Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


осы жобаны іске асыру мыналарға мүмкіндік береді



Pdf көрінісі
бет437/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   636
осы жобаны іске асыру мыналарға мүмкіндік береді:
• Ай сайын 676,8 мың теңге көлемінде табыс әкелетін бизнес құру.
• Жоспарлау кезеңінің соңына шамамен 27 739,9 мың теңге көлемінде кепілденген табыс алу.
• Алматы қаласында жаңа жұмыс орындарын құру.
• Қазақстанда барбершоп қызметтеріне сұранысты қанағаттандыру.
Жоба мақсаты халық саны 1 млн. адамнан көп қалада (Алматы) барбершоп (шаштараз үйін немесе басқаша айтқанда, 
ерлерге арналған шаштараз салонын) ашу. 
Жабық ерлер клубы форматындағы мекеме әйелдер көп жүретін шаштараздардың клиенттері болудан «шаршаған» ер-
лер арасында сұранысқа ие. Барбершоптар танымалдылығының өсуіне ерлердің сыртқы келбетіндегі тенденциялар әсерін 
тигізді. Жастық сәнінің орнына сақал мен мұрт түріндегі атрибуттарымен нағыз еркектік бейнесі келді. Онымен бірге, 
заманауи ерлер өзінің сыртқы келбетіне барынша мұқият қарайды, жиі ерлер косметикасын қолданады, шаш үлгісіне, 
сақалына, мұртына және бет терісіне күтім жасайды.
2018 жылға қарай Қазақстанда қауіпті ұстарамен қырыну, ерлердің классикалық және заманауи шаш үлгілерін, сақал-
ды реттеу, сонымен қатар, ерлер маникюрін, педикюрін қоса басқа қызметтерді ұсынатын шамамен 200 барбершоп пайда 
болған.
Көбінесе табысы «орташадан жоғары» ерлерден тұратын клинеттердің барынша аз санатына қарамастан, бизнеске 
экономикадағы  жағдарысты  құбылыстар  әсірін  қатты  тигізбейтіні  байқалған.  Шаш  алу  және  күтім  ерлердің  міндетті 
шығындары болып табылады. Орташа есеппен ерлер шаштаразға әйелдерге қарағанда 1,5 есе жиі барады және бағалар-
дың көтерілуіне байланысты қызметтерден бас тарту әдеті жоқ. Отандық барбершоптардың тәжірибесіне сәйкес қайтып 
оралатын клиенттер үлесі 65-70% жетеді. 
қызмет сипаты
Барбершоп қызметтерінің негізгі жинағын ерлер шашын алу, сақалға күтім және қауіпті ұстарамен қырыну құрайтыны 
шешілді. Қосымша қызметтердің ішінде стайлинг, ақ шашты камуфляждау, қасты түзету және реттеу болады. Жұмыс 
орнында кем дегенде екі барбер болады, олардың әрбірі күніне 10-15 дейін шаш алады. Барбершоп қызметтер және бос 
уақыт саласының арасындағы шекарада тұрғандықтан, клиенттерге бірқатар қосымша тегін қызметтер ұсынылады. Мы-
салы, X-box ойнау мүмкіндігі, кофе және снектер, Wi-Fi, қыздырғыш ішімдіктер (виски, сыра).
Келешекте келесі бағыттар бойынша қызметтер бағытын ашу мақсаттылығын қарау жоспарлануда: ерлер маникюрі, 
ерлер педикюрі, бетті косметологиялық тазалау және басқа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет