271
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
циналық қызметкерлерінің 80% («сыни масса») астамы халықаралық стандарттар бойынша оқытылды, жедел неонатальді
және педиатриялық жәрдем айтарлықтай жақсарды. Білім мен практикалық дағдыларды бағалау үшін Нұр-Сұлтан мен
Алматы қалаларында республикалық орталықтар ашылды және жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдармен (ДДСҰ, ЮНИСЕФ балалар қоры) бірлесіп аналарды 5 жасқа дейінгі балалар күтімі туралы
ережелер жөнінде хабардар ету бойынша кең ауқымды кампаниялар өткізілді. Жас ата-аналар үшін «0-ден 5 жасқа дей-
інгі жастағы бала дамуының жеке кәртолішкесі» басылып шықты. Медициналық қызметкерлер «0-ден 5 жасқа дейінгі
жастағы баланың физикалық дамуы» деген әдістемелік құрал әзірледі. «Бала жасындағы ауруларды саралап жүргізу»
ДДСҰ бағдарламасын іске асыру шеңберінде 5 жасқа дейінгі балаларға патронажды профилактикалық бақылау жүргізіл-
ді, 600-ден астам дені сау бала кабинеті ұйымдастырылды, онда медициналық қызметкерлер жас балаларға психофизика-
лық скрининг жүргізеді, тамақтану мәселелері жөнінде ата-аналарды оқытады және кеңес береді. Босануға көмектесетін
үйымдардың кадрлармен жасақталуына талдау жүргізілді, онда: акушер-гинекологтар – 89,5%, неонатологтар - 87%,
анестезиолог-реаниматологтар – 84%, орта медициналық қызметкерлер - 84,7% құрады.
Босануға жәрдем беретін қызмет ұйымдарына аудит және бағалау жүргізілді, өңірлік перинатальдық жәрдем деңгейіне
байланысты кезең-кезеңмен қажетті жабдықпен толықтырып жабдықтау жоспарланды. Перзентханаларды медициналық
жабдықпен жарақтандыру деңгейі 69% құрады. Ақмола (56%) және Оңтүстік Қазақстан (57%) облыстарында босануға
жәрдем беретін ұйымдардың жарақтануының пайызы төмен.
Достарыңызбен бөлісу: