Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет403/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   636
Өндіріс жоспары.
Технология 
Саңырауқұлақ бизнесінің түрі ретінде аспа саңырауқұлақтарды өсіру үлкен танымалдылыққа ие. Құпиясы өте қара-
пайым: субстрат дайындау және осы саңырауқұлақты өсіру технологиясы қозықұйрыққа қарағанда, жеңілірек және то-
марқұлаққа қарағанда арзанырақ. Аспа саңырауқұлақты ашық кеңістікте немесе үй-жайда өсіруге болады. Екінші жағдай-
да өнімді жыл бойы жинауға болады, сондықтан бизнес мақсаттары үшін әдетте дәл осы әдісті қолданады.
Ең алдымен, сізге үй-жай (жылыжай, жертөле, бөлме, сарай) қажет болады, ол таза әрі құрғақ болуы тиіс. Қабырғалар-
ды және еденді залалсыздандыру үшін хлорлы әк ерітіндісімен тазалау және жақсылап желдету керек.
Бұдан кейін субстратты дайындау қажет. Осы мақсат үшін сабан, қалқанды емес ағаштардың үгінділері, күнбағыз 
қабықтары немесе қысқы егісті дәнді дақылдар қоспалары жарайды. Материалды:
– ұсақтау (қиқымға)
– пастерлеу (ыстық суда булау, сосын суыту).
Осыдан кейін субстратты полиэтилен қапшықтарға (40×80) қабаттап салады, олардың арасына сатып алынған саңы-
рауқұлақ жіршумағы салынады. Осындай блок-қапшықтың салмағы 10-12 кг жетеді. Қапшықтарға әрбір 10-15 сантиметр 
сайын диаметрі 1,5-2 сантиметр тесіктер жасалдаы. Бұдан кейін қапшық байланады және қараңғы бөлмеге 18 – 20 темпе-
ратурасында сөрелерге қойылады.
Аспа саңырауқұлақ өсетін үй-жай арнайы желдетуді және ылғалдануды талап етеді (үй-жайда көмірқышқыл газы жи-
налмас үшін желдету қажет). Үй-жайдағы температура +12 +18 градус, ылғалдылық – 95% деңгейінде болуы тиіс. Жарық 
тәулігіне 12 сағат бойы қажет, бұл үшін күндізгі жарық шамдары жарайды.
Аспа саңырауқұлақтың өсу мерзімі шамамен 3 апта. Соңғы 7 күнде саңырауқұлақтар тауарлық салмағын алады. 10 кг 
субстраттан 3 кг дейін саңырауқұлақ жинау қалыпты, бұл ретте жылына субстратты  4-5 ауыстыруға болады (айына екі-
үш рет). Осылай, «плантацияның» шаршы метрінен жылына 80-100 кг саңырауқұлақ жинауға болады.
Негізгі және басты міндет саңырауқұлақ қалпақшасынан судың булануын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, осы 
үшін  үй-жайды  тиісті  желдету  мен  ауа  тазарту  ұйымдастырылады  (3  т  субстратқа  сағатына  8-10  м3  ауа  қажет).  Осы 
жағдайлардағы бөлме ауасының ылғалдылығы - 55-65% қалыпты деп белгіленеді, саңырауқұлақ блоктарын суару қажет 
емес. Жемістеу кезеңінде бөлмеде 100-180 люкс/ч (200 м2 алаңға 100 Вт 30 шам) жарық қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет