ұйымдастыру жоспары Жобаны сәтті іске асырудың ең маңызды факторларының бірі құрылып жатқан кәсіпорынды ұйымдастыру және
тұрақты дамыту жоспарларын жүзеге асыру бойынша алға қойылған міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін тұтас және
тәжірибелі қызметкерлер тобын қалыптастыру болып саналады.
СИП (SIP) панельдер өндірісі үшін 2 адамнан көп қажет болады – жабдық құрамына және СИП панельдерді өндіру
цехінің өнімділігіне байланысты. Қызметкерлердің ешқандай білімі болмаса да жарайды: технология өте қарапайым.
Жабдықты шефмонтаждау барысында желі сатып алынған фирма технологы қызметкерлерді жабдықты қалай дұрыс пай-
далануын үйретеді. СИП панельдерін өндіру барысында ешқандай қорғаныс құралдары қажет емес. Кәсіпорын қызмет-
керлерінің саны бастапқы кезеңде 2 адамды құрайды. Жалақы штаттық кестеге сәйкес. Еңбек төлемінің жылдық қоры 2
400 мың теңгені құрайды.