Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет548/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

Технологиялық үрдіс
Әртүрлі өндірушілерден кілттер дайындауға арналған жабдықтың көптеген нұсқалары бар: итальяндық, қытайлық, 
ресейлік. Кілттер жасау және оларды кодтау үшін арнайы жабдық қажет. Жоғары сапалы мұндай жабдықты итальяндық 
өндірушілер ұсынады, бірақ бір станоктың бағасы 150 000 теңгеден жоғары. Қытай өндірісінің станоктары  75 000 және 
120 000 теңге аралығында болады, бірақ олардың сапасы төмен және қытайлық жабдық қызмет ету мерзімі бір жылдан 
аспауы мүмкін. Баға мен сапа қатынасы бойынша тағы бір аса оңтайлы балама ресейлік өндірістің жабдығы болып та-
былады. Сонымен, үш станоктан тұратын жинақ 140 000 теңгені құрайды. Бұған қоса, ресейлік станоктарды пайдалану 
бірқатар артықшылықтарға ие. Бірінші кезекте, қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі, қажет болған жағдайда, оларды 
оңай сатып алуға болады.
Ісін жаңадан бастаған кәсіпкер үшін ең жақсы нұсқа – ресейлік өндірістік станокта-
ры,  бағасы  1000$  төмен,  ал  олардың  сапасы  жоғары.  Бұл  жағдайда  кілттер  жасау 
жөніндегі бизнес-жоспар айтарлықтай аз инвестицияларды талап етеді және тез сы-
нып қалған жабдық бөлігіндегі мәселелерден босатады.
Кілттер  әзірлемелерінің  өзіндік  құны  орташа  есеппен  бар  болғаны  50  теңгені 
құрайды. Дайын кілтке үстеме бағаны әдетте 600% жоғары көлемде орнатады. Бір 
кілтті жасау үшін жұмыс күрделілігіне байланысты 1-ден 3 минутқа дейін уақыт ке-
теді.
Айта кететін жайт, кілтті жасаудан басқа әртүрлі, соның ішінде автомобильдік  
құлыптарды жөндеу және сату, құлыптар орнату, пышақтар мен қайшыларды қайрау 
секілді тағы бірқатар қызметтерді ұсынуға болады.
Кілттерді жасауға арналған әзірлемелерді станоктарды өндіруші-фирмалардан алуға болады. Әдетте, оларды бір жет-
кізуші-фирма сатады. 
Үй-жайға қойылатын талаптар. Үй-жай адамдар көп жүретін, өтімділігі жоғары жерде орналасуы тиіс екені сөзсіз. 
Кілттер жасайтін пунктті орналастыру үшін алаңы 5 шаршы метрден аспайтын алаң жеткілікті. Ол кез келген өтімді және 
адамдар көп жерде орналаса алады. Бұл автовокзалдар, т/ж вокзалдары, базарлар, супермаркеттер, дүкендер, авто-базар-
лар және т.б. орналасқан аудандар болуы мүмкін. Әрине, жақын жерде бәсекелестер болмауы тиіс.
Осы бизнес-идея 795 600 теңге көлемінде қарыз қаражатты тартуды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет