Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет369/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   636
Өндірістік жоспар
Жабдық.
Сыпыртқылар дайындау үшін секатор, пышақ және жіп секілді кейбір жеңіл құралдар қажет боладыа. 
Технология. 
Сыпыртқыларды мамыр соңында – маусым басында дайындау керек. Сыпыртқыларды 
тек орманда, орман жиектерінде, ағаш отырғызылған жерлерде дайындау керек, бірақ 
жол бойында дайындауға болмайды! Жолдарда көліктер жүреді, пайдаланылған газдар-
дағы ауыр металдар ағаш жапырақтарына жиналады. Жаңбыр немесе шық тамшылары 
жоқ, тек қана құрғақ сабақтарды кесуге болады, себебі жаңбыр астында кесілген са-
бақтар және олардың ылғалды жапырақтары кептіру барысында бұзылуы және түсіп 
қалуы мүмкін. Сыпыртқылар үшін көбінесе жерге жақын өсетін (бірақ тым төмен емес) 
және бар болғаны 2-3 жастағы сабақтар жарамды. Қайың сыпыртқысы үшін су жанында 
өсетін қайыңды таңдаған жөн. Жас, бір де бір гүлдемеген қайың сабақтары үздік болып 
саналады. Оның жапырақтары нәзігірек әрі жұмсағырақ. Сабақтар жіңішке, ұзын, иіл-
гіш, тіке, салбыраңқы болуы керек. Жапырақтарын емес, жанама өркендерін кесу қажет; бір талдан емес, әрбір талдан 
аздап кесіп алу керек. Сосын бір-екі күн ішінде әзірлемелерді іліп қою керек. Осыдан кейін сабақтарды ұзындығы бойын-
ша сұрыптайды және сыпыртқыларға байлай бастайды. Буға шабынушының бойына және бу бөлмесі төбесінің биіктігіне 
байланысты сыпыртқы ұзындығы 400-600 мм сай таңдалады. Сыпыртқы жасауда жапырақтың жылтыр (күңгірт жағы 
емес)  жағы  сыртқа  қарап  тұруы  тиіс.  Бірінші  барынша  толық  үлкен  сабақтарды,  сосын  жіңішкелерін  жинайды.  Бұл 
жағдайда тұтқасы домалақ болады. Тұтқа қалыңдығын жасауда буға шабынушы қолына брезент қолғап киіп, сыпыртқы-
ны алғанда, ол қолында ыңғайлы әрі тығыз жатуы тиіс. Сыпыртқыны кендір немесе мақта-мата жіппен байлаған жөн. 
Сыпыртқыларды сыммен байлауға болмайды, себебі қызған бу бөлмесінде сым ысиды және қолғапсыз болған жағдайда 
қолды күйдіріп алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет