Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет202/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

31. Киізден ӨніМдер Өндіру
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: киізден өнімдер жасау.
Қызметтері: тұтынушылар үшін киіз өнімдерін сату.
Жоба құны: 2 847 780 теңге.
жоба тұжырымдамасы
Бизнес-идея  тұтынушыларды  киіз  өнімімен  жабдықтау  үшін  киізден  өнімдер  жасау  қызметін  ұйымдастырудан 
тұрады.
Киіз – қойдың иленген жүні. Ата-бабамыз киіз жасаудың керемет технологияларын ойлап шығарған, жүннің табиғи 
қасиеттерін – жұмсақтығын, жылылығын, икемділігін және төзімділігін дұрыс пайдалана білген. Сарапшылардың айтуы 
бойынша, киіз синтетикалық қоспасыз жүзпайыздық табиғи материал. Оның артықшылықтары өте көп. Одан жасалған 
өнімдер адам денсаулығы үшін пайдалы екендігі медицинада дәлелденген. 
Киізден жасалған өнімдер экологиялық таза, ол заманауи тұтынушы үшін өте маңызды. Киім және аяқ киім өндірісін-
де синтетикалық біртипті материалдардың гүлдену дәуірінде табиғи материалдар халық арасында аса сұранысқа ие. Олар 
қауіпсіз, ұстағанға жағымды, жылдың салқын кезінде жақсы жылытады. Киізден жасалған өнімдер тек қыста ғана сұра-
нысқа ие деп ойлау қате. 
Еуропада табиғи материалдардан жасалған өнімдер үлкен сұранысқа ие, ал жасанды материалдардан жасалған киім-
дерді көбінесе халықтың нашар қамтамасыз етілген топтары киеді.
Статистикаға сәйкес Республикада өзінің сувенирлік өнімі нарықтың тек төрттен бірін алады. Киізден жасалған өнім-
дер көркемдік және тұрмыстық салада үлкен әлеуеті бар және әсіресе ауылды жерлерде табыс көзі және өзін өзі жұмыспен 
қамту құралы бола алады. Жыл сайын қолөнершілердің 60 пайыздан астамы республикалық және халықаралық көрме-
лерге қатысады. Жақын уақытта шеберлер өзбек, қырғыз, ирандық, түрік, қытайлық және ресейлік өндірістің сувенирлік 
өнімдеріне бәсекелестік құруға ниетті.
Киіздің шексіз мүмкіндіктері өте көп. Бұл экологиялық таза материал сәнді киім, аяқ киім, әшекейлер мен интерьер 
заттарын дайындау үшін танымал, жоғары сұранысқа ие шикізат болуы міндетті.
қызмет сипаты
Мақсатты тобы жергілікті халық және туристер болып табылады. 
Киізден күніне келесі өнімдерді шығару өндірісі жоспарланып отыр: 
- Үй шәркесі - 2 жұп (1 жұпқа 500 гр жүн)
- Әйелдерге арналған тауарлар: 
1) сөмкелер – 1 дана (1 бірлікке 400 гр жүн), 
2) қалпақтар – 1 дана (1 бірлікке 350 гр жүн), 
3) мойынорағыштар -1 дана (1 бірлікке 300 гр жүн),  
4) моншақтар -1 дана (1 бірлікке 150 гр жүн).


102
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
- Балаларға арналған ойыншықтар:
1) түйе - 2 дана (1 бірлікке 250 гр жүн),
2) тышқан - 2 дана (1 бірлікке 250 гр жүн),
3) ит - 2 дана (1 бірлікке 250 гр жүн),
- Интерьерге арналған дизайнерлік заттар: 
1) диван жастықшалары – 4 дана (1 бірлікке 600 гр жүн), 
2) тапсырыс бойынша кілемдер -  (1 бірлікке 10-15 кг жүн).
- Монша мен хауызға арналған өнімдер – 2 жинақ (1 жинаққа 800 гр жүн).
Жобаны қалыпты жүзеге асыру үшін киіз өнімдерінің түрлері бойынша орташа есеппен күніне 18 бірліктен жоғары 
немесе жылына 5 400 бірлік өндіріс көлемдері жоспарланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет