Батысында, солтүстігінде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік-шығысында Мьянма Одағымен шектеседі.
Жері 147 мың км². Халқы 149 млн. адам (2007).
Астанасы – Дакка қаласы (3,3 млн.). Мемлекеттік тілі – бенгал тілі, ресми діні – ислам (85%).
Бангладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Халқының басым көпшілігі – бенгалдар (барлық халықтың 95%-ы). Қалған 5%-ға жуығы чакма, могх, гаро, целу, санталдар, т.б. үлесіне тиеді.
Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық жиналыс. Бангладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында орналасқан
Тәуелсіздік күні 26 наурыз 1971 (жарияланды) 16 желтоқсан 1971 (мойындалды) (Пәкістаннан
Президенті Шахабуддин Чуппу Премьер-министрі Шейх Хасина ВазедМемлекеттік дініислам (сүннеттік бағыт)
Тарихы
Қазіргі Бангладеш жерінде алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасында қалыптасып, түрлі империялар құрамына кірді. Бенгалия атауы 10 – 12 ғасырлар шамасындағы деректерге түсті. 13 ғасырдың басына дейін Бангладеш жерінде Гауд, Пал, Сен әулеттері билеген мемлекеттер өмір сүрді. 14 ғасырдың ортасында Бангладештегі Дели сұлтандығының әкімдері тәуелсіздікке ие болды да, Бихара мен Ориссада (астанасы Муршидабад) дербес мемлекеттері орнады.
Ағылшындар Бангладешті 1757 ж. маусымның жиырма үші күні болған Плесса маңындағы шайқастан кейін өз отарына айналдырды. 19 ғасырда отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. Ұлыбританияның1947 ж. Үндістанды екіге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкістан (халқының 98%-ы бенгалдар) құрамына кірді. Шығыс Пәкстандағы ұлттық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар туғызып, 1969 ж.Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья Хан елде тұңғыш рет парламент сайлауын (1970) өткізуге мәжбүр болды. Сол кезде Шығыс Пәкстанға автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шықты. Ұзаққа созылған күрес нәтижесінде 1971 жылдың желтоқсанның он алтысы күні Бангладеш Халық Республикасы құрылды. 1971 ж. наурыздың жиырма алтысын Тәуелсіздік күні деп жарияланды.