жоба тұжырымдамасы Кез келген маңызды оқиғаның сөзсіз сүйемелдеушісі, сәттің салтанаттылығын атап көрсетуші дәстүрлі түрде гүл бо-
лып табылады. Бүгінгі таңда бір де бір шара, романтикалық кештер онсыз өтпейді. Гүлдер салтанатты кештерде жай бо-
лып ғана қоймайды – олар керемет интерьерлер және ерекше мерекелік атмосфера құруға белсенді қатысады.
Қазақстанда гүл бизнесі келешекті бағыт болып табылады. Егер бұрын Қазақстан гүл бизнесінің тек импорттаушысы
болса, қазір ірі өндірушісіне айналуда. Елде үлкен ауқымдарда гүл шығарумен айналысатын ірі компаниялар пайда болу-
да, олар Алматы қ. «Цветочный мир», Алматы қ. «Глоривэй» ШҚ, сонымен қатар, Алматы облысында ірі кәсіпорындар 19
компания, Ақмола облысында 4 кәсіпорын, Атырау облысында 1 кәсіпорын, Солтүстік Қазақстан облысында 1 компания,
Шығыс Қазақстан облысында 1 компания, Оңтүстік Қазақстан облысында 2 кәсіпорын, Қарағанды облысында 2 кәсіпо-
рын, бұл тауашаның бос екенін және гүлдерді өсіру және оларды сату қызметімен жаңа кәсіпорындардың нарыққа шығу
мүмкіндігі туралы көрсетеді.
Гүл бизнесі туралы айтқанда, кәсіпкерлік бұл түрі әлемдегі ең танымал бестігіне кіретінін атап өтпеске болмайды.
Біріншіден, гүлдер кез келген уақытта және кез келген жағдайларда әрдайым сұранысқа ие. Екіншіден, гүл бизнесі кли-
енттерге гүлдің сыйлайтын жағымды эмоцияларымен байланысты. Бұдан басқа, егер жай сауда нүктесі туралы айтатын
болсақ, бұл бизнес-жобаның өзін өзі ақтау мерзімі барынша қысқа (14 ай).
Қазақстанның Жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша 2016 жылдың басындағы жағдай бойынша 424
гектар жабық жер тіркелген, бұл көлемдерге өнеркәсіптік жылыжай кешендері және шағын жылыжайлар кіреді.
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және дақылдардың алуан түрлерін өсіру барынша тиімді, оның үстіне, бар-
лық тараптар үшін пайдалы бизнес болып табылады.
Үнемі қызмет ететін жылыжай шаруашылығы жыл бойы үлкен табыс алуға мүмкіндік береді (жер қалпына келетін 2
айды санамағанда). Табыстылығы жоғары, өзін өзі ақтау жылдам, өнімділігі жақсы, бұл жылыжай шаруашылығы беретін
барлық артықшылықтар емес.
Егін алқабында және ашық топыраққа дақылдарды өсірумен салыстырғанда, жылыжайларда өсірудің бірқатар ар-
тықшылықтары бар:
- Жылыжайларда өсіру үрдісі климаттық және ауа-райының жағдайларына тәуелді емес;
- Жылу мен ылғалдылық жылыжайдың бүкіл алаңы бойынша тегіс бөлінеді;
- Жылыжай дақылдарды қоршаған ортаның зиян әсерінен қорғайды;
- Жылыжай өсімдіктерін суару таза сумен жүргізіледі.
Заманауи технологиялар бойынша салынған жылыжайлар нарықтың басқа қатысушыларының тарапынан қатаң бәсе-
келестік жағдайларында және өмір сүру үшін өнім өндірушілеріне қажет. Жылыжайларда өнімнің өзіндік құнын төмен-
дету өндіріс шығындарын бір уақытта төмендету барысында өндірілген өнімнің көлемін ұлғайту есебінен жүзеге асыры-
лады.
Көбінесе, жылыжай бизнесін қазіргі кезде елдің оңтүстік аудандарында ұйымдастырады. Нарық ойыншыларының
пікірі бойынша, солтүстік аудандарда газғ жылу және электр қуатының шығындарын көтерудің орнына, өсірілген тауар-
ды оңтүстіктен солтүстікке тасыған тиімдірек.
Дегенмен, ұзақ тасымалдау барысында тауар бұзыла бастайды, сондықтан, өнімнің өзіндік құнын ұлғайтатын қосыша
шығындар туындайды. Осыған байланысты, қалаға жақын жерде жылыжай кешенін ұйымдастыру тиімділігіне талдау
жүргізілді.