Өндіріс жоспары. Технология – бизнестің осы түрінің негізгі бәсекелес артықшылығы сапалы және мерзімінде жасалған өнім. Жиһазды
қаптаудың екі нұсқасын атап өтуге болады: біріншісінде – жұмсақ жиһаз қаптауы тапсырыс берушінің материалынан
жүзеге асырылады, екіншісінде – өз материалдарынан. Екінші тәсіл экономикалық тұрығдан барынша мақсатты және
тиімді болады, себебі көтерме бағамен материалдарды сатып алу осы материалдарды дайын өнім құнына бөлшек сауда
бағаларымен кейінгі есептеуінің арқасында қосымша табыс алуға болады. Жұмсақ жиһазды қалпына келтіру барысында
қаптауды және поролонды ауыстыру қажет. Сонымен қатар, қалпына келтіруге келмейтін бөлшектерді ауыстыру, диван
немесе кресло арқалығының биіктігін төмендету, барлық қажетті жұмыстарды жиһаз жаңа әрі заманауи түрге ие болуы
үшін жүзеге асыру қажет болуы мүмкін.
Клиентке ұсынуға болатын қызметтер тізбесі – жұмсақ жиһазды қалпына келтіру, қаңқалы жиһазды жөндеу, жиһазды
қайта тарту, орындықтарды жөндеу, қаптамалар тігу, механизмдерді жөндеу және ауыстыру.
291
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz