Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


Маркетинг жоспары және жобаны талдау



Pdf көрінісі
бет560/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   636
Маркетинг жоспары және жобаны талдау
Кәсіпорын кез келген көлік құралдарының экстерьері мен интерьерін стильдеу қызметтерін ұсынады. Бұл аэрография 
немесе винильді пленка көмегімен жасалуы мүмкін. Бейне дизайнын, қажет болғанда, тәжірибелі графикалық дизайнер 
тапсырысқа орындайды. Жұмыста клиенттің қалауына сәйкес әртүрлі баға санаттарындағы материалдар қолданылады. 
Дегенмен, тіпті бюджеттік материалдарды іріктеу барысында сапаға қатаң бақылау жасалады. 
Сыртқы келбетін пысықтау қызметтерінің кең номенклатурасын ұсынатын басқа тюнинг-ательеден ерекшелігі, «Но-
вая кожа» тек бейне мен пленка жабыстыруға ғана мамандандырылған. Бұл тапсырыстардың шоғырланған көлемінің 
есебінен қолданылатын материалға аса тиімді кіріс бағаларды алуға, сонымен қатар, штатты аэрограф және графика-
лық дизайнерді ұстауға мүмкіндік береді. Мұның барлығы ұсынылған қызметтер сапасын арттыруға және олардың қол-
жетімділігіне мүмкіндік береді. 
Кәсіпорынның аумақтық орналасқан жері өте сәтті, себебі қала мен өңір халқының ұлттық құрамының ерекшелік-
терінің арқасында мұнда көлік құралдарын кастомизациялауға талпыныс жоғары деңгейде тұр. Қала нарығын қамтып 
қоймай, сонымен қатар танымалдылықтың жеткілікті деңгейінде, жарнамамен қамтамасыз етумен және жиналған клиент-
тер базасымен бүкіл облысты қамту жоспарланып отыр. 
Егер олардың ішіндегі көлік иелерінің кем дегенде 5% өз автокөлігінің келбетін өзгерткісі келсе, әлеуетті клиенттер 
саны 6000 адамды құрайды. Мақсатты топ – 18 және 40 жас аралығындағы ерлер (90%) және әйелдер (10%); табыс деңгейі 
шешуші маңызға ие емес, себебі «Новая кожа» кез келген баға сегментінің шешімін ұсынады. 
Іздестіру жүйелері тиісті сұраныстар бойынша осындай қызметтерді жүзеге асыратын 10 аспайтын тюнинг-ательені 
ұсынады. Болжам бойынша, тағы соншалықты ателье ғаламтор-сайтсыз қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, баламалы қызмет-
терді жалғыз басты шеберлер көрсетуі мүмкін. 
Көптеген тюнинг-ательелер, бірінші кезекте, қозғалтқыштың чип-тюнингін, автокөліктің қалқан желкенебін ұсынады, 
ал графикалық дизайнды қосымша қызмет түрінде ұсынады. Көбінесе бұл оның сапасына теріс әсерін тигізеді. 
Жоба белсенді сатылымдар техникасын қолдануды болжап отырған жоқ. Жобаны іске асырудыі бастапқы кезеңін-
де клиенттерді тарту жаппай жарнамалау, автошоуларға және басқа баламалы шараларға қатысу есебінен жүзеге асыру 
жоспарлануда. Көзге жақсы көріну үшін демонстрациялық үлгі ретінде спорттық дизайндағы, құны 300 000 рубльден ас-
пайтын шетел өндірісінің автокөлігі пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар, автокөліктің қозғалтқыш, жүру бөлігі немесе 
салонының жағдайы маңызды емес, себебі экстерьер стайлингінің мүмкіндіктері көрсетілетін болады. Жарнамалық ша-
раларға қатысу кезеңдерінен басқа уақытта демо-автокөлік қаланың ірі сауда-ойын-сауық орталығында экспонат ретінда 
тұратын болады. 
Ателье қызметтерін жылжытудың маңызды құралы - ұсынылған қызметтер туралы ақпараттан және жалпы стайлинг 
туралы анықтамалық ақпараттан, аэро- және винилография бейнелер каталогынан, портфолиодан тұратын ғаламтор-сай-
ты болып табылады. Бәселестер сайттарының барынша төмен деңгейін ескере отырып, сапалы орындалған сайт клиенттің 
ательеге келу туралы шешім қабылдауына маңызды түрткі бола алады.
Жоба тауашалы өнім ұсынады. Бұл тауашада бәсекелестік деңгейін орташа деп сипаттауға болады. «Новая кожа» 
негізгі бәсекелес артықшылығы оның мамандандырылуында болады, ол негізгі қызметтерге шоғарлануға, сапалы құрал-
дарды пайдалануға, ұсынылған технологияны сақтауға, сонымен бірге, штатта профильді мамандар – аэрография дизай-
нері және суретшісін ұстауға мүмкіндік береді, профильді емес тюнинг-ательелер мұны жасай алмайды; өз кезегінде, 
бұл жұмыстарды орындау сапасына және мерзімдеріне әсерін тигізеді. Сонымен, нарықта тікелей бәсекелестер жоқ деп 
айтуға болады. 
Сондай-ақ, қолданыстағы тюнинг-ательелер баламалы түрдегі баламалы қызметтерді ұсынады. Баға деңгейі – орташа 
есеппен «Новая кожа» қарағанда 10-15% төменірек. Бағаның аса жоғары деңгейі жасалған жұмыстардың аса жоғары са-
пасына, ұзақ кепілділігіне және әрбір клиентке дара тіл табуға байланысты.
Жобаны іске асырудың алғашқы үш жылына арналған жарнамалық жоспардың негізгі міндеті оның жоғары танымал-
дылығын қамтамасыз ету мақсатында бренд ретінде «Новая кожа» сауда белгісін жылжыту болып табылады.


294
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет