Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


Маркетинг жоспары және нарықты талдау



Pdf көрінісі
бет231/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

Маркетинг жоспары және нарықты талдау
Қарағанды облысында кәсіби клинингге арналған жуу құралдарының өндірушілері жоқ. Ресей, Қытай және Еуропа-
лық одақтан әкелінетін импорттық жуу құралдары негізгі бәсекелестер болады. 
Өндірілетін өнімнің сапасы РФ өндірілетін өнімнен ерекшеленбейтінін, франшиза бойынша өндірілетін құралдар өз-
дерін оң жағынан көрсеткенін ескере отырып, өнімді бәсекелес бағалар бойынша өткізу жоспарланып отыр, ол компани-
яның  нарықта өз орнын алуға мүмкіндік береді. 
2015 және 2019 жылдар кезеңінде өнеркәсіптілік үшін химикаттарды өндіру секторын дамытудағы мемлекеттік саясат 
қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын кеңейтуге және жаңа кәсіпорындарды құру бағытталатын бола-
ды. 
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, кәсіби жуу құралдарын өндіру цехін ұйымдастыру үшін барлық алғышарттар 
бар. Бұл сала ҚР үшін басымды болып табылады, осы себептен өнімді импортқа жіберу мақсатында жеке өндіріс көлем-
дерін ұлғайту күтілуде. 
Кәсіпорында қызметті ұйымдастыру келесі қағидаларды ескерумен жүзеге асыру көзделеді:
1. қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін үнемі бақылау және оларды жетілдірумен жұмыс жасау;
2. сұранысты қалыптастыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бойынша шаралар кешенін қол-
дану.
Маркетинг  стратегиясы  өнімді  өткізуді  ұйымдастырудан  тұрады.  Өндірілген  өнімнің  негізгі  тұтынушылары  кли-
нингтік компаниялар болатынын ескере отырып, осы компаниялар бойынша коммерциялық ұсыныстарды тарату жоспар-
лануда. Өндірілген өнімге бәсекелес бағаларды, сонымен қатар, тұрмыстық химиядан артықшылықтарын ескере отырып, 
осы компаниялармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық күтілуде. Өнімді өткізудің екінші арнасы мемлекеттік ұйымдар/ірі 
компаниялар жуу құралдарын сатып алуға жүргізетін тендерлеріне қатысу. Өнімнің негізгі тұтынушылары өз қызметінде 
өндірілген өнімді қолданатын клинингтік компаниялар. Тұтынушылардың екінші тобына ұжымдық клиенттерді (бала-
бақшалар, мектептер, ауруханалар, мейрамханалар және қоғамдық тамақтанудың өзге орындары және т.б.) жатқызуға 
болады. 
Жағымды имидж қалыптастыру және брендтің танымалдылығы үшін тиісті тематикадағы сайттарға хабарландырулар 
орналастыру  жоспарлануда.  Сонымен  қатар,  келешекте  сайт,  ғаламтор  дүкенін  құру  жоспарлануда.  Осының  есебінен 
бүкіл Қазақстанның жууыға арналған құралдарының нарығына шығу жоспарланып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет