойынша Оңтүстік Азия қауымдастығын құруда жетекші рөл атқарды. Ұйым 1985 жылы құрылғаннан бері Бангладеш екі рет төрағалық етті.
Климаты
,
Климаты субэкваторлық, муссонды. Жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссондық маусым басталар алдында, сәуір мен мамырда, орташа температура 30ӘС-тан асады, ал ең суық ай қаңтарда 12 – 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм.
Қызық мәліметтер
Бір қызығы олар киімге келгенде өте кірпияз халық болғанымен, көшелері қоқыстан бір арылмайтын көрінеді. Салт-дәстүрді берік ұстанатын бенгальдықтар үйлерін міндетті түрде ұлттық нақышта безендіреді. Бұл елдің кедей тұрғындарының өзі үйлерін сән-салтанатпен өрнектейді. Бұл елде «Уро-кола» сусыны өте танымал. Оның дәмі кәдімгі кола сусынынан ерекше. Сондықтан болар халықтың көпшілігі «Уро-кола» сусынын сатумен айналысады. Бенгалдықтарды нағыз кітапқұмар халық десек артық айтпаған болар едік. Оған себеп көшелерден жиі кезіктіруге болатын кітапхана - автобусты айтуға болады. Қызықты кітаптарға лық толы бұл автобустың жолаушылары барар жерлеріне дейін кітап оқып, жан дүниелерін мол мұрамен байыта отырып жетеді. Бұл елде көше қозғалысын реттеуші бағдаршамдардың пайда болғанына да өте көп уақыт өте қойған жоқ. Әлі де бұл таңсық дүниеге көлік жүргізушілері үйренісе қоймаған секілді. Көшеден бағдаршамды елеп-ескеріп жатқан бірде-бір жаяу жүргінші мен көлік жүргізушілерін көрмейсіз. Көшеде халық өз білгендерінше жүре береді.