жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: Қолдан жасалған әшекейлерді өндіру.
Өнімі/Қызметі: қолдан жасалған әшекейлер.
Жоба құны: 728 468 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 12 ай.
жоба тұжырымдамасы Қолдан жасалған әшекейлер қазір сән шыңында. Оған қоса авторлық әшекейлерді дайындау – бастапқы кезеңде ай-
тарлықтай қаржылық салымдарды талап етпейтін бизнес. Сарапшылардың пікірі бойынша, бүгінгі таңда көпке таралған
өнімдер емес, эксклюзивті сипатқа ие өнімдер сұранысқа ие. Әрқашан қолдан жасалған әшекей бағаланады, себебі хенд
мейд өнімдерінің қайталынбауы осы саладағы табыс құрамдауыштарының бірі. Әшекейлер әрдайым сәнде, себебі әйел-
дер өздерін сәндеп жүреді, ал егер ол шебер қолдан жасаған өнімнің жалғыз түрі болса, тіпті жақсы.