Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


нарықтағы негізгі ойыншылар келесі компаниялар



Pdf көрінісі
бет469/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   636
нарықтағы негізгі ойыншылар келесі компаниялар:
1. Coca-Cola – 45,3%
2. Caspian Beverage Holding – 12,3%
3. RG Brands – 10,6% 4.     
4. Юникс – 10,1%
5. ДальПродукт – 1,9%
6. Басқалар – 19,7%
2018 жыл үшін қазақстандық компаниялар 1,2 млрд литр сусын (2016 жылға қарағанда, 16,5% көбірек) және 544,5 
млн литр минералды және газдалған су (бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,5% көбірек) шығарған. Салыстыру үшін, 2016 
жыл көрсеткіштері алдыңғы жылдан сусындар үшін 9% және ауыз су үшін 18,7% артта қалды. 2016 жыл қорытындылары 
бойынша алкогольсіз сусындардың өндіруші-аумақтары арасында Алматы облысы (ҚР 62,3%), Алматы (ҚР 11,9%) және 
ОҚО (ҚР 8,9%) көш басында болды. Дәл ОҚО минералды және газдалған су өндірісі бойынша ҚР 46,5% абсолютті көш-
басшы болды, бұдан басқа, үштікке Ақмола облысы - 13,5% кірді және Алматы өндірушілері 9,2% қамтамасыз етті. ОҚО 
«Визит» алкогольсіз сусындар зауыты («Легендарный  Байкал», «Мохито», «Буратино», «Арасан  Целебный» минералды 
суы, «Wizoff» ауыз су және т.б.), «Алекс» ЖШС («Алекс Сарыағаш» минералды суы), «Рауан» ЖШС («Aloe Sun», «Oran 
Jus», «Bizon», «Fruit Life» сусындары, «Aquatica» ауыз суы және басқа), «Юникс» ЖШС («Tassay» ауыз суы, «Tastea» 
салқын шайы, «Holiday», «Kazakhstan Cola» сусындары және т.б.) секілді үлкен кәсіпорындар жұмыс жасайды.
Алматы облысының ірі компаниялары ішінде «Galanz Bottlers» АҚ («Maxi Чай», «Laimon Fresh» сусындары, «Torpeda» 
энергетикалық  сусыны,  «Sevens»  ауыз  суы),  «RG  Brands  Kazakhstan»  ЖШС  «Аксенгир»  филиалы  («Lipton  Ice  Tea», 
«7UP»,«Mirinda» сусындары, «Yeti» энергетикалық сусыны, «A'SU» суы және басқа), «Coca-Cola Алматы Боттлерс» Ал-
маты филиалы.
Алматыда сектордың негізгі өндірушілері – «Raimbek Bottlers» компаниясы  («Лимоначчо», «Palma Fruits» сусындары 
және т.б.), «Либелла Боттлерс» («Натура», «Libella», «Extreme Кола» сусындары, «Red & Black Energy» энергетикалық 
сусыны, «Купеческий» квасы, «Veroni» газдалған суы және т.б.), «Обис» компаниясы («Ups», «Фрутик», «Алачай» су-
сындары, «Серебряная» суы және т.б.), «Комета» ЖШС («Calipso» суы, «Calips’ик» балалар ауыз суы), «Рикс Лтд» ЖШС 
(«Dizzy» энергетикалық сусыны), «Vita Bottlers» («Vita» суы) және т.б.
Ақмола облысында «Кокшетауские Минеральные Воды» АҚ («Тұран» минералды суы және шайы, «Qulager-Burabay» 
минералды емдік суының жаңа бренді, «Fru Sky» сусындары) жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет