цифрлық дыбыс жазу – жазылған сигналды кейін тыңдау мүмкін болу үшін оны физикалық жеткізушіде сақтау
мақсатында ұқсас дыбысты цифрлыға қайта айналдыру технологиясы. Аудиодеректерді цифрлы түрде ұсыну, арнайы
құрылғылардың немесе компьютерлік бағдарламалардың – дыбыс редакторларының көмегімен бастапқы материалды аса
тиімді өзгертуге мүмкіндік береді, бұл өнеркәсіпте, медиа-индустрия мен тұрмыста кеңінен қолданыс тапты.
Цифрлы дыбысты тыңдау үшін арнайы жабдықтар, мысалы, музыкалық орталықтар, цифрлы плеерлер, дыбыс кар-
тасы мен орнатылған бағдарламалық жабдықтамасы, аудиоплеері немесе медиаплеері бар компьютерлер қолданылады.
Дыбыстық жазу ырғықтарын цифрлық ұсыну қағидаты айтарлықтай қарапайым: • алдымен ұқсас сигналды цифрлыға өзгерту қажет, бұны құрылғы – ұқсас-цифрлы түрлендіргіш (ҰЦТ) жүзеге асы-
рады;
• алынған цифры деректерді жеткізушіде: магнитті лентаға (DAT), қатты дискке, оптикалық дискке немесе флэш-жад-
та сақтау;
• жасалған жазуды тыңдау үшін, жасалған жазуды цифрлы сигналдан кері түрлендіру және цифрлы-ұқсас түрендір-
гіштің (ЦҰТ) көмегімен цифрлы сигналдан ұқсасқа қайта түрленіру қажет.
Жазу қағидаты бойынша мынадай әдістерді атап көрсетуге болады: • магнитті дыбыс жазу – цифрлы сигналдарды магнитті лентаға жазу жүргізіледі.
Жазудің екі түрі бар:
- жазудың ұзына бойлы-жол жүйесі – онда лента жазатын/жазуды оқитын қозғалмайтын магниттік бастиектер блогын
(DASH,DCC) бойлап жылжиды;
- жазудың көлбеу-жол жүйесі – онда лента айналып тұрған магниттік бастиектер атанасын бойлап жылжиды және
жазу көлбеу жеке жолдарда жүзеге асырылады, бұл жазудың ұзына бойлы-жол жүйесімен салыстырғанда үлкен тығыз-
дықты қамтамасыз етеді (R-DAT, ADAT).
• магнитті оптикалық жазу – жазу магнитті бастиектің көмегімен арнайы магнитті оптикалық қабатқа жүргізіледі және
магниттелу кезінде қысқа уақытта лазермен Кюри нүктесіне дейін қыздырылады (мини диск, Hi-MD);
• лазерлік жазу – жазу лазерлік сәулемен жүргізіледі, ол оптикалық жеткізушінің (компакт-диск, DVD-Audio, DTS,
SACD) жарықсезгіш қабатына шұңқырлар (питтер) күйдіріп түсіреді;
• дыбысты оптикалық (фотографиялық) жазу – жарық ағынының жеткізушінің (кинолентаның) (DolbyDigital, SDDS)
жарықсезгіш қабатына әсер етуіне негізделген;
• дыбысты электронды жеткізушіде жазу – дыбыс деректері жеке компьютердің көмегімен файлдар түрінде түрлі жет-
кізушілерде (қатты дисктер, қайта жазылатын оптикалық дисктер, флэш-карталар, қатты жинақтауыштар) жазылады, бұл
ретте дыбыс форматының жеткізушінің форматына міндетті түрде сәйкес болуына шектеу жоқ.
Цифрлы жеткізушілерде және дербес компьютерлерде дыбысты (музыка, дауыс және т.б.) сақтау үшін, дыбыс сығым-
дылығының, сапасының және деректер көлемінің қолайлы қатынасын таңдауға мүмкіндік беретін әртүрлі форматтар қол-
данылады.
Дербес компьютерлерге және тиісті құрылғыларға арналған файлдардың жалпыға танылған форматтары:
• OGG;
• MP3;
• WAV;
• WMA.
Қазіргі уақытта цифрлық дыбысты жазу дербес компьютерлердің және басқа бағасы қымбат және сапалы аппара-
тураның басқаруымен дыбыс жазу студияларында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «үй студиясы» ұғымы кеңінен
дамыған, онда үй жағдайларында сапалы жазу жасауға мүмкіндік беретін кәсіби және жартылай кәсіби дыбыс жазатын
жабдық қолданылады.