орыс тілі Бастауыш мектепте орыс тілінің үйірмесі – аса танымал пән үйірмелерінің бірі. Сынып сабақтарынан үйірмеге қаты-
судың басты ерекшелігі – бұл оқушылардың өздерінің қызықты тақырыптарының негізінде құрылатын бағдарлама. Орыс
тілінің үйірмесіне қатыса отырып, балалар грамматика бойынша өз білімін тереңдетеді, аса білімқұмар және жауапты
болады. Әрине, көп нәрсе мұғалімнің орыс тілі үйірмесінің жұмыс жоспарын құруға байланысты болады.
Орыс тілінің үйірмесі балаларға орыс тілінің бүкіл байлығын түсінуге көмектеседі. Сыныптан тыс сабақтарда ор-
фографияны зерттеуден басқа, балалар қызықты үйлестіктерді жүргізуге, дұрыс ұқсастықтарды ойластыруға үйренеді.
Осының арқасында балалар орыс тілінің қаншалықты ерекше және алуан түрлі екенін түсінеді. Сонымен қатар, балалар
ауызекі тілдің мәнерлілігіне назар аударады, ол олардың сөздік қорын жақсы кеңейтеді.
1 сыныпта орыс тілінің қосымша сабақтары әдетте «Қызықты грамматика, 1 сынып» үйірмесі ретінде белгіленеді.
Бастауыш мектептің басқа сыныптарына да қатысты. Бірақ ойын-сауық секілді сабақтар болмайтынын түсіну қажет, қы-
зықты деген – өзекті, қызықтырғыш, еліктіргіш мағынасын білдіреді.
Орыс тілі үйірмесінің жоспары әр сабақ балалардың сөйлеуін дамыту және оқушыларды жаңа біліммен байыту мақ-
сатында жасалуы тиіс. Орыс тілі үйірмесінің мұғалімдері алдарына қоятын басты міндеттерінің бірі – бұл орыс тілінің
байлығына қызығушылықты ояту. Мәнерлі түрде сөйлей бастаған бала – мұғалімнің дұрыс ойластырылған жұмысының
үздік дәлелі.
Маркетингтік амал нарықты талдау және тұтынушылық ниеттерді қалыптастырудың арнайы техникасын пайдалану-
мен тұтынушыға әсер ету әрекеттерінің кең қатарын қамтуда. Нарық сұранысы – оның даму тенденцияларын сипаттай-
тын көрсеткіштерді қамту, себебі нарықтағының барлығы түпкісінде келешекті білумен анықталады. Соңғы жылдары
адамдардың, соның ішінде, біздің қаламыздың тұрғындарының әл-аухаты жақсарды. Сонымен қатар, білім беруге және
білімге сұраныс ұлғайды. Білім беруге және білімге сұраныс ұлғаюымен ұсынылатын қызметтерге талаптар да жоғар-
лады. Сондықтан ең жаңа оқыту әдістемелері мен технологияларын пайдалану қызметтерді тұтынушылардың барлық
халықаралық талаптарына сәйкес келетін, сонымен қатар, білім көлемін арттыра отырып, оның шығындарын төмендете
отырып барынша сапалы қызметтер ұсынуға және білім беру нарығында бекітілуге мүмкіндік береді.
Білім нарығын күшейту және кеңейту үшін қызметтер тұтынушыларын тарту және олар бізге қайта-қайта келгісі ке-
летіндей етуіміз керек. Бұл үшін білім беру орталықтарының санын ұлғайту,қолайлы оқу кестелерін жасау, қажетті сала-
ны оқытуға тапсырыстар қабылдау және қажетті негізгі құралдармен жабдықтау қажет. Қызметтер тұтынушыларының
қолайлығы үшін жеке сабақтарды жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, тұтынушылардың қолайлылығы үшін қызмет-
тердің интернет-жазбасын қосуға болады.
Қызметтер тұтынушыларын тарту үшін оқу орталықтарының жанында қызметтер спектрі көрсетілген стенд жасау,
кәсіпорын және ұсынылатын қызметтер туралы ролик жасау және TV көрсету үшін телевидениені тарту, әлеуметтік же-
лелерге жарнама жариялау қажет.
Маркетинг жүйесінде ерекше орынды кәсіпорынның бағалары, баға қалыптастыруығ баға саясаты алады. Баға сатушы
сатқысы келетін, ал сатып алушы тауарды (қызметті) сатып алуға дайын ақша сомасын білдіретін экономикалық санаттан
тұрады. Баға – күрделі экономикалық санат. Ол әрдайым тұтынушының таңдауын білдіретін негізгі фактор болған. Бірақ
соңғы жылдары тұтынушылық таңдауда баға факторлары, жекелеп алғанда, өткізуді ынталандыру, әртүрлі клиентура
үшін қызметтерді бөлуді ұйымдастыру қарқынды көріне бастады. Баға қалыптастыру үрдісіне көптеген факторлар әсерін
тигізеді. Фирманың маркетингтік мақсаттары мен шығындары біздің қызметтерімізге баға белгілеу үшін тек шамаланған
бағдарлар болып табылады. Соңғы бағаны орнатпас бұрын, фирма сұраныс деңгейін және қарқынын, бәсекелестік сипа-
тын ескереді.
Ашудың бірінші кезеңі – жарнама, екінші кезеңі – телефон арқылы сату, бір ай бұрын жазылу, үшінші кезең – деңгей-
ді анықтау үшін тестілеуге шақыру, оқу бағдарламасы туралы және оқу орталығы туралы тұсаукесер. Соңғы кезең – ең
бастысы, білім беру курстары, тарту, ұстау, кейінгі деңгейлерді жалғастыру.
Кәсіпорын есебінен әдебиет курс құнына кіргізілген, себебі бұл ыңғайлы және бәсекелестер арасында артықшылық
береді. Кесте бекітілетін болады. Барлық жұмыс күндері, қосымша сабақ үшін сенбі, жексенбі, сағат 20.00 дейін.
265
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz