гүл өсіруде биогумусты пайдалану. Гүлдерді құмыраларда өсіруде биогумус өсімдіктердің қоректі заттардың қорымен ұзақ уақыт қамтамасыз етеді, олар
ұзақ уақыт бойы шығарылады. Биогумус өсімдіктің басқа ірі құмыраға отырғызғандағы күйзелісін жеңілдетеді, олар
ауырмайды, тез бейімделіп гүлдей бастайды. Гүл өсіруде биогумусты қолдану бөлме өсімдіктерінің жалпы вегатативті
көлемін және гүлдердің санын арттыруға мүмкіндік береді. Бөлме гүлдерін өсірудегі биогумустың тағы да ең маңызды
қасиеттерінің бірі – негізінен бөлме өсімдіктеріне тән емес құбылыс – гүлдер иіс шығара бастайды, өйткені будандастыру
үрдісінде олар араларды (бөлмеде тозаңдандыру мүлдем болмайды) қызықтыру үшін иіс шығару қабілетінен айрылған.
Биогумусты қолдану өсімдіктің сыртқы пішінін жақсартуға септігін тигізеді – олар ірілене бастайды, жапырақтары әрқай-
сына тән реңкке ие болады.