қызметтер сипаты Негізгі бизнес – бұл әрине кілттер дайындау. Бірақ кілттер дайындау жөніндегі бизнес-жоспарға келесі қызметтерді
қосымша қосуға болады:
- пышақтар мен қайшыларды қайрау;
- құлыптар сату және жөндеу, соның ішінде автомобильдік;
- бұғатталған автомобильдік, есік және сейф құлыптарын ашу;
- құлыптар орнату;
- аксессуарлар сату: автомобильдік және есік кілттеріне арналған салпыншақтар, сақиналар және сәйкестендіргіштер
(биркалар), кілттерге арналған қалпақшалар.
Кілттердің өндірісін келесі түрде жіктеуге болады:
- пәтерлерге арналған кілттерді дайындау;
- домофондарға арналған кілттерді дайындау;
- автомобильдерге арналған кілттерді дайындау;
- гараждарға арналған кілттерді дайындау;
- құпиялылығы жоғары кілттерді дайындау;
- кілттерді ұзарту және қысқарту.
Тиісінше кілттердің келесі түрлеріне әзірлемелер қажет болады:
- өзекті (екі құлыпты есіктерге, гараждарға, сейфтерге көп тараған кілттер);
- ағылшын;
- тесілген (басқа атауы – тік немесе лазерлік кертігі бар), олар өз кезегінде қарапайым және интерактивті болып бөлі-
неді (кілт денесіне магнит, жылжымалы пластина немесе шарик және т.б. қосылады);
- финдік (пәтерлерге арналған ең көп таралған кілттер);
- айқасты (мұндай әзірлемелердің ассортименті өте аз);
- автомобильдік, ағылшын типтегі немесе ауқымды болады, сонымен қатар, иммобилайзермен қосымша, дәлірек, чип-
телген;
- жанасушы (домофон «таблеткалары»).