Маркетинг жоспары және нарық талдауы. Қазақстанда сабын өндіру нарығы барынша жас және ісін жаңадан бастаған бизнесмендерге толық ауқымды және
табысты өндіріс құруға мүмкіндік береді. Олардың негізгі бәсекелестері – үй жағдайларында сапа куәліктерінсіз жұмыс
жасайтын үй сабын өндірушілері.
Сабын өндірісінің өнімін өткізудің бірнеше тәсілдері бар:
• Жеке өткізу нүктесін ұйымдастыру.
• Интернет-дүкендер.
Бизнес көп пайда әкелуі үшін барлық сату жолдарын пайдалану ұсынылады. Бұдан басқа, көтерме сауда фирмала-
рымен де жұмыс жасау керек: сабынды көтерме саудамен жеткізудің бірнеше шарттарының болуы бизнесті дамытуға
және өндіріс көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндірушіге өз брендін қалыптастыру мыңызды – ол үшін біраз
уақыт жұмыс жасау қажет. Осы кезең аяқталған соң, бренд өзінің қожайынына жұмыс істейді және оған табыс және та-
нымалдылық әкеледі.
Бұл үшін брендтің логотипі және фирмалық стилі әзірленуі тиіс. Бұдан кейін сабын туралы ақпарат және өндірушінің
фирмалық стилінің элементтері, түсі және логотипі жазылатын қаптама макеттерін жасау қажет.
Жарнамалық бюджетті жоспарлау танымал брендтермен бәсекелесу көпмиллиондық салымдарсыз мүмкін еместігін
ескеруі тиіс.
Жаңалығы және сапасымен қатар, сабынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші оның бағасы мен сапасы бо-
лып табылады. Өндірістің негізіне салынған заманауи және «арзан» технология:
• төмен (импортпен салыстырғанда) пайдалану шығындары.
• өндірістік үрдістің қалдықсыздығы.
Өнімнің түпкі тұтынушысының пайдасына баға қалыптастыру үрдістерін оңтайландыруға өндіруші және түпкі тұты-
нушы арасындағы буындарды барынша қысқартумен, сонымен қатар, көтерме сауда компанияларына бақылауды орнату-
мен және бірыңғай баға саясатын өткізумен қол жеткізіледі.
Сабын өндірісі нарығында бәсекелестік жоғары емес. Кеңінен жарнамалық компания өткізбеуінше тапсырыстар алу
өте күрделі болады. Сондықтан қызметтерді жылжытуға бюджеттің үлкен бөлігін, әсіресе компанияның қалыптасу ке-
зеңінде жұмсау жоспарланып отыр.
95
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz