ағашты қаптай- тын антипирен SIP-панельді өртке қарсы сұрыпқа айналдырады, ол ысыған кезде зиян газдар бөлмей, буға айналады
және тұтану көзін жойғаннан кейін өзінен өзі сөнеді. Жылытқыш ретінде ең тиімді жылытқыштардың бірі болып табыла-
тын көбікполистирол қолданылады – жылу оқшаулау бойынша 10 см кірпіш қалауының 2 метрін немесе 50 см ағашты ал-
мастырады. Ауасыз кеңістікте тұра (СИП-панельдер арасындағы тігістер ауа өткізбейді), бұл көбікпласт көптеген жылдар
бойы өзінің жылу сақтау және төзімділік қасиеттерін жоғалтпайды.
СИП панельдерден жасалған үйлердің өзіндік құны кірпішті баламасымен салыстырғанда кем дегенде үш есе
төменірек. Бұған жалпы өндірісіті арзандату, ауыр іргетас қажеттілігінің жоқтығы, ғимаратты көтеру бойынша құрастыру
жұмыстарының қарапайымдылығы мен жылдамдығы арқасында қол жеткізуге болады. Осылай, құрылыс жұмыстарын
орындау жылдамдығы стандартты әдістемелер бойынша құрылыстан 20 есе асып түседі. Дәлірек айтқанда, үйді көтеруді
бастағаннан кейін бір айдан соң оған көшіп кіре аласыз.
СИП панельдерден жасалған қабырғалар қыста суықтан қорғайды. Бұл қосымша жылытуда және ауабаптағыштарын
пайдалануда қаражат үнемдейді, дегенмен ауаны жеткілікті желдетуін талап етеді. Пайдалану ұзақтығы бойынша СИП
панельдерден жасалған үйлер бірдей салу және тұру жағдайларында кірпіш ғимараттардан артта қалмайды. Сонымен
қатар, төзімділігі бойынша СИП-панельдерден жасалған үйлер ағаштан жасалған баламалардан асып түседі, ал қуатты
сақтау және температура құбылуынан қорғау бойынша олар кірпіш үйлерден артықшылыққа ие.
Материалдың жеңілділігіне байланысты СИП панельдерді тасымалдауды жеңілдетуге болады. Құрылыс барысында
орнату үшін бірнеше құрылысшылардың күші жеткілікті. Бұл ретте СИП панельдерді тасымалдау және көтеру үшін ар-
найы техника қажеттілігі жоқ. Мұндай үйлер сейсмикалық қауіпті аумақтарда тұратындар үшін өзекті. СИП панельдерден
жасалған ғимараттардың сенімді конструкциясы жер сілкіністеріне олардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.