Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет623/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

98. ВирТуалды шындық Клубы
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаты: Виртуалды шындық клубын ашу үшін аттракциондарды сатып алу. 
Өнімі: Қызметтің негізгі түрі бос уақыт және демалыс саласында ойын-сауық қызметтерін көрсету болады.
Жобаның құны: 19 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 15 ай.
жоба тұжырымдамасы
Осы бизнес-жоспарда VR-Drive Виртуалды шындық клубын ашу үшін  аттракциондарды сатып алу көзделген.
Бүгінгі күні «Виртуалды шындық» деген анықтама тек ғылыми-техникалық жанрдың бағалаушыларында ғана жоғары 
қызығушылық туғызатын ғылыми-техникалық термин болудан қалғанына біраз болды. 
Қазір Виртуалды шындық – бұл ақпараттық технологиялар саласындағы келешегі бар әзірлемелер саласының бірі. Ал 
келешекті болса, ол қалай болғанда да инвесторлардың қызығушылығының объектісі болады, сондықтан Виртуалдылық 
– бұл «қатысу әсерінің» жаңа тәсілдерін жасау және қазір бар тәсілдерін жетілдіру жөніндегі толассыз жұмыстың арқа-
сында көп үміт күтерлік, салмақты пайда әкелуге қабілетті  бизнестің саласы. 
«Виртуалды  шындық»  немесе  «Қатысу  әсері»  қазіргі  әлемде  көптеген  тәсілдер  нұсқалары  мен  құрылғылар  болуы 
мүмкін, бұл 3000-5000 теңгеге сатып алуға болатын қарапайым картон  3D-көзілдіріктен бастап, күрделі бағдарламалық 
қамтамасыз етумен және басқару пульті мен аспалы кресло сияқты қосымша толымдауыштармен жабдықталған Luxery 
сегментінің шлем-масқалары. 
Геймерлік  гаджеттерді  қолдану  салалары  да  көп  –  іскерлік  келіссөздерден  (онда  виртуалды  шындық  жаңа  және 
«Скайп» конференцияларына көпфункционалды балама болып табылады және талқыланатын жобаға әңгімелесу бары-
сында тікелей өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді) және өнім жаңалықтарының тұсаукесерінен бастап, әрине, сауық-са-
уда индустриясына дейін. 
Көптеген тұрғындар тап осы ойын-сауық индустриясы арқылы фантастикалық романдардың нақты іске асуын сезі-
неді. Біз фильмдерді 3D-форматта көреміз және қатысу әсерін қамтамасыз ететін әрі елес әлемін нақты сезінетіндей ететін 
шлемдерді пайдалана отырып, онлайн-ойындарды ойнаймыз. 
Алайда жоғары технологиялардың көптеген табынушылары құмар виртуалды шындық аксессуарлары, үздіксіз жүр-
гізіліп жатқан зерттемелерге қарамастан, бағасы жоғары болғандықтан, орташа статистикалық сатып алушылар үшін әлі 
де қолжетімсіз. Әдеттегі өмірден қашып кеткісі келетін және жаңа сезімдерге бөленгісі келетін адамның қалаған аппа-
ратураны сатып алуға мүмкіндігі болмаса, ол бұл аппаратураны жалға алады, қарапайым сөзбен айтқанда, Виртуалды 
шындық аттракционының клиенті болады. 
Мұндай аттракциондардың бизнес-бағыты бүгінгі күні белсенді дамуда, себебі дәстүрлі ойын-сауық түрлеріне тойған 
тұтынушылар арасында жайылды. Ойдан шығарылған әлемге шомуға қызығушылықты бұл қызмет түрінің жаңалығы 
қамтамасыз етеді. Алайда, клиенттерді жоспарлы түрде таңғалдыруға мүмкіндік беретін ұдайы техникалық әзірлемелерді 
назарға алсақ, монстрлармен бірге үңгірде болуға, тарихтан бұрынғы замандарға баруға немесе жаңа сапалы деңгейде 
сүйікті ойынды ойнауға болатын аттракциондарға қызығушылық жақын арада азаймайтыны анық деуге болады. 
Экономикалық жағынан қарасақ, жоба:
жұмыс орындарын құруға, бұл қызметкерлерге тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді;
• Нұр-Сұлтан қ. халқына бос уақыт және демалыс саласында ойын-сауық қызметтерін көрсетуге;
• Нұр-Сұлтан қ. бюджетіне салықтар және басқа аударымдар түсуіне ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет