қаржыландыру көзі Қаржыландыру көзі 10 000 000 теңге сомасындағы несиелік қаражаттар болып табылады.
Жобаға инвестициялар салудан әлеуетті пайда: сатылым көлемі, өндіріс шығындары, табыс және өзін өзі ақтау норма-
сы, инвестицияланған қаражаттардың қайтарылымы.
Құрастыру-жөндеу шағын өндірісі жабдықты құрастыру және жөндеуде ғана емес, сонымен қатар, жеке тораптар мен
агрегаттар өндірісіндегі машина жасау бағыттарының бірі. Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологи-
ялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала межелес салаларды дамыту үшін мультипликациялық әсер
береді, халық саны бірнеше рет ұлғаюда, сонымен жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігі қамтамасыз етіледі.
Өнім сипаты Кәсіпкерлерді қымбат емес тіркемелі бұрғылау қондырғыларымен, оларға қажетті құралдармен қамтамасыз ету, со-
нымен қатар, жөндеу және қызмет көрсету. Кәсіпорындар мен тұрғындар үшін әртүрлі механикалық қондырғыларды өн-
діру. Стандартты емес жабдығы, ауыл шаруашылық техникасы, жүк және жеңіл автокөліктері бар шағын цехтерді жөндеу
және қызмет көрсету. Токарлық, фрезерлік, дәнекерлеуші және слесарлық қызметтерді қанағаттандырады.