жұқа киізден жасалған кітапқа жабысқақты тігу жолы. Жұқа киізге жабысқақты кері бетіне немесе тығыздағыш матаға тігуге болады.
1. Бірінші тығыздағыш матаны аппликацияның ішкі жағына қоямыз.
2. Жұқа киіздің ішкі жағына жабысқақты тігеміз.
3. Артық матаны кесіп тастаймыз.
4. Бөлшектерін тігеміз.
Аппликацияларды, түймелерді, бауларды, моншақтарды тігуді аяқтаған соң, басқа айтқанда, беттер дайын болғанда,
жұқа киізден кітаптың өзін тіге бастаймыз.
Тігілген аппликациялары бар жұқа киізді алып, беткі жағымен үстелге қоямыз және синтепон қоямыз. Екінші бетімен
өзімізге беткі бөлігімен жабамыз.
Енді бетті шеткі жағы бойынша тігіп шығамыз, шығып тұрған синтепонды кесіп тастаймыз, сосын беттердің шеттерін
көмкермемен тігін шығамыз.
Айтып кеткендей, жұмсақ кітаптың тысы әртүрлі тәсілдермен жасалына алады.