Жинау және жинаудан кейінгі тазалау. Шабындыққа эспарцетпен араласқан бидайық шөпті жинауға ең қолайлы мерзім – толық масақтану кезеңі. Осы кезең-
де шөптің аса жоғары өнімін және протеиннің шығуын алуға болады.
Тұқымдар. Егу материалы ретінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттік селекциялық жетістік-
тер тізіліміне кіргізілген тұқымдарды қолдануға болады: Қарабалық 202 бидайық шөп сұрпы, эспарцет - Құмды 1251.
Ұсынылған сұрыптар Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайлары үшін тұрақты-жоғары өнімділікті және икемділікті
көрсетеді, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауылша-
руашылық тауар өндірушілерінде сұранысқа ие.
Осы бизнес-идея 2 326 500 теңге көлемінде қарыз қаражатты тартуды көздейді. Несиелік қаражаттар ауылшаруашылық
жабдығын жалға алуға, сонымен қатар, ай сайынғы ағымдағы шығындарды жабуға жұмсалатын болады.