ЭКоМақТаның ереКшеліКТері Экомақта экологиялық таза жылытқыш, сонымен бірге, дыбыс және жылумен оқшаулау үшін тамаша материал бо-
лып табылады. Мысалы, экомақтаны минералды типтес жылытқыштармен салыстырса, онда оның дыбысты оқшаулау
сипаттамалары айтарлықтай жоғары, ал экомақтаның жылу өткізгіштігі – құрылыс нарығында ұсынылған барлық жылу
оқшаулауыштары арасындағы ең жақсысы. Экомақта құрамында тек қана табиғи, ұшпайтын, улы емес және қоршаған
орта мен адам денсаулығына мүлдем қауіпсіз құрамдастар бар. Бұл материал жоғары өртке төзімділікке ие (экомақта
қабаты арқылы өрт майданы шамамен 2 мм/мин жылдамдығымен өтеді). Бұл экомақтаның тым төмен ауа өткізгіштігімен
түсіндіріледі.
Экомақтаның маңызды артықшылығы қабырғалардың, шатырлар мен жабындардың салмақ түсетін конструкциялары-
ның бастапқы сипаттамалары және сапасы сақталуына ықпалын тигізеді. Бұл түрлі микроағзалардың қабырғаларға теріс
әсерін болдырмайды, сонымен бірге, жәндіктер мен кеміргіштердің бұзуынан қабатты қорғайды, артық ылғалдың пайда
болуын бақылайды, ол өз кезегінде шіру және көгеру үрдістерінің болмауына кепілдік беретін көптеген табиғи матери-
алдардың бірі.
Барлық осы ерекше қасиеттер экомақтаны құрылыс нарығында ұсынылған жылытқыштар саласында көшбасшы етеді.
Бұл материал Ресейдің бүкіл аумағы бойынша кеңінен пайдаланылады: экстремалды ауа-райының жағдайлары байқа-
латын елдің орталық және солтүстік өңірлерінде. Бүкіл үйге арналған экстар сапалы заманауи, сенімді, экологиялық
жылытқыш:
• тиімді жылу қорғанысы;
• керемет дыбысты оқшаулау;
• тыныс алады;
• барлық қуыстарды толтырады;
• тігістері жоқ
Экомақта жеке тұрғын үйлердің құрылысында және өнеркәсіптік,
қоғамдық, сауда, ауыл шаруашылық ғимараттарының құрылысында кеңі-
нен пайдаланылады. Экомақта жаңа және ескі үй-жайларды жылыту үшін
өте қолайлы. Экомақтамен жылытылған баспана жоғары ыңғайлылыққа
және жоғары пайдалану сапаларға ие.
Қысқаша:
• Жылытқыш құрамына тек табиғи құрамдастар кіреді.
• Экомақта құрамында денсаулыққа зиян немесе ұшатын химикаттар
жоқ.
• Жылытқышпен жұмыс істеу арнайы білім мен тәжірибені талап етпей-
ді, орнату нұсқаулығын сақтау жеткілікті.
• Экомақтамен жылытылған үй микроклимат ыңғайлылығымен, дұрыс
ауа алмасымен ерекшеленеді, себебі материал ағаш секілді «тыныс алады».
• Экомақта өзі шірімеуіне қарамастан, құрамында табиғи антисептик болғанынан жылыту қабатын көгеруден, саңыра-
уқұлақтардан және кеміргіштерден қорғайды.