Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


Маркетинг жоспары және нарықты талдау



Pdf көрінісі
бет300/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   636
Маркетинг жоспары және нарықты талдау. 
Ұсынылған сувенирлік өнімдердің негізгі тұтынушылары Ақмола облысының тұрғындары, сонымен қатар, аумаққа 
келетін туристер. 
Дегенмен, нарық көлемі туралы нақты ақпарат болмаса да, белгілі бір көркемдік құндылығы бар сувенирлер шетел-
дік  туристер,  сонымен  қатар,  қалталы  жергілікті  тұрғындардың  10-20%  арасында  өзінің  сатып  алушысын  табатынын 
сенімділікпен айтуға болады. 
Жоба бастамашысында өнімді өткізудің белгілі бір орнатылған жолдары бар, соның ішінде, тұрақты тапсырыс бе-
рушілері бар. Сонымен қатар, компаниялармен – сувенирлер сатушыларымен өзара қатынасы, мысалы, Астана қ. және 
Бурабай к. супермаркетттері мен қонақүйлерінде сувенирлер бөлімдерімен байланысы бар.
Фирманың бәсекелес ортасын қарай отырып, Ақмола облысында көлемі бойынша сувенирлік өнімдердің кішігірім 
өндірушілері бар екенін атап өту керек. Дегенмен, Қазақстан Республикасында сувенирлік өнімдердің бір ірі өндірушісі 
бар – «Блэк» ЖШС (Алматы қ., Көкшетау қ.). «Блэк» ЖШС – барлық технологияларды сақтауға мүмкіндік беретін өзінің 
өндірістік қуаттылықтары бар, шикізатты жеткізу жолдарын баптаған Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Компания өзінің 
клиенттеріне тіпті ең талғампаз сатып алушылардың қанағаттандыратын сапалы, әдемі, экологиялық таза өнімді ұсынады.  
Өнімнің ұсынылған ассортименті, мүмкіндігінше, нарық сұраныстарына сәйкес келуі керек. Ассортиментті кеңейту 
және  сувенирлік  өнімдерді  арттыру  жеке  кәсіпкерге  тұрақты  оң  имидж  қалыптастыруға  және  сувенирлік  өнімдер  на-
рығында кәсіпорынның мықты позициясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Табыс деңгейі орташа адамдарға қол-
жетімді өнімдердің салыстырмалы арзан бағаларын қолдану осы мақсатқа әсерін тигізетін болады. 
Бастапқы кезеңде осындай ерекше өнімді өткізу үлкен жарнаманы және клиенттерді іздеуге шығындарды талап етпей-
ді. Басында Ақмола облысының ірі дүкендерінің ең көзге түсетін сувенирлік бөлімдерімен жай келісу және өз өнімдерін 
сатуға қою жеткілікті болады.
Бұдан әрі шығарылым көлемі артқан жағдайда өткізуді ынталандырудың нұсқалары болуы мүмкін:
1) БАҚ арқылы жарнамалық кампания;
2) таныстар арқылы тапсырыстар іздеу;
3) дизайнерлерге, кеңселік орталықтарға тарату үшін бүктемелер дайындау;
4) қалталы адамдарға тікелей ұсыныстар;
5) интернет-сайт құру.


154
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет