Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


нарық дамуының болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер



Pdf көрінісі
бет282/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   636
нарық дамуының болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер
Келешекте ет өнімдерін тұтынуға үй қожалықтарының мөлшері, жұмыс жасайтын әйелдер үлесін ұлғайту, халықтың 
жасы, білімі, табысы, көші-қон үрдістері, азық-түлік құны, тұтынушылардың білімділігі және ақпараттануы, денсаулық 
туралы күтімі секілді факторлар әсерін тигізетін болады.
Ет өнімдеріне сұраныс тек қана  тұтынуға байланысты болмайды, сонымен қатар, азық-түлікті сатып алуға қаражат-
тың болуына байланысты болады. Ет және ет өнімдері нарығында табыстарды бұдан әрі ұлғайту барысында келесі өз-
герістер болуы мүмкін. Қосымша ақша тағамның үлкен көлемін сатып алуға жұмсалмайды. Төмен табыстар жағдайында 
бастапқы назар азық-түлік өнімінің бағасы мен көлеміне аударылады. Жоғары табыстар жағдайында өнімнің сапасына, 
әртүрлілігіне, дәм үйлесімділігіне, безендірілуіне талаптар артады.
Қалталы адамдар денсаулық үшін өнімнің ингредиенттеріне, құрамына, табиғилығына және пайдалылығына назар 
аударатын болады.
Ет және ет өнімдері нарығын дамыту стратегиясын іске асырудың екі нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа – инерциялық, онда алдыңғы жылдар үшін статистикалық деректер негізінде анықталатын өсімнің баяу 
қарқындары көзделген.
Екінші нұсқа – аграрлық саясатты белсендіру барысында және мемлекет қолдауымен жаңа инновациялық технологи-
яларды енгізуге, жан-жақты пайдалануға негізделген индустриялық-инновациялық.
      Ет ресурстарын ұлғайту мәселесі ет өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу және сатудың барлық кезеңдерінде олар-
дың қолдағы қорларымен байланысты.
Ет өндірісінің көлемін өсіру жөніндегі іс-шаралар ретінде кеңейтілген мал өсіру, өткізілетін малдың ет өнімділігін 
арттыру, малдың қырылуын төмендету, етті мал шаруашылығын басымды дамыту, асыл тұқымды-тайпалық жұмысты 
жүргізу, азықтандыруды жақсарту және фермадағы қолдағы мал санын оңтайландыру ұсынылады. Ет өңдеу кәсіпорын-
дарында ет ресурстарын ұлғайту қорлары қайталама шикізатты толық пайдаланумен, өнім ассортиментін жетілдірумен, 
өсімдік және жануар тектес ақуыз препараттарын және қаптаманың жаңа түрлерін қолданумен, өндірістің жаңа техноло-
гияларын енгізумен байланысты.
Соңғы жылдары көптеген елдерде белгілі бір аумақтардағы кластерлерге кәсіпорындар біріктірілген. Қазақстанда та-
рихи тұрғыдан туындаған мамандандыруға, табиғи-климаттық жағдайларға, ет өнімдерін өндіру және тұтыну дәстүр-
леріне байланысты ет кластерін құру мүмкін. Оның қызмет ету тиімділігі ет өнімдерінің өндіріс көлемдерінің өсуінен, 
олардың сапасын жақсартуынан, өндіріс шығындарын төмендеуінен және тиісінше, баға өсуінен, инфрақұрылым жақса-
руынан, халықтың жұмыспен қамтылуының және табыстарының өсуінен, сапалы  жаңа деңгейде кәсіпорындардың аса 
тығыз ынтымақтастығынан байқалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет