пейнтболдық шар – әдетте, пейнтболға арналған шариктерді дәрі-дәрмек
жасайтын фабрикалар жасайды. Шариктің желатиннен жасалған қабығы және ол
өсімдік негізіндегі уытты емес суда еритін бояумен толтырылған. Пейнтболдық
шариктер үлкен домалақ дәрумендер капсулаларына, шайнайтын резеңкеге немесе
ваннаға арналған ішінде майы бар шариктерге ұқсайды. Жасалатын шариктер
түстерінің гаммасы өте бай: көгілдір, ақшыл қызыл, ақ, қызғылт сары, сары және
көптеген басқа.
Сыртқы қабық нәзік және кедергіге соғылған кезде оның үстіне бояу дақты
қалдырып, жеңіл жарылады. Бірақ сыртқы қабық жай емес – ол 35 сантиметрлік
стволда 0-дан 300 фпс (324 км/сағ) дейін лып беретін екпінге шыдауы тиіс, сосын
шамамен 100 фпс. жылдамдықпен біршама жұмсақ денеге тиіп жарылуы тиіс.
Яғни, капсула төзімді, бірақ нәзік болуы тиіс.
Командалар арасында пейнтболдан жарыстар өткізу жоспарланады. Пейнтболдың жаһандық екі түрі бар: спорттық
және тактикалық.