Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


жоба бойынша инвестициялық шығындар сметасы



Pdf көрінісі
бет463/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   636
жоба бойынша инвестициялық шығындар сметасы:
№ р/р
баптар атауы 
сомасы, теңге
Үлесі, %
1
Қарыз қаражат 
10 000 000
83%
2
Жеке қаражат 
2 000 000
17%
жалпы 
12 000 000
100%
жоба бойынша шығындар құрылымы:
№ р/р
баптар атауы 
сомасы, теңге
Үлесі, %
Айналым қаражаттарын толтыруға
 
 
1
Айналым қаражаттары
11 500 000
96%
2
Негізгі құралдарды сатып алу
500 000
4%
жоба бойынша барлығы
12 000 000
100%
Өнім сипаты:
Зергерлік бұйым – асыл металлдар мен тастардан жасалған бұйым (сақина, сырға, білезік, алқа, танамоншақ, үстел 
әшекейлері және басқа). Зергерлік бұйымдардың негізгі сипаттамасы бұйымдарды жасайтын шебердің (зергердің) жұмы-
сының болуы.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес зергерлік бұйымдарға көркемдік өңдеудің алуан түрлерін қолданумен, асыл, 
жартылай  асыл,  ұсақ,  түрлі  түсті  тастардан  және  басқа  табиғи  немесе  жасанды  материалдардан  ендірмесі  бар  немесе 
оларсыз, әртүрлі әшекейлер, тұрмыс заттары, табыну заттары ретінде қолданылатын және/немесе безендіру мақсаттары, 
әртүрлі салттар мен ырымдарды орындау үшін асыл металлдар мен олардың қоспаларынан жасалған бұйымдар, сонымен 
қатар, мәртебесі ҚР заңдарына және ҚР Президентінің жарлықтарына сәйкес белгіленген наградалардан және эмиссиядан 
өткен ескерткіш монеталардан басқа, ескерткіш, мерейтойлық таңбалар және басқа таңбалар мен медальдар жатады.
Ежелгі Мысырда зергерлік бұйымдарды жасау үшін негізгі материал алтын болған. Ежелгімысырлық зергерлер оны 
өңдеудің әртүрлі техникалық қолданған, әртүрлі қоспалардың көмегімен оның түсін – ақтан жасыл мен қызғылтқа өзгерте 
алған. Алтын білезіктер, салпыншақтар, алқалар, сырғалар, диадемалар, сақиналар, басқа арналған әртүрлі әшекейлер, төс 
әшекейлері және алқа-мойын жіптер – осының барлығын Ежелгі Мысырда, фараондар жерінде жасаған. Бұйымдарда тек 
металлын емес, сонымен қатар, әдемі түс гаммасын бағалаған, артықшылық ашық, қанық түстерге берілген. Оларды түрлі 
түсті шыныдан (паста деп аталатын) және сердолик, малахит, лазурит секілді  ұсақ-түйек тастардан жасалған ендірмелер-
мен көмкерген. Қазір біз асыл деп санайтын – алмаз, рубин, сапфир тастарды – мысырлықтар білмеген.
Ежелгі еврейлерде әйелдердің басты әшекейі әртүрлі пішіндегі (көбінесе жұлдыздар немесе жарты ай түріндегі) сал-
пыншақтары бары сырғалар болған. Сонымен қатар, мұрын сақиналарын таққан. Маржан, меруерт, түрлі түсті тастар-
дан немесе шыныдан жасалған түйіршіктер немесе түймешелер тізбеленген жүн лентадан тұратын алқалар өте танымал 
болған; кейде лента маталлдан, ал түйіршіктер – сандал ағашынан болған. Ең қымбат алқалар аралары бір бірімен бірік-
кен алтын түйіршіктерден жасалған. Алқаларға жарты ай немесе күн пішініндегі медальондар, әртүрлі амулеттер және 
әтірсуы бар сауыттар ілген. Барлық осы әшекейлерден басқа әйелдер жіліншіктеріне қоңырауы бар алқалар таққан, олар 
әйелдердің баяу әрі бірсарынды қимылдауға мәжбүрлеген, ал жүру барысында әуенді сырдырлайды. Кішкентай қыздар 
шұға бөлшектерінен жасалған әшекейлер (сақиналар және т.б.) таққан. 
Орта ғасырларда зергерлік бұйымдардың негізгі тапсырыс берушісі шіркеу болған. Жиналмалы алтарьлар, араласқан 
тостағандар, әртүрлі сауыттар, иконалар мен кітаптар әлеміштері, әулиелердің бейнелері, Христос өмірінен үзілістер – 
барлық осы сәнді шіркеу заттары сол уақытта жаппай шығарылған.  
Әсіресе  жәдігерлер  ретінде  монастырлар  мен  соборларда  сақталған  кітаптар  әлеміштерінің  әшекейлерін  атап  өту 
керек.  Кітап  әлемішінің  ортасында  және  бұрыштарында  қалқалы  эмальдің  геометриялық  өрнектерімен  толтырылған 
тікбұрышты немесе домалақ пластиналар және әулиелердің эмальді немесе қара бейнелерінің қоршауында нақышталған 
металлдан және піл сүйегінен жасалған бедерлі өрнек бейнеленеді. 
Сол уақыттың зергерлік бұйымдарын безендірудің негізгі құралы эмаль болған. Асыл тастармен бәсекелесе отырып, 
ол заттың  асыл көптүсті беткі қабатының әсерін берген. Эмаль Францияда (әсіресе лимож эмалі танымал болған) және 
Германияда үлкен танымалдылыққ ие болған. Осы елдердің зергерлерінің бұйымдарындағы эмаль әдетте шығыңқы және 
түсімен бір деңгейде жалтыратылған. Эмаль колориті бойынша шұбар және балғын түс гаммасымен ерекшеленген. Кө-
гілдір, көк, ақ немесе жасыл түстің салқын реңкілерін алтын және қызыл өрнектермен әшекейлеген, олардың колоритінің 
тазалығы мен қарқындылығын жұқа нақышталған өрнекпен көмкерілген алтын түспен ерекшелеген. 


235
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Ортағасырлық шеберлердің бұйымдары шығыңқы пішінді тастардың (лағыл, зүбіржат, сапфир, меруерт) көптігімен 
әсер қалдырады, дегенмен тау хрусталі, топаз, аметист, гранат секілді асыл тастармен безендірілген даналары да кезде-
седі. Әкелінген және жергілікті тастар қолмен және кристалдың немесе малтатас жыныстың табиғи пішінін өзгертусіз 
тегістелген.   
Ортағасырлық Еуропа тұрғындарының жеке әшекейлері біздің уақытымызға дейін сақталмаған. Шіркеудің мәжбүр-
леген тақуалық доктринасы – жердегі тіршілік қуаныштарынан бас тарту – дене пішінін көрсетпейтін киімнің барынша 
қарапайымдылығында, әшекейлер көлемін қысқартуда білінген.
XIII ғасырда зиялы және шіркеу феодалдарының костюдерінде асыл тастар көлемі ұлғайды. Ғасыр басындағы бұй-
ымдар пішіндерінің көркемдік қарапайымдылығы мен аңғырт жарықтығы дамыған феодализмнің талғампаз асыл тастар 
талғамынан артта қалады. Сәнге меруертпен және биік үлдір ұяшықтармен көмкерілген айылбастар, алқалар, кең белдік-
тер кіреді. Жақтаулар негіздерін жиі қырылған етіп жасайды, ол тастардың жылтырлауын күшейтеді. Сақиналарды ерлер 
де, әйелдер де таққан.   
Қашалған тастармен жасалған сақиналар мөрлер ретінде және иесі үшін оның дәрежесін білдіру үшін қолданылған. 
Тегіс алтыннан аметист, рубин, сапфир секілді тастармен бірге епископтар үшін сақиналар дайындаған. Шіркеу басшысы 
– Рим Папасының сақинасын – қайықтағы әулие Петр мүсіншелері безендірген. Папа елшілерінің таңбалары ретінде қола 
немесе мыстан жасалған және қымбат емес тасы немесе шынысы және нақыштау тәсілімен жазылған киелі сөздері бар ірі 
сақиналар болған. Елшілер сақиналары және көпестер гильдиялары мүшелерінің ерекше жүзіктері болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет