128
100 ЖОБА 100
ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
жиһазды дайындауға арналған материалдар:
Толтырғыш. Қаңқасыз жиһаздың толтырғышы ретінде (тағам қаптамасы, бірреттік
ыдыс, көбікпласт өндірісі үшін шикізат болып табылатын) көбіктелген полистерол
түйіршіктері қолданылады. Толтырғыштың өзінің сапа сертификаттары және СЭС
сертификаттары бар. Түйіршіктелген көбікті полистирол – ішінде ауамен толтырылған
көптеген жабық ұяшықтар бар сфералық пішіндегі ақ түйіршіктер. Әдетте, түйіршіктер
диаметрі 1 мм бастап 4 мм дейін. Көбікполистиролдың жылуоқшаулау қасиеттері
темірбетон, кірпіш немесе ағаш қасиеттерінен айтарлықтай артып түседі. Көбікті
полистирол биологиялық бұзылуға және көптеген химиялық реагенттердің әсеріне
төзімді, сол себептен жарамдылық мерзімі бойынша шектеулері жоқ. Сондай-ақ,
полистирол микроағзалар, жәндіктер мен кеміргіштер үшін қоректік орта болып
саналмайды. Дәл осы себептен көбікполистирол түйіршіктері қапшық-креслоларды толтырғыш ретінде қаңқасыз жиһаз
өндірісінде кеңінен қолданысқа ие.
Толтырғыштың болжамды шығыны: 400 л = орта өлшемдердегі 1 алмұрт-кресло.
Мата. Оксфорд – су өткізбеуін қамтамасыз ететін және талшықтар арасында кір жиналуына жол бермейтін, полиу-
ретанды жабындысы бар мықты мата. Негізгі сипаттамалары: шикізаттық құрамы – 100% полиэстер; үстіңгі қабатының
қалыңдығы – 135/15 г/м2; 50х200 мм өлшемді мата жолағын кесу жүктемесі: негізі бойынша – 1240 Н/кГс / 1310 Н/кГс;
арқауы бойынша – 1120 Н/кГс / 1100 Н/кГс; жазықтығы бойынша қажалу төзімділігі – 5 000 циклдан астам; су өткізбеуі
– су бағанасының 1000 мм жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: